Бірінші байлық денсаулық. Адамзат баласының ең үлкен қазынасы да денсаулық. Әрбір жан өз байлығын яғни, денсаулығын бағалай білген жөн. Кейбіреулер дүние есігін аша салысымен қазынасын жоғалтуы мүмкін. Ал басқалары керісінше, өз еркімен өз түбіне өздері жетіп жатқандарын да белгілі. Оның себептері ең алдымен ішімдік, есірткі сияқты адам денсаулығына зиянды заттардың әсерінен туындайды. Есірткі жайлы айтар болсам, ешбір адамға жақындамауға кеңес беремін. Әсіресе, жасөспірімдер. Қызықпақ түгілі бетіне де қарамаңыз! Есірткі адам ағзасына түскен жағдайда, ми жұмыс жасауын бәсеңдетіп, адам өз-өзін басқара алмайтындай дәрежеге жетеді. Соның салдарынан өзі түгіл өзгеге де зиян тигізіп, адам жаман жолға түседі. Қазіргі таңда бұл мәселе өзекті тақырыпқа айналып отыр. Есірткіні қолданатын адамдардың басым көпшілігі жасөспірімдер болып табылады. Мұндай дүниелерге жастардың қызығушылығының болуы олардың жеңіл ойларының әсерінен. Жасөспірімдер бір мәрте қолдансам, ештене бола қоймас деп мүлдем есітркіден бас тарта алмай, оған тәуелді болып қалады. Есірткі саусақ тигізген сәттен – ақ адамды жіберместей байлап алады. Оны қолданудың салдары адамды білместікпен түрлі іс-әрекеттерді жасауға итермелейді. Мысалы, кісі өлдіру, зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау т. б. Бұл – адамзатты ар-ұят, намыстан айырып, тіпті жандардан төмен дәрежеге түсіреді. Бүгінгі уақытта есірткі сияқты заттарды пайдалануға бүкіл елде тиым салынған. Біздің мемлекетімізде де заңсыздыққа жол жоқ. Мектеп қабырғасында да есірткіні қабылдауға болмайтыны жайлы түрлі сауалнамалар алып жатады. Алайда, мұнымен есірткі қабылдайтындардың саны төмендеп жатқан жоқ. Өйткені есірткі қабылдап бастаған адамдар оған тәуелді болып қалған. Онымен қоймай, өзінен киінгілерді қабылдауға үгіттейді. Қарсы болғандарды күш көрсету арқылы тәуелді ететіндер де бар. Нашақорлық – қоғамды жайлаған дерт болды. Оған деген құмарлық – жанның да, тәннің де құлдырауы. Есірткі қолданып бастау отбасынан, ата-анаңнан, достарың, жақындарыңнан, барлығынан дерлік бас тарту, жоғалту. Ол адам таңдамайды. Мейлі, жас бол, кәрі бол. Алғашқы есірткіге тәуелділік он тоғызыншы ғасырдың басында, алғаш рет Еуропа ға жеткізілген кезде пайда болған. Есірткі басында ауырсынуды басуға қолданылған болатын. Бірақ 20 ғасырдың басында мұндай заттарға тәуелділік қоғамның кейбір жерлерінде белгілі болған. Ал қазір есірткіге деген тәуелділік әлемді кең жайлаған дертке айналды. Нашақорлықтың басы сонымен басталса, аяғы немен, қалай аяқталарын кім білсін. Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп бекер айтып кетпеген. Барша жастарға үндейтінім өз-өздеріңді қолға алыңдар! Көшеде тәнтіреп, нашақор болып, қылмыскер атанғанша, еңбек ету қажет. Жалғыз ғана жастарды емес, келешек ұрпақ тәрбиелейтін ата-ананың да бала тәрбиесіне көңіл бөлгені жөн. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші әркім өз баласын кішкентай кезінен еңбекқорлыққа үйретіп, білімге шақырғаны дұрыс. Күнделікті жақсы мен жаман әдеттерді айыра айтып, жақсылық жасауға дағдыландыру да маңызды. Сонымен, жоғарыда айтылған жағдайлар орын алмас үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ең бастысы ата-анамыздың айтқанын тыңдап, жаман ойлардан аулақ болайық. Болашақ біздің қолымызда!
#УПНДПКЗО
Нағашыбаева Жұлдызай
8-сынып оқушысы
№177 орта мектеп
Сексеуіл кенті Арал ауданы Қызылорда облысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі