Өлең, жыр, ақындар

Ит жеті қазынаның бірі

Иттің адалдығы оның қастерлі жануар екенін дәлелдейді. Бірақ,біз қастерлі деп отырған жануарымыздың жыртқыштық қасиеттері бар екенін де ұмытпаған жөн. Бүгінде қаңғыбас иттер  адамдар үшін қауіпті болып тұр. Жалпы, қаңғыбас иттер көбінесе асыраушысы жоқ болғаннан немесе адасып кеткендіктен пайда болады. Қазіргі таңда осы мәселе әлем бойынша бітпес мәселеге айналып кетті. Қазақстан бойынша Нур-Султан қаламызды алатын болсақ. Ветқызметінің директорның орынбасарының айтуынша қалада қаңғыбас иттердің нақты саны белгісіз. Жыл басынан «Астана ветқызмет» жұмыскерлері 4801 ит ұстайды. Орташа алғанда,күн сайын 20-25 жануарлар ұсталады. «Біз қаңғыбас жануарларды түгел ұстай алмаймыз». Бұның физикалық тұрғыда мүмкін еместігі анық-дейді МКК директорының орынбасары Медет Қылышбаев. Қолға үйретілген иттер де  болатын әр түрлі жұқпалы аурулар құтыру,саркоптоза,трихофития т. б. адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп,жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға қарсы,ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп  отыру қажет. Адамдар  әдетте көше кезіп жүрген бір топ итті көрсе қорқатындары анық. Әсіресе қыста олар жылы пана іздеп қалалы жерлерде қоқыстарды паналайды. Ит атаулының бойында құтырма ауру бар екенін ұмытпаған жөн. Құтырма ауруымен ауырған ит адамды тістеп алса,өлім қауіпіне әкеліп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан да абай болайық.

Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 1 курс студенті Сарсенбай Аяжан Ғабитқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз