Ел аузындағы аңыз-әңгімеге қарағанда, Дәулетбай батыр қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткірді жанарды адам болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі білегін сыбанып тастап атып шығады да, Қабанбайды жекпе-жекке шақырады. Қалқанының быт-шытын шығарып, қалмақ батырын әп-сәтте жайратып салған қазақ қолбасына енді «Долаңқараның кегін аламын» деп атан өгіздей Түркеш батыр елеуреп тұра ұмтылады. Жағдайды аңдып тұрған інісі Дәулетбай қайратын жиып алып, тортөбелге қамшы басып, ойнақтап топ ортасына шыға келеді. Жекпе-жекте Түркешті найзасымен шаншып өлтіреді.
Дәулетбай батыр сексен күнге созылған Шорға соғысына да, Маңырақ маңындағы ұрысқа да белсене қатысып, жау ортасын қақ жарып, арттағы әскерге жол ашып отырды.
Әбдірашит
Өте жақсы әңгімелер рахмет.
роза
Даулетбай туралы толық ақпарат алсам деимін.
роза
Даулетбай ата қай жерде жерленген, туып өскен жері кай жер.Сол туралы толық мәлімет болса.
Айсұлу
Дәулетбай Сатыұлы (1702-1762) - жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлардың бірі. Орта жүз Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руынан шыққан. Қаракерей Қабанбайдың немере інісі, әрі үзеңгілес серігі. Дәулетбай бабамыз өз заманының батыры, сөз ұстаушысы, әрі әділ биі болған. Елдің қаймағы бұзылып, іргесі сөгілмеуіне өлшеусіз үлес қосқан. Қаһармандығы үшін есімі Қаракерей руының ұранына айналған. Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қаракерей Қабанбай батыр басқарған қазақ әскерімен бірге алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Елдің намысын жоқтап, айбарына мінген Дәулетбай батыр Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Шығыс Қазақстан өңірлерін азат еткен. Ел аузындағы жазылған деректерден Қаракерей Қабанбай бақилыққа дайындалған кезде немере інісі Дәулетбайды шақыртып: « Елді басқарып, жаудан қорға, мені жоқ деп айтқызба жауға!» - деп елінің туын өз қолымен ұстатқан екен дейді. Дәулетбай батыр еліміздің шығыс шекарасын қорғауда өлшеусіз із қалдырған. Ер Дәулетбай ғұмырын туған халқының бостандығы мен азаттығына арнаған. Өзі қатарлас батырлармен бірге халқын тарихтың алмағайып зар заман тұсы, өлі ара кезеңінен алып шыққан. Дәулетбай батыр Сатыұлы Шар өзені бойында жерленген. 2002 жылы Даулетбай батырдың туғанына 300 жыл толуына орай бабамыздың туған елінде кең көлемде атап өтілді. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылының Бозшы орта мектебіне Дәулетбай батырдың есімі берілген. Дерек көзі: К.Сейсебаев. Наймандар - «Рудный Алтай» газеті - 1998 ж.
Кайырхан
Даулетбай атамыздың атымен аталған Ұлан ауданында екі шоқы бар, Даулетбайдың үлкен шоқысы және кіші шоқысы деп аталады
Байдалы
Батыр бабаларга тагзым етемиз
Мақсат
Жақсы деректер екен, рахмет!