Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (31) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (2)

"Балық" туралы Ұлағатты сөздер

"Балық" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Балық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Аң және балық аулауға қатысты әзілдер


Қарт адам алтын балық ұстап алыпты.

— Қария, мені босатшы! Кез келген үш тілегіңді орындаймын.

— Не дейді, құрғыр!

Сол кезде балық көзден ғайып болып, қалған екі тілекті орындай алмай қалыпты.

***

Аңшыны көрген ұрғашы қоян көжектеріне былай депті:

— Ал балалар, құлақтарыңды жабыңдар! Қазір ол бәрібір тигізе алмайды.

***

Аңшы кісі аюды өлтіреді. Ол етін өзіне қалдырып, терісін әйеліне береді, ал цирк велосипеді ұлына бұйырды.

***

— Балық аулау спорт па әлде өнер ме?

— Балық ауланса - спорт, ал бұл туралы әдемілеп айтылса - өнер.

***

Әйелі күйеуін балық аулауға шығарып салады:

— Маған үлкен алабалық аулап әкел! Егер ол дүкенде болмаса, үлкенірек тұқы әкелсең де болады.

***

Үйрек аулауға шыққан аңшы оғын тигізе алмағанына ызаланады. Ал аюға тигізе алмаған аңшының ашулануға уақыты жоқ.

***

Екі балықшы балық аулап отыр.

— Балық аулау кезінде шыдамдылық маңызды! - дейді бірі.

— Мен таңертеңнен бері шыдап отырмын, енді шыдай алмаймын, маған бұранда бер!

***

Қысқы және жазғы балық аулаудың айырмашылығы не? Сол баяғы мас күйде боласың, тек пимамен жүргенің болмаса.

***

Балықшының қорқынышты түсі: өзі қайтыс болыпты, ал әйелі оның құрал-саймандарын жұрттың айтқан бағасына сатып жатыр екен.

***

Аңға шығу, балық аулау тақырыбымен байланысты күлкі сыйлайтын әзіл көп. Ал күлкі өмірді ұзартады.

Ілмектер: аң, Балық, Балық аулау, әзілдер, анекдот, анекдоттар, аңшылық, аңшылар, балықшылар
WhatsApp Telegram

Балық — тіршілік иелерінің ішіндегі ең айғайшылы: ол — тіл проблемасының бір көрінісі.

Ілмектер: балық, проблема Жиль Делез
WhatsApp Telegram

Қаймақ қосылған бүлдiргеннiң принципi: «Өзiм қаймақ қосылған бүлдiргендi ұнатамын, бiрақ балық құртты дұрыс көредi. Сондықтан мен балыққа бара жатып, өзiмнiң жақсы көретiнiмдi емес, балықтың ұнататыны туралы ойлаймын».

Ілмектер: қаймақ, бүлдірген, принцип, балық, құрт, ұнату, ой, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram

Қанша ұлы, қанша күшті болса да, әлі күнге дейін ешбір кісі балық секілді еркін болған емес.

Ілмектер: ұлы, күшті, еркін, еркіндік, балық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Теңіз суы әрі ащы, әрі тәтті. Балық ішсе ол тәтті. Адам ішсе ол ащы.

Ілмектер: теңіз, су, ащы, тәтті, адам, балық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
WhatsApp Telegram

Сүйегі жоқ балық болмайытыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды.

Ілмектер: кемшілік, адам, сүйек, Балық Мартин Лютер
WhatsApp Telegram

Жеке өз басым қаймақ қосылған бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екен белгісіз, балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын.

Ілмектер: балық, қаймақ, жақсы көру, ойлау Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram