Пробиотиктер деп микроорганизмдердің тірі өсінділері немесе құрамында солар бар өнімдер аталады. Пробиотиктер (эубиотиктер) ішек микрофлорасын жақсартатындықтан ғана пайдалы емес, сонымен қатар олар адам организмінің барлық дерлік жүйелеріне жақсы әсер етеді. Пробиотиктерді арнайы биологиялық тұрғыда белсенді тағам қоспалары, дәрілік заттар, сондай-ақ тұтынатын азық-түлік (йогурт, айран, шай саңырауқұлағы, ашыған орамжапырақ, маринадталған қияр) арқылы алуға болады. Төменде біз пробиотиктерді не үшін ішетінін, олар адамға не үшін қажет екенін айтып, олардың адам организміне әсер етуінің 8 айғағын сипаттап шығамыз.
Пробиотиктер пайдалы бактериялар қатарына жатады. Олар патогенді, шартты-патогенді және қолайлы флора арақатынасын соңғысы (қолайлы флора) үстем болатындай етіп қалпына келтіруге қауқарлы екені дәлелденген. Әртүрлі микроорганизмдер арасындағы дисбаланстың артуы диспепсикалық бұзылыс, ішек инфекцияларына қарсы тұру деңгейінің төмендеуі, аллергия, сондай-ақ жүйке, эндокрин және жүрек-қантамыр жүйелері тұрғысынан болатын патологиялардың үлкен спектірі пайда болуы қаупін тудырады. Америкалық ғалымдардың мәліметінше ішектегі «зиянды» және «пайдалы» бактериялардың парапар көлемде болуы ас қорыту түтігі саңылауындағы ферменттерді жандандыру арқылы астың қорытылуын және ақуыздар мен көмірсутегілерінің сіңірілуін жақсартады, сонымен бірге иммун жүйесі жасушаларының жетілу жылдамдығын арттырады да, бұл жалпы организмнің қарсылық әрекетінің күшеюіне сеп болады.
Пробиотиктер – бұл ішектегі бактериялар балансын қалпына келтіріп, ас қорытуды жақсартатуға және көптеген ауру түрлерінің алдын алуға мүмкіндік беретін аса құнды микроорганизмдер өсінділері.
Іш өтуі – пайдалы бактерияларды жойып жіберіп, патогенді флораның жандануына және астың дұрыс қорытылмауына апарып соғатын антибиотиктерді ұзақ уақыт бойы ішудің жиі кездесетін серігі екені дәлелденген. Сонымен қатар іш өтуі жұқпалы-қабыну аурулары кезінде жиі болып тұрады.
АҚШ-ғы жүргізілген ірі зерттеу (12000 жуық адам қатысқан) кезінде антибиотиктерді пробиотиктермен бірге ішкенде ересектердің іш өту асқынуының жиілігі 42% төмендегені, сондай-ақ осы кесел барысының ауыртпалығы азайғаны белгілі болған.
Суонси университеті (Ұлыбритания) мамандарының мәліметінше пробиотиктер іш өтуімен үзеңгілесе жүретін ішек инфекцияларын емдеп жазудағы қосымша әдіс ретінде де тиімді. Олар үлкен дәрет сындырудағы бұзылыстың ұзақтығын орташа есеппен 25 сағатқа азайтуға септігін тигізеді.
Пайдалы бактерияларды жүйелі түрде тұтыну саяхаттап жүргендер ауыратын (бұрын адам рационында болмаған микроорганиздердің штамдары организмде пайда болуы себеп болатын синдром) іш өтуі жиілігін 8% азайтатыны дәлелденіп отыр. Ал әртүрлі себептер тудыратын жедел іш өту ауруының күш алу тәуекелі 34% азайып кетеді.
Бұл ретте қорғаныс әсері лактобактериялардың барлық штамына тән. Бактериялардың ең күшті өкілдері мыналар: Lactobacillus rhamnosus, Lactobacillus casei және Saccharomyces boulardii ашытқысы.
Пробиотиктер іш өту ауруы көрінімін азайтуға сеп болады, сондай-ақ оның күш алуын болдырмайды. Ішек жұқпалы-қабыну аурулары барысында, сонымен қатар ұзаққа созылатын саяхаттар кезінде пайдалы микроорганизмдермен байытылған азық-түлікті көбірек тұтынуға кеңес беріледі.
Неше түрлі созылмалы ауру (Крон ауруы, ерекшеліксіз ойық жаралы колит, созылмалы энтерит және т.б.) өмір сапасын айтарлықтай нашарлатады және асқынып кететін аурулардың себебі болады (ішек қабырғасының перфорациясы, ішектен қан кету).
Пробиотиктер қабынудың көрінімін азайтып, зақымданған тіндердің регенерациясын жылдамдатады, сонымен бірге микроорганизмдердің жалақ жаралар немесе ойық жара ақаулары арқылы қанға түсуіне тосқауыл болады.
Мысалы, жасалған ірі зерттеулердің бірі пробиотиктердің қабыну реакцияларын басу арқылы ғана емес, жиырылымды (перисталика) қалыптандыру арқылы да тітіркенген ішек синдромы барысын жақсартатынын анықтаған.
E. Coli Nissle штампын рационға қосу ерекшеліксіз ойық жаралы колитке шалдыққан кісілердегі ремиссияларды қолдап демеуге септігін тигізетіні дәлелденді.
Пробиотиктерді жаңа туған балаларға да берген абзал. Олар, Сауд Арабиясы дәрігерлерінің мәліметінше, адам өліміне көп ұшырататын шірік колиті ауруының, сондай-ақ сепсистің күш алуын болдырмайды.
Пробиотиктер ауыр созылмалы және аллергиялық дерттердің барысын жақсартуға және ішек инфецияларының генералицациялану қайбылын азайтуға қауқарлы.
Тірі бактериялар липазаны — тағаммен бірге тұтынылған майдың сіңірілуін баяулататын айрықша ферментті көп көлемде өндіреді.
Нәтижесінде майлар май деполарында қордаланып қалмай, организмнен шығарылып отырады. Тірі бактериялардың бұл қасиеті, жапон ғалымдарының пікірінше, семіруге бейім кісілерге өте-мөте пайдалы.
Жасалған зерттеулердің бірі лактобактерияларды (Lactobacillus gasseri), аз мөлшерде болса да, ішіп отыру іш көлемін 8,5% кішірейтетінін байқаған.
Бір атап өтерлігі сол, пробиотиктер абдоминалды семіруге (ішкі ағзаларды май басу) келгенде пәрменділігі жоғары, ал бұл болса ішкі ағзалардың жұмысына жақсы әсер етеді.
Пробиотиктерді салмақты азайту үшін, сондай-ақ дұрыс тамақтанбағандықтан семіріп кетудің алдын алу үшін тұтынуға болады.
Ішекте пайдалы микррорганизмдердің көбеюі адам көңіл күйінің жақсаруына және психикалық бұзылыстардың алдын алуға сеп болады. Орталық нерв жүйесіне ықпал ету ерекшеліктері аяғына дейін зерттеліп зерделенбеген.
Италиялық және неміс ғалымдары жүргізген тәжірибелер бірнеше күн бойы рационға лактобактерияларды қосып отыру жалпы эмоция фонын жақсартып, депрессия мен мазасыздықтың алдын алуға септігін тигізетінін анықтады. Ақпаратты ұғыну және есте сақтау қабылетін арттыратыны атап өтілген.
Иранда жасалған зерттеулер осыған ұқсас нәтижелерді берді: пробиотиктер депрессия белгілерін азайтады. Сонымен қатар олар липидтердің сутегінен тотығу үдерістерін басып бәсеңдетеді, С-реактивті ақуыз өнімін басады да, ішек қабырғасындағы, сондай-ақ бүкіл организмдегі қабыну өзгерістерінің азаюына септігін тигізеді.
Пробиотиктерді қатты эмоциялық күш түскен кездері орталық нерв жүйесі тарапынан болатын әрқилы шалыс-іркілістердің алдын алу үшін пайдалануға кеңес беріледі.
Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері көпқырлы болып келеді. Мысалы, кейбір пробиотиктер ішектегі өт сұйығын ыдыратып жіберетін сүт қышқылын өндіре алады. Осының нәтижесінде өт сұйығы кері сіңбей, организмнен шығып кетеді. Бұл ерекшелік қан плазмасында шоғырланған атерогенді холестеринді азайтуға мүмкіндік береді.
Тірі микроорганизмдерге бай йогуртты 2 ай бойы тамаққа тұтыну жалпы холестеринді 4%, ал атеросклерозға себеп болатын үлес салмағы төмен липидтерді — 5% азайтуға сеп болатыны анықталған.
Пробиотиктер сондай-ақ гипертония және симптомдық артериалды гипертензиялар кезінде пәрменді. Пробиотиктерді тағамға жүйелі түрде қосып отыру барысында артерия қан қысымы азаятыны анықталған. Бұл ретте бастапқы артерия қан қысымы неғұрлым жоғары болса, олардың әсері соғұрлым көбірек білінеді.
Пробиотиктер артерия қан қысымын аздап түсіруге және жүректің ишемиялық ауруы және инсульт тақылеттес патологияларға ұшырау жиілігін азайту арқылы өмір ұзақтығын арттыратын ірі тамырлардың атеросклерозының алдын алуға қауқарлы.
Ішек саңылауындағы флораның пайдалы және зиянды өкілдерінің арасындағы оптимал арақатынасты қалпына келтіру мен сол күйінде ұстап тұру жергілікті иммунитет факторларының реактивтілігін төмендетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде кез келген шалыс-іркілістер мен аллергия аурулары манифестацияларының пайда болу ықтималдығы азаяды.
Финляндия ғалымдары пробиотик қосып байытылған сүт ішетін балалардың экземасының ауыртпалығы азаятынын дәлелдеді. Бұндай әсер аллергия фонындағы қабыну медиаторлары шығарындыларын басатындығымен байланысты.
Оңды қасиеттері нәресте жолдасы арқылы да өзін танытуы мүмкін. Мысалы, аналары екіқабат кезінде пробитик тағамдарды тұтынған сәбилердің экземалары мен басқа да аллергиялық ауруларының жиілігі 5 есе дерлік сирек болып отырған.
Пробиотиктерді аллергияның алдын алу және ауру барысын оңайлату үшін қолдануға болады.
Пробиотиктер иммунитеттің жергілікті және жалпы факторларының жұмысын жақсартады. Олардың оңды қасиеттеріне мыналар жатады:
1. Асқазанның қабырға шырышы өнімін арттыру. Нәтижесінде иммундық жасушалардың реактивтілігін арттыруы мүмкін патогенді бактериялардан сақтайтын қорғаныш қабаты түзіледі.
2. Шырыш қабатының эпителий жасушаларының регенациясын жандандыру — бұл жергілікті лимфоидты құрылымдардың (Пейер шытырасы) адекватты жұмысына түрткі болып табылады.
3. Антиденелерді (Ig A), Т-үзбелі лимфоциттерді және табиғи киллерлерді өндіріп шығаруға ынталандыру. Бұл қасиеттері Ұлыбританияда жасалған зерттеулердің бірінде дәлелденді.
Бұған қоса, рационға микроорганизмдердің тірі өскіндерін қосу вирусқа қарсы иммунитетті көтереді. Лактобактерияларға бай айран мен йогуртты тұтынғанда жедел респираторлық инфекциялардың жиілігі, ғылыми мәліметтерге сәйкес, 17 % азаяды.
Пробиотиктер организмнің иммунитетін жақсартады, вирусқа қарсы және антибактериялық қорғаныс қасиеттерін жоғарылатады.
Пайдалы микроорганизмдер қосылып байытылған тағамдар тамақтану рационында міндетті түрде болуға тиіс.
Күніне кемінде 1 йогурт (100-150 мл) және (немесе) 200 мл айран ішіп тұруға кеңес беріледі. Бұған балама ретінде шай саңырауқұлағы негізіндегі сусындар мен ашыған орамжапырақты пайдалануға болады.
«Емдеудің» бұндай нұсқасы тек дені сау адамдарға, сондай-ақ денсаулығында азғантай ғана ақау бар адамдарға аурудың алдын алу үшін жарайды. Әртүрлі себептерден болған қатты дисбактериоз кезінде тағамдар қалыпты микрофлораны қалпына келтіруде айтарлықтай рөл атқара алмайды.
Дәрігердің нұсқауы бойынша әр алуан пробиотиктерді (Gemmove Probiotics) ішуге кеңес беріледі.
Қандай жағдай болмасын, өз білгендігіңмен дәрілік заттарды пайдалануды бастауға болмайды, өйткені олар қауіпсіз болмауы мүмкін.
Ең көп болатын қарсы көрсетімдерге мыналар жатады:
1. Организмнің пробиотиктері бар тағамдарға немесе препараттардың жекелеген компоненттеріне деген жоғары сезімталдылығы. Аллергиялық реакциялардың кез келгені: есекжемнен бастап анафилаксиялық шокқа дейінгі түрлері болуы мүмкін.
2. Организмнің лактозаны көтере алмауы, сондай-ақ изомальтаза тапшылығы, мальабсорбция синдромы. Бұндай ауытқушылықтар болған кезде медикаменттер мен сүт тағамдарын сіңіру қалпы бұзылады.
Жанама әсерлер, көбінесе, күш алып кетпейді. Өте сирек жағдайларда мына симптомдар бой көрсетуі мүмкін:
— бастың ауыруы;
— аллергиялық аурулардың асқыну жиілігінің артуы;
— диспепсия тұрғысындағы бұзылыстар (жоғары деңгейде газдардың түзілуі, іш қату).
Айтарлықтай иммунодепрессивті күйдегі (сәуле терапиясы, АИТВ инфекциясы, туберкулёз) кісілерге пробиотиктерді асқан сақтықпен ішу қажет. Бұндай кездері тіпті пайдалы бактериялардың өзі тосқауыл тіндерден өтіп кетіп, сепсиске шалдықтыруы мүмкін. Бұл жағдайда зиян қайбылы мен дәрежесі пробиотиктерді тұтынудан келетін болуы мүмкін пайдадан анағұрлым асып кетеді. Міндетті түрде дәрігермен алдын ала кеңесу керек!
Осылайша, пробиотиктер ас қорытылуын қалыпқа түсіруге, ауыр инфекциялық және аутоимммундық патологиялар кезінде симптоматиканы жеңілдетуге, иммунитет пен орталық нерв жүйесінің жұмысына септесіп тұруға қауқарлы.
Үйден шықпай-ақ, Gemmakorea.info сайтына тапсырыс беруіңізге болады.
Иммунитет және оны күшейтудің жолдары
Пробиотиктерді ішкен дұрыс па?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі