Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші береді, соны көгентүн дейтін.
«Менің Бапас абысыным — Кербездің бір қора қойы болатын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың біреуіне арнап бір қозыға ен салуы керек еді, қозышы бала үнемейін сызылтып, бір мұңды әнді айтып жүреді дегенді естігенмін. Кербез менің айтқанымды істейді. Бала менің айт- қанымды сезгендей, алдымен маған, сонан кейін барып Кербезге алғыс айтты. Баладан мен жалғыз жүргенде айтатын өлеңін айтып беруді өтіндім. Аз ғана уақыт ұялып тұрды да, бала өлеңін айтуға кірісті. Ол бала жақында қайтыс болған шешесінен өткен жылы естіген «Ақ қозы» деген әнді айтып жүреді екен. Өлеңнің аты мазмұнымен жымдасып жатыр. Бұл өлеңде шешесін қасқыр жеген жетім қозы жайлы айтылады екен. Бала өзін сол ақ қозыдай, ал байларды қасқырдай көріп, өлеңді ерекше сезіммен айтты. Баланың әні көкейімде қалды. Мен кедей балаға арнаған «Көгентүн» деген күй шығардым».
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі