Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2910)

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

Ілмектер: Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, ой, ғылым, өтірік, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Сән — ырыққа көнетін індет.

Ілмектер: сән, ырық, індет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Нашар фильмге түсу — мәңгіліктің бетіне түкіргенмен бірдей!

Ілмектер: фильм, нашар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәңгілік Фаина Раневская

Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.

Ілмектер: Ақыл, қайрат, жүрек, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Мемлекеттің күштілігі мен қуаттылығы онда өмір сүретін жақсы адамдардың санына байланысты.

Ілмектер: мемлекет, қуат, күш, адам, сан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Өнер — жанның табан ет, маңдай термен сығып алған шырыны.

Ілмектер: өнер, маңдай тер, жан, шырын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Мынадай тамаша ауа-райында жерде тастап кеткен адам — нағыз ақымақ!

Ілмектер: тамаша, ауа-райы, жер, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт

Бет-пошымын айтып шағымданатындар көп те, ақылын алымсынбайтындар — жоқ.

Ілмектер: ақыл, бет, шағым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Ең ұлы өнер — барша мақұлықтың жаратылысы, тән мен жан, әсіресе, жан.

Ілмектер: өнер, жаратылыс, мақұлық, тән, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Кей адам бүгiн тату, ертең қату
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.

Ілмектер: татулық, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Қызыл кітапқа кірген жануарлар аз да, дәмді, пайдалы тағам туралы Кітапқа енгендері — өте көп.

Ілмектер: қызыл кітап, жануар, дәмді, пайдалы, тағам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Кештен еш жақсы.

Ілмектер: кеш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.

Ілмектер: жақсы, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Шалағай көзқарасты қанағат тұтпа.

Ілмектер: көзқарас, қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Шатақ мінезді болғаннан гөрі қарапайым болу әлдеқайда қиын.

Ілмектер: шатақ, мінез, қарапайым, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Жалғыздық — үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы.

Ілмектер: Жалғыздық, үй, телефон, сағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!

Ілмектер: адал, нақыл, дос, афоризм, жау Төле би Әлібекұлы

Өнердің кереметтігі — ештеңені ашып айтпасаң да, бәрін астарлап жеткізуде.

Ілмектер: Өнер, керемет, астарлап айту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

Ілмектер: ел, билік, тақ, абырой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы

Құлдық сананың белгісі — параға сатылу.

Ілмектер: құл, құлдық сана, сана, белгі, пара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин