Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (257) Өлеңдер (181) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (260) Ұлағатты сөздер (193) Әзіл, анекдоттар (16)

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Ілмектер: өсиет, асыл, бала, жалқау, мылжың, қыдырман Майқы би

Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы!

Ілмектер: ата, кек, бала Махамбет Өтемісұлы

Ата өлсе — бала аман.

Ілмектер: ата, бала Жүсіп Баласағұни

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Ілмектер: тәртіп, өнер, бала Жүсіп Баласағұни

Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз.

Ілмектер: бала, тыю, даналық Жан-Жак Руссо

Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

Ілмектер: бала, мейір, шапағат, ақыл, парасат, еңбек Абай Құнанбайұлы

Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.

Ілмектер: бала, тәрбие, қарттық, болашақ, қайғы, ел, кінә Антон Макаренко

Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек, борыш Федор Достоевский

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес.

Ілмектер: ойын, бала, ақыл.ой Василий Сухомлинский

Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.

Ілмектер: ат, игі, су, бала, әке, ұл, жігер Қорқыт ата

Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.

Ілмектер: Әке-шеше, өтірік, бала, жүрек Ғабит Мүсірепов

Мен ертегі жазуға тырыстым, бірақ еш нәтиже шыға қоймады. Балаларыма жазған ертегілерімнің бірін көрсеттім. Олар: «Әке, сіз балаларды осыншалық ақымақ деп ойлайсыз ба?» деп қайтарып берді.

Ілмектер: ертегі, әке, бала Габриэль Гарсиа Маркес

Бала сіздің ғана қуанышыңыз ғана емес екендігін, сол үшін еліміздің алдында жауап беретініңізді әрдайым естен шығармауыңыз керек.

Ілмектер: бала, ел Антон Макаренко

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

Ілмектер: оқу, кітап, бала Ахмет Байтұрсынұлы

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.

Ілмектер: тіл, бала, қазақ тілі, орыс тілі, ана тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін, оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек.

Ілмектер: бала, пікір, орта, рухани Николай Пирогов

Балалар сіздің сөзіңізден сіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек.

Ілмектер: бала, мәдениет Антон Макаренко

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

Ілмектер: бала, жақсы, жаман Абай Құнанбайұлы

Ашық көңілді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сауықшыл, ер болмақ.

Ілмектер: көңіл, ер, бала Жүсіпбек Аймауытов

Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.

Ілмектер: бала, әдет Жүсіпбек Аймауытов