Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сыныппен қоштасу

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, бүгінде үлкен сыныпқа бет алып отырған барша бастауыш сынып оқушыларын жаңа қадамдарымен құттықтаймыз!

* * *
Бастауыш сынып, мектебім,
Бүгін,міне, қош дедім.
Білмей қалдық 4 жылдың,
Қалай зырлап өткенін.

* * *

Қош бол, құтты бастауыш,
Сенен оқып бастадым.
Білім бердің бойыма,
Нәр алды сенен жас жаным.

* * *

Жетелейді алға үміт,
Күлімдейді таң күліп.
Жол көрсеттің бізге сен,
Ұмытпаймыз мәңгілік.

* * *

Бастауыштан киелі,
Талай дарын түледі.
Әрбір бала өзіңді,
Есіне алып жүреді.

* * *

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.

* * *

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.

* * *
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

* * *

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Myrza

Өте керемет

Әлия

4-сынып бітіргенге дұрыстау тілек барма

Жайна

Агылшынша тилек керек косташу туралы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз