8 наурызға құрбы қыздарға арналған тілек, құттықтаулар

Басты бет / Тілектер мен құттықтаулар жинағы / 8 наурызға құрбы қыздарға арналған тілек, құттықтаулар

8 наурызға құрбы қыздарға арналған тілек, құттықтаулар — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.

Материал — 8 наурыз, көктем, мереке, ресми мереке — осы тақырыптарға байланысты.

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,
Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.
Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,
Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.
Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,  
Берекелі шаңыраққа қонғайсың.

*** *** *** ***

Аяулы құрбыжан, Сізді бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпағайсың.

Әйелсіз-ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама! Сендерсіз жер бетінде бақыт та болмас! Тағы да 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

*** *** *** ***

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.

*** *** *** ***



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Айнар

Ұнамады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

8 наурызға құрбы қыздарға арналған тілек, құттықтаулар деген не?

Бұл бетте 8 наурызға құрбы қыздарға арналған тілек, құттықтаулар тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

8 наурызға құрбы қыздарға арналған тілек, құттықтаулар материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі басқа материалдар 8 наурыз тақырыбындағы материалдар көктем тақырыбындағы материалдар мереке тақырыбындағы материалдар ресми мереке тақырыбындағы материалдар құттықтаулар тақырыбындағы материалдар құттықтау тақырыбындағы материалдар