Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.
Ілмектер: ел, тіл Халел Досмұхамедұлы
Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек».
Ілмектер: жұрт, тіл, қазақ, қырғыз Міржақып Дулатұлы
Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.
Ілмектер: сөз, ой, тіл Жүсіпбек Аймауытов
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Ілмектер: тіл Мағжан Жұмабаев
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!
Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.
Ілмектер: сабақ, тіл, ереже, жаттау Ахмет Байтұрсынұлы
Тіл - қылыштан да өткір.
Ілмектер: тіл, қылыш, өткір Жүсіп Баласағұни
Тіл өнері дертпен тең.
Ілмектер: өнер, тіл Абай Құнанбайұлы
Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.
Ілмектер: тіл, ән Ғабит Мүсірепов
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын.
Ілмектер: ұлт, рух, тіл, құқық Мұстафа Шоқай
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Ілмектер: ана, тіл, тарих Бауыржан Момышұлы
Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардан да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі «Тіл – құралы» екенін ұмытпасқа керек.
Ілмектер: тіл, қазақ тілі Міржақып Дулатұлы
Көне сөздің бәріне күмәнді қарауға болмайды. Тіл – халықтың перзенті, ол адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Заманның талаптарына сәйкес әр уақытта жаңа сөздер пайдаланудан шығып қалып отырады. Сонымен қатар өзінің бастапқы мағынасын өзгертіп, жаңа мағынаға ие болатын сөздер де кездеседі. Бұл – барлық тіл атаулыға тән құбылыс.
Ілмектер: сөз, тіл Мұстафа Шоқай
Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады.
Ілмектер: жат сөз, сөз, тіл Халел Досмұхамедұлы
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
Ілмектер: жаман, тіл, жау Шалкиіз Тіленшіұлы
Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек.
Ілмектер: қазақ тілі, тіл Міржақып Дулатұлы
Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған.
Ілмектер: тіл Жүсіпбек Аймауытов
Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Ілмектер: ана тілі, тіл, әдебиет, тіл туралы қанатты сөздер Мұхтар Әуезов
Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.
Ілмектер: ана тілі, тіл Нұрсұлтан Назарбаев
Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.
Ілмектер: ел, тіл, мәдениет Халел Досмұхамедұлы
Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.
Ілмектер: ел, тіл, дін, тарих, халық, намыс Әбіш Кекілбаев
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
- Антон Чехов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі