Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (3) Өлеңдер (29) Мақал-мәтелдер (149) Ұлағатты сөздер (74)

Жау — Ұлағатты сөздер жинағы - 4-бет

Бұл бөлімде "жау" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.

Ілмектер: әйел, жаман, жау, үй, той Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ілмектер: әйел, сұлу, жау Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Жауыңды жақсылап танып алсаң, кейін оның досына айналасың.

Ілмектер: жау, дос Маргарет Тэтчер
WhatsApp Telegram

Жарамсақтар — жаудың ең жаманы.

Ілмектер: жау, жарамсақ Тацит Корнелий
WhatsApp Telegram

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасына қуса игі!

Ілмектер: ата, ұл, ұят, жау Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram

Кішкентай жау болмайды.

Ілмектер: жау Бенджамин Франклин
WhatsApp Telegram

Жауға – жалынба, досқа – тарылма.

Ілмектер: жау, дос Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.

Ілмектер: жау, дос, жеңу Авраам Линкольн
WhatsApp Telegram

Жау десе - жалынбаймын, дос десе - тарылмаймын.

Ілмектер: жау, дос Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.

Ілмектер: жау, жамандық Білге қаған
WhatsApp Telegram

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Ілмектер: жау, өмір Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өз жауыңды кешіргеннен артық атақ жоқ.

Ілмектер: жау, атақ, кешіру Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram

Әскери өнердің құпиясы: керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты бола білу.

Ілмектер: әскер, өнер, уақыт, жау, құпия Наполеон Бонапарт
WhatsApp Telegram

Жауыңмен жарықта жүргеннен, досыңмен қараңғыда жүрген жақсырақ.

Ілмектер: жау, достық Хелен Адамс Келлер
WhatsApp Telegram