Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"жұмыс" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жұмыс" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Жұмыстарыңның жақсы жүруін қаласаң, өз басыңмен әрекет етпе! Ақылдылармен кеңес!
Ілмектер: жұмыс, кеңес, ақыл Фәридуддин Аттар
Менің демалыс және жұмыс күнім болған емес. Мен жай ғана жұмысымды жасадым және содан ләззат алдым.
Ілмектер: демалыс, жұмыс Томас Эдисон
Көптеген ірі компанияларда ойлаудың орнына жұмыс үдерісіне қатты мән береді. Ондай жерлерде сіз өзіңізді үлкен механизмдегі кішкентай бір бұранда сияқты сезінесіз. Шынымды айтсам, бұл жүйе аса ақылды емес, жарытып шығармашылықпен де айналыса алмайтын адамдарға ғана арналған.
Ілмектер: Илон Маск, компания, жұмыс, жүйе, шығармашылық Илон Маск
Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.
Ілмектер: бала, ойын, жұмыс, ересек, адам Антон Макаренко
Жұмыс істе. Аяқта. Жарияла.
Ілмектер: жұмыс Майкл Фарадей
Ешқашан еңбек демалысын алмаңдар. Егер жұмыс ләззат сыйламаса, демек өздеріңе керек емес жерде жұмыс істеп жүрсіңдер.
Ілмектер: еңбек, демалыс, жұмыс Дональд Трамп
Менің ұраным: үздіктерді жұмысқа ал, бірақ оларға ешқашан сенбе.
Ілмектер: ұран, жұмыс, үздіктер Дональд Трамп
Егер сенің бастығың нашар адам болса, онда оны жұмыстан шығарып жібер. Басқа жұмыс тауып ал.
Ілмектер: Дональд Трамп, жұмыс, бастық Дональд Трамп
Бақыт — таңертең жұмысқа баруға асығу, кешке үйге баруға асығу.
Ілмектер: бақыт, бақыт туралы нақыл сөздер, жұмыс, үй Назым Хикмет Ран
Шын ынтамен тындырған жұмыс — тәнге шипа.
Ілмектер: жұмыс, ынта, шипа, тән Уильям Шекспир
Жұмысқа жарап тұрғанымда, мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.
Ілмектер: жұмыс, кәрілік, кәрі Бауыржан Момышұлы
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.
Ілмектер: қазақ, қыз, су, шай, ене, жұмыс Ғабит Мүсірепов
Жұмыскердің білегі,
Ілмектер: жұмыс Иса Байзақов
Жұртшылықтың тірегі.
Жақсы өмір сүру дегеніміз — жақсы жұмыс істеу.
Ілмектер: жұмыс, өмір Николай Лобачевский
Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.
Ілмектер: жұмыс, уақыт, демалыс, есеп, байлық Дональд Трамп
Ауыр еңбек – сіз жасау керек болған, сіз жасамаған жеңіл жұмыстарды жинап алу.
Ілмектер: еңбек, жұмыс, жеңіл, ауыр Джон Максвелл
Егер орындығыңыз жақсы болса, жұмысқа да, басқаға да тез кірісіп кетесіз.
Ілмектер: жұмыс, орындық Роберт Де Ниро
Бас исең шабытқа – абыржу дарытпа.
Ілмектер: шабыт, абыржу, іс, жұмыс Александр Пушкин
Менің ойымша режиссер мен президенттің жұмыстары бір-біріне қатты ұқсайды.
Ілмектер: ой, президент, режиссер, жұмыс Роберт Де Ниро
Әрқашан өз ашуыңыздың себебін анықтай біліңіз. Дегенмен оның жұмысқа қатысы бар болса, тек жағдайдың қаншалықты күрделі екенін білдіреді.
Ілмектер: ашу, жұмыс, жағдай Дональд Трамп
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі