Халық ауызында Құрманғазының «Қызыл қайың» күйінің шығуы да осы кезеңге жатқызылады. Аңыз бойынша, Құрманғазы осы қашып келе жатқан сапарында иен далада жалғыз өскен қызыл қайың бұтағын жамылып отырып, қуғыншы лардан аман қалыпты дейді.
Кейін: «Менің елім де, жерім де, ағашым да, бұтағым да пана екен, анадай қойнын ашып жапырағын жауып паналатқан қызыл қайыңға арнап едім» деп орындаса керек.
Күйшінің осы сапарында туған шығармасының бірі — «Машина».
Қазақтың құлазыған кең даласымен салыстырғанда, қаланың өмірі ритмді қозғалысы, у-шуы, әрине, мүлде басқаша, міне, қыдырман Қазының «Машина» күйі осы айтылған қала өмірінің суретін береді.
Арбаның доңғалағындай сырғып, тез өтіп жатқан қала өмірін, Құрманғазы машинаның доңғалағының айналуындай тез жүріс ырғағымен береді. Әрине, күйде біз айтқан турасынан-тура сурет жоқ. Бірақ кідіріссіз қозғалыстың кейпі бар. Даланың асықпайтын баяу өмір сазына қарсы келетін, қозғалыс кейпі бар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі