1917 жылдар уақ елі екі зәңгі ел болып, Дөрбілжін ауданына қарайды екен. Қату тауындағы Дәрбіті өзенінің бойындағы Кеңтүбек деген қойнауға біреулер апиын егіп кеткендігі байқалып, сол кездегі өкімет адамдары Шәуешектегі дутыңға мәлімдейді. Дутың: «сол өңірге жауапты мәнсаптыны ұстап әкеліңдер» деп бұйрық түсіреді. Ол уақ алты қасымның бірі Өтептің бес ұлының Қожаннан тараған Бөрібайдың немересі
ел ауызына ілініп жүрген Жайырбай Ботақанұлы еді. Үкімет адамдары бұйрық бойынша Жайырбайды Шәуешекке апарып қамап тастайды. Бұл істен хабар тапқан мәмбет елінің үкірдайы Жалбағай, дөртуілдің үкірдайы Көксеген, мәметек қошқарбай елінің үкірдайы Еңселер ел жиып кеңес құрып, дутыңға арызданады. Жайырбайдың күнәсіз екеніне елден факт жияды. Сонымен бұған мойынсал болған дутың Жайырбайға ақ зоң
шапан кигізіп, қасына жеті шерік ертіп жақын туысы Ергенбайды хатшылыққа тағайындап, төрт үкірдай елді аралатады. Жайырбайдың аталмыш қылмысын естіген жамағат оның ақ зоң шапанына «жазықсыз адам жазаланбасын» деп қолдарын қояды. Сонымен, ол ақталып аман қалады. Бәзғалам Жайырбайға арнап «Сабазым-ай» деген күйін шығарады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі