Абылай хан қазақтың ханы болған, бір Ботақан дегенді тірі көрге салған. Қайтып үйіне келген, қатынына айтты:
— Ботақанды көрге салып келдім, — дейді, — бұ орта жүзден бізге үкім бұйырмаған екен.
Қатыны айтты:
— Шығарыңыз көрден.
Абылай бір кісіні жіберді:
— Көрден шықсын! — деп.
Бұл кісі Ботақанға айтты:
— Шықпаймын! — дейді.
Жіберген кісісі Абылайға барды:
— Шықпайды көрден, — дейді.
Абылайдың өзі келді:
— Иінінен тартып шық! — деп.
Көрден бірі тартып шығарайын деп жатқанда, жүрегінің басынан тарс етіп жарылып кетті. орта жүз намыстанды. орта жүз намыстанған соң, Абылай ауып кетті қашып. Арғын, найман болып Абылайды қуды. Басы Қазыбек боп қуды, үш көшкенше қуды. Абылайдың қатыны айтты:
— Абылай хан, дәнеме білдіңіз бе?
— Не білейін?
— Бізді қуды Қазыбек. Қазыбектің үш ойы бар, — дейді. — Қазыбек мені алса қайтер еді, әйтпесе сенің басыңды алса қайтер еді, әйтпесе асулы қара қазанды алса қайтер еді?
Қара қазанды асулы тастап кетіпті. Көтінен Қазыбек келіпті, қазанның қасына келіп тұрыпты, найзаны шанышты.
— А, жұрт, — дейді, — Абылай тек жаратқан кісі емес. Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кессем, қайтамын!» деген ойым бар еді. «Болмаса Абылайдың қатынын алып қайтамын» деп едім. «Болмаса қара қазанын алып қайтамын» деп едім.
Қазанды алды да қайтты. Сол қазанды Қазыбек өзі асты, онан соң Бекболат асты, онан соң Тіленші асты. Сонан соң Шама төре, Абылайдың қалмақ қатынының баласы қара нарға қалы кілем жауып:
— Бабамның қазанын мен аламын, — деп Тіленшіге келіп түсті. Қазанын Шама алыпты.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі