Өлең, жыр, ақындар

Тұрысбек келгенде

1918 жылы февраль айында «Ақмола уезінде кедейлер өкіметі құрылды» деген хабар келді. Жұмысшылардың қуанышы қойнына сыймайды. Қожайындардың құты қашып, берекесі кете бастады. Бұрын 3 сом ғана жалақы алсақ, енді 5 сом, 6-7 сомға дейін жалақы алатын болдық.

Ақмоладан жаңа өкімет құрылысымен көп кешікпей 1918 жылдың апрель айында Қарағандыға да өкімет уәкілдері келе бастады. 1918 жылы апрельдің аяқ кезінде Қарағанды мен Спасс зауытына Тұрысбек Мыңбаев келді. Тұрысбек түскен үйге жұмысшылар жиналысып қалды. Келгендер шапұр-шұпыр амандасып жатыр. Жұрттың бәрі жаңа орнаған өкіметтің жайын білгісі келеді. Әлден уақытта сырттан Ілияс ақын кіріп келді де мынадай деген өлеңмен:

— Жүрсің бе, Тұрысбекжан, есен-аман,
Естідім келгеніңді Ақмоладан.
«Кедейдің өкіметі орнады» деп,
Алып ек бір хабарды біз қаладан.
«Жақсы сөз, жарым ырыс» деуші еді ғой,
Кәнеки, сөйлеші енді бізге содан, —

деп жұртшылықтың назарын бірден Тұрысбекке аударып қол алысып амандасты. «Тұрысбек не айтар екен» деп жұрт шылықтың құлақ түруде. Сүйтсек, кедейлер өкіметінің орнағаны рас екен. Сол бетінде Тұрысбек Өспенге барып қайтты. Содан бастап-ақ қожайындардан ерік кетіп, есінен тана бастады ғой.

Қарағанды өндірісі тоқталғаннан кейін мен ауыл арасында болдым. Ол кезде қосшы ұйымы деген болды. Соның мүшесі болып сайландым. Ең алғаш колхоздастыру басталғанда Нұра өзенінің Есен дейтін құйылысынан «Ашық» колхозын ұйымдастыруға қатыстым. Содан күні бүгінге дейін колхозшымын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз