Өлең, жыр, ақындар

Бір әріп – бір дыбыс

Рухани жаңғыруымыздың басты тірегі – латын әліпбиіне көшу.

Бұл елін жаңа кезеңге бағыттаған Президентіміздің өміршең идеяға негізделген бастамасы.

Жаңа әліпби тіліміздің мәртебесін халықаралық дәрежедегі тілдер қатарына енуді мақсат етеді. Бұл экономика, саясат, мәдениет сияқты ауқымды салаларды алға тартады.

Латын әліпбиі кеңінен қолданысқа енген 1927-1940 жылдардың бедерінде ел арасындағы сауаттылықты жою басты өзекті мәселе болған. Сол кеңестік кезеңіндегі әліпби төңірегіндегі тарихи тартыста латын әріптерін қазақтың дыбыстық жүйесіне мейлінше ыңғайлап, жаңашыл әдістерге жол ашқан Т. Шонанов, Ә.Үсенов, Н.Төреқұлов, Т.Жүргенов, И.Қабылов секілді қайраткерлеріміздің еңбектерінің зор үлесі болды. Олар жаңа әліппеге көшудің уақыт талабынан жаңа қоғам сұранысынан туындап отырғанын, қазақ тіліне қай әліппе үйлесетінін, оқу мен жазуға жеңіл болатынын түсіндіріп , орнықты байлам жасап кеткен.

Бүгін рухани жаңғыруға бет бұрған шағымызда отандық ғалымдарымыз белгілі бір әліпби жүйесін қалыптастырды. Ал біз, ұстаздар қауымы - бұл қоғамдық маңызы бар бастаманы жүзеге асыруға ат салысамыз деп ойлаймын.

Сандыбаева Альбина Баймулдиновна

"Михайловка орта мектебі" КММ


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз