Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Өмір алғашқы 40 жылда бізді оқулықпен оқытады, сосын кейінгі 30 жылда соған түсініктеме берумен болады.

Ілмектер: өмір, оқу, жыл, түсініктеме, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Парасаттылар өз өмірінен лаззат алады, бос уақытын дұрыс игереді. Ақымақтар бос қалуға төзбейді. Бос уақыт оларды зеріктіреді. Сондықтан олар пайдасыз ойынмен көңіл аулап, уақыттық рахатқа салынады.

Ілмектер: парасат, өмір, уақыт, ақымақ, зерігу, пайдасыз, ойын, рахат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де зор өтірік айтып, өз бетпердесін (маска) өзі ашатын болады.

Ілмектер: шын, күдік, сенім, сену, жүрек, өтірік, маска, бетперде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Баянды нәрсе байлық емес, адамдық қасиет.

Ілмектер: байлық, қасиет, адам, баяндылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Күту жалқаулардың сылтауы, жалқаулықтың жасырынбақ ойнауы.

Ілмектер: күту, жалқау, жалқаулық, жасырынбақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Адам істеуге тиістіні істей алады, бірақ қажетсінгенінің бәрін ала алмайды.

Ілмектер: іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қажет Артур Шопенгауэр

Дүниедегі роза гүлдерінің бәрінде тікен бар. Егер қолыңды жаралаудан қорықсаң, роза гүлінің хош иісін иіскей алмайсың.

Ілмектер: дүние, роза, гүл, тікен, қол, хош иіс, иіскеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Кітап оқу басқалардың миымен ат жарыстыру; ойланып-толғану өз атыңмен өзің зымырау.

Ілмектер: кітап, оқу, ми, жарыс, ойлану, толғану, зымырау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

Ілмектер: аяқ, саты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Артқы аяғынан ұстағанда пiл жұлқынатын болса, ең дұрысы — қоя беру.

Ілмектер: піл, аяқ, жұлқыну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Авраам Линкольн

Тек кітаптан алатын білім болады, ол бейне жасанды аяққа, балауыз мұрынға, жапсырған теріге ұқсайды. Ал, дербес ой жүгірту арқылы алған білім біздің табиғи екі аяғымыз секілді, тек сол ғана шындап өзіміздікі.

Ілмектер: кітап, білім, бейне, аяқ, мұрын, балауыз, тері, ой, дербес, табиғи, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап - мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады.

Ілмектер: сабақ, оқушы, мектеп, кітап, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Басқалардың сөздерiн қайталау олардың мағынасын түсiнгендi бiлдiрмейдi.

Ілмектер: сөз, қайталау, мағына, түсіну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми

Кез келген жоғалту — тауып алу. Кез келген тауып алу — жоғалту.

Ілмектер: жоғалту, тауып алу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми

Сен маған сөз дәрменсiз дедiң. Осы айтқаның рас болса, бұл тек сөздiң дәрменсiздiгi туралы сенiң сөзiңнiң дәрменсiздiгiн бiлдiредi.

Ілмектер: дәрменсіз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми

Айнада, өзiмiз бiлетiндей, бәрi керiсiнше. Бiрақ онсыз бiз ешқашан өзiмiздi көрмес едiк.

Ілмектер: айна, керісінше, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми

Достыққа дұшпандық қылған адам оңбас.

Ілмектер: достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми

Біз Ақиқатты құмарпаздық ойынына салумен келеміз. Бәлкім, адамзат қауымы дәл осыдан опық жер. Жә, одан келер-кетер не бар дейсің?!

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қауым Фридрих Ницше

Егер жауың байқалмаса, босаңсыма, жел де көрiнбейдi, бiрақ шырақты өшiредi.

Ілмектер: жау, босаңсу, жел, шырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше

Адам қателiк жiберуi мүмкiн. Қателiктi мойындау оны сүйкiмдi етедi. Егер адам қателiктi түзесе, бұл оны екi есе сүйкiмдi етедi.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше