Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы.
(Жастық)
Өзі сырық,
Басқан жері құдық.
(Таяқ)
Тұра қалсам алдына,
Жалтыраған ақ айдын,
Өзімді - өзім мен мына,
Көре аламын ап – айқын.
(Айна)
Үскінің көп тармағы,
Қара орманды шарлады.
Қисықтарын түзеді,
Теп – тегіс енді.
(Тарақ)
Інді көп – ақ қазады,
Өзі шыға қашады.
(Біз)
Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етер қарындаш ізін.
(Өшіргіш)
Артық кемді теңестірер,
Дәнді де өзі жемес бірер.
(Таразы)
Өзі өтпейді,
Ал, өтпесті өткізеді.
(Қайрақ)
Жаңалықты
Үн – түнсіз таратады,
Барша жұртты
Бір өзіне қаратады.
(Газет)
Қашық жердің сәлемін,
Тез – ақ алып келемін.
(Телеграмма)
Ұшып түсер күн бітсе,
Жоғалады жыл бітсе.
(Күнтізбе)
Үш тілі тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды – ақ.
(Сағат)
Тысы жылтыр,
Іші жарқыл.
(Электр шамы)
Терезенің тесігі,
Таза ауаның есгі.
(Желдеткіш)
Көгілдір түсі бар,
Тас балқытар күші бар.
(Газ)
Кино менен концертті,
Үйде қойып беремін,
Жаңалығын бар елдің.
Өз көзіммен көремін.
(Теледидар)
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.
(Телефон)
Т
оққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киімдердің қыртысын,
Береді тез жазып.
(Үтік)
Күн нұрына қарық қып,
Үйді тұрар жарық қып.
(Терезе)
Көз алдыңа жайнаған,
Түсі судан аумаған.
Тегіс перде керіледі,
Бірақ бәрі көрінеді.
(Әйнек)
Кір – қоқысты сүймейді,
Сыртқа қуып сүйрейді.
(Сыпырғыш)
Екі басы қалта,
Ортасы алқа.
(Тұтқыш)
Сүрткен киімі тазарып,
Өзі қалды тым арып.
(Сабын)
Шұқысаң көзін,
Көрсетін төзім,
Арашаға
Біреуді шақырар,
Өзі тыныш отырар.
(Телефон)
Шайқап басын,
Бір төмен, бір жоғары,
Тұрса ол,
Тосын
Үйде самал соғады.
(Желдеткіш)
Қызықтырам өзіме,
Көрсетемін көзіңе,
Сендіремін сөзіме.
(Теледидар)
Алыстағы апаңмен,
Оқудағы ағаңмен,
Тілдестіріп тұратын,
Заттың атын табар ме ең?
(Телефон)
Қанша жұтсам семіріп,
Сылқия бір тоймаймын.
(Шаңсорғыш)
Тыңдап әнін, өлеңін,
Үйден кино көремін.
(Теледидар)
Іші салқын, мұзы бар,
Күнкей қашқан қой сынды,
Жылда тез бұзылар,
Барша тағам тығылар.
(Тоңазытқыш)
Қаламы жоқ, ал бірақ,
Естігенін сөзбе – сөз,
Сол қалпында қабылдап,
Жазып алар тезбе – тез.
Қайталайды тақылдап,
Тыңдай қойсаң көзбе – көз.
(Магнитофон)
Сырт – сырт соғады, уақыт озады.
(Сағат)
Қыстың қантар, ақпаның,
Кебежеме сақтадым.
(Тоңазытқыш)
Түтікті бойлап келеді,
Самса пісіріп береді.
(Газ)
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі