Қазақ хандығы-Алтын Орда ыдырағаннан кейін қазіргі Қазақстан аумағында 1465 жылы құрылған мемлекет. Кез - келген этностың дамуының ең жоғары формасы-мемлекет. Қазақ хандығы-алғашқы Қазақ мемлекеті. Биыл 2020 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толады.
Қазіргі Қазақстан аумағында Алтын Орда ыдырағаннан кейін Әбілқайыр хан хандығы құрылды. 1460 жылы Әбу л-Хайрдың қатал саясатынан кейін кейбір тайпалардың бір бөлігі Моғолстанға көшуге мәжбүр болды. Бұл тайпаларды сұлтан Жәнібек пен Керей басқарды. Тайпалар Жетісуда орналасып, дербес мемлекеттік құрылым – Орда құрды. Бұл Ордаға Қазақ хандығы деген атау берілді. Қазақ хандығының алғашқы ханы Керей болғанына қарамастан, хандықты нақты басқару Сұлтан Жәнібектің қолында болды. Олардың қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады.
Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. Хандар мен сұлтандар –халықтың билігіне ие болған адамдар. Олар өз халқын, жерін, ұлтын, Отанын қорғау үшін өз өмірлерін қиюға дайын болды, олардың кейбіреулері Қазақ мемлеттілігін, бостандық пен тәуелсіздікті сақтап қалу үшін күресте өз бастарын бүкті. Қазақ хандығы тарихындағы 40 хан мен жүздерің ішінде көрнекті, ұлы тұлғалар болды, қиын тарихи жағдайларды шешуге халықтың күш-жігерін ұйымдастырып, елді жаңа өмір деңгейіне көтерді. Кеңес үкіметі ыдырап, ел-елдер тәуелсіздік алып жатқан тұста етек-жеңін жинай біліп, қазақты қиын кезеңнен алып шыққан - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімі Қазақстан мемлекетінің үлкен жетістіктері мен мақсаттарымен байланысты. Бүгінгі Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі.
Біз өз тарихымызды мұқият зерттеуіміз, оқиғалардың неліктен болғанын, неге екенін түсінуіміз керек. Міне осыған байланысты біз тарихта болған жағдайлардан, сәтсіздіктерден сабақ ала отырып, тиісті қорытындылар мен шешімдерді болашақта мемлекетіміздің дамуы үшін қолдану керек.
Қазірде Қазақ хандығының 555 жылдығы - мемлекеттіліктің жарқын үлгілерінің бірі. Бұл барша ел үшін өте маңызды әрі айтулы мереке. Әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақтардың санасына, жастардың бойындағы тәрбиесіне, қазақ елінің тереңнен бастау алатын тарихына деген құрметті, патриотизмді оятуға бағытталған дата.
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
Н.М.Тастеев, Д.Ә.Әшім Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенттері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі