Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "сенім" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.
Ілмектер: қазақ, жастар, сенім, азамат Сұлтанмахмұт Торайғыров
Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!
Ілмектер: бақыт, тілек, сенім Дінмұхамед Қонаев
Алданып қалғаныңнан гөрі досыға сенбегендігің - масқаралық.
Ілмектер: алдану, масқара, сенім, сенбеу Франсуа де Ларошфуко
Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды.
Ілмектер: мұғалім, сенім, оқу Дмитрий Менделеев
Өзіне-өзі сенбеген жанның жақ ашпағаны жөн.
Ілмектер: сенім Франсуа де Ларошфуко
Бойыңыздағы сенімсіздікті жою үшін өзіңізді әрдайым сенімді ұстаңыз.
Ілмектер: сенім, сенімсіздік Сергей Довлатов
Біз өзіміздің аяулы қасиеттеріміз жайында неғұрлым көп айтсақ, соғұрлым оған жұрт аз сенеді.
Ілмектер: қасиет, жұрт, сенім Пьер Бошен
Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.
Ілмектер: сенім, дауыс, шешім Пауло Коэльо
Сеніңіздер, сенім бізді сақтаған.
Ілмектер: сенім Александр Пушкин
Өзіне сенбеу – біздің көптеген сәтсіздіктеріміздің себебі.
Ілмектер: сенім, сәтсіздік Кристиан Боуви
Сенімсіз - иман жоқ.
Ілмектер: дін, иман, сенім Шәкәрім Құдайбердіұлы
Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі.
Ілмектер: махаббат, ұлы, қуат, сенім Ілияс Есенберлин
Оптимизм жетістікке әкелетін сенім. Сенім және үмітсіз ештеңе болуы мүмкін емес.
Ілмектер: Сенім, Оптимизм Хелен Адамс Келлер
Егер сіз бірдеңені жасауға қауқарлымын немесе қауқарсызбын деп ойласаңыз — екі жағдайда да сіздікі дұрыс.
Ілмектер: іске асыру, сенім, жағдай Генри Форд
Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
Ілмектер: адам, ой, сөз, сенім Бернард Шоу
Саған шынымен ең жақын адам - ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам.
Ілмектер: сенім, махаббат Федор Достоевский
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі