Өлең, жыр, ақындар

Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

«Ел болуға өзінің тілі,діні,салты мен әдебиеті мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алмайтындығын біз ұмытпауға тиіспіз»-деп А.Байтұрсынов ағамыз  айтқандай бүгінгі ел еншісі танымдық белсенділікті арттырып,өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге ,өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін  тыңдап,бірін-бірі құрметтпе,өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін ұрпақ тәрбиелеу Елбасымыздың  биылғы жылды жастар жылы деп жариялауының өзі  жай емес.Алай қайраткері Мағжан Жұмабаевтың атап айтып кеткен сөздері бекер емес.Ұлттың барша  мұрасы  саналы да салиқалы  ұрпаққа аманат етіледі.Ал жастарымыз оны өн бойына  сақтамаса,өзімізден кейінгі ұрпаққа буын сабақтастырып кетпесе ,онда біртіндеп сол ұлттың атауыда өшіп жоғалады. Ел болашағын әлемге  таныту бүгінгі ұрпақтың үлесінді.Қазіргі ғалымдардың алдында тұрған  зор міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу ,жастардың  қоғамдық  өмірден еш уақыт қол  үзбей,өз елін сүюге, салт-дәстүр,әдет-ғұрыпын сақтауға,өз тілін  мақтан ете отырып, өзге  тілді меңгеруге ықпал жасау.

Егер бүгін жастар өз халқының  рухымен тәрбиеленіп өспесе,онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені  ұлттың  барша мұрасы жастарға аманат етіледі.Ал жастар оны сақтамас  және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауыда өшіп жоғалмақ.Қай ғасырда болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты ,ұлтжанды рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу-қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Қазіргі жастар ,ұлт болашағы жарқын  болсын десек,,саналы ұрпақ болайық.Адам білім арқылы дүние есігін ашады.«Ақыл жастан,асыл тастан»-деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күтетіндіктен айтқан.Ал,сол жастардың болашағы Отанымыздың  үлкен тағдыры.Ендеше, мына өтіп жатқан жаһандану ғаламдану үрдістеріне жұтылып,ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлтымызды рухты,қызымызды қылықты етіп,қазақ өміріне  сай етіп тәрбиелейік.Ойымды қорытындылай келе,«Қазіргі жастар-еліміздің жарқын болашағы»деп Отанымыздың ертеңгі тағдыры қызметіміздің қалай атқарылып жатқанына  байланысты.

Жас күш, жас толқын  болып толқып  анна тілінде сөйлеп, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге өз үлесімізді қосайық!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз