Студент: Оразбек Махаббат Әлібекқызы
Ғылыми жетекші: Саим Л.Н.
№6 қалалық емхана
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Кілт сөздер: төсек орын, сапалы медициналық көмек, күндізгі стационар, сауықтыру, қалпына келтіру, қарқынды терапия, палаталық мейірбике, егу бөлмесі, ем шара.
Тақырыптың өзектілігі: Күндізгі емдеу бөлімінде мейіргердің рөлі үнемі дамып, артып келеді. Мейіргер қазіргі жағдайда тек мейірімділікке ғана емес, сонымен қатар науқастарға күтім жасау туралы білімге, күрделі медициналық, жаратылыстану, техникалық білімге ие болуы керек.
"Мейіргерлік білім дегеніміз не?'- күрделі сұрақ, оған жауап мейіргерлік мамандық ретінде анықтауға көмектеседі. Бұған жауап беру қиын, өйткені мейіргер динамикалық, дамып келе жатқан және салыстырмалы түрде жаңа мамандық. Алайда, білім кәсіби жауапкершілік сұрағының негізгі элементі болғандықтан, бұл сұраққа жауап беруге тырысу өте маңызды.
Англиядағы Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі ауруханасына жатқызылған пациенттердің ұлттық сауалнамасының мәліметтері пациенттердің мейіргерге деген сенімділігінің жоғары екенін растайды, бұл Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі ауруханаларында жеткіліксіз көмек ретінде немқұрайлы мейіргерлерді айыптайды деген пікірді жоққа шығарады. Алайда, пациенттердің тек 60% - ы емдеу үшін әрдайым мейіргер жеткілікті екенін және әрбір 10 пациент мейіргер өз қызметінде ешқашан болмағанын немесе сирек кездесетінін айты. пациенттердің тек 14% - ы өте жақсы деп бағалады
АҚШ елінде 2011 жылы Беатрис Калиш, Дана Чаннен, Хёнхва Ли жүргізілген зерттеулерінде 3135 тіркелген медбикелер (RN) және 939 кіші медбикелер (NAs) орта-Батыс 10 ауруханасындағы 110 пациенттерге күтім жасау бөлімінде олар жұмыс істейтін пациенттерге күтім жасау бөліміндегі медицина қызметкерлерінің қазіргі жағдайына көбірек қанағаттанатынын көрсетті. Жұмысқа қанағаттанушылықты арттыру және пациенттерге күтім жасау үшін жіберілген медициналық қызметтердің санын азайтуға және тиісті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты араласулар қажет.екенін айтқан.
Ресей елінде пациенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша пациенттерге күтім жасау деңгейі артты, мейірбикелердің жұмыс сапасын жоғары бағалайтын пациенттер саны артты. Олардың күтімін 4 және 5-ке бағалайтын пациенттер саны 2005 жылғы 79,2% - дан 2009 жылы 93,6% - ға дейін өсті, сауалнама деректері бойынша 5 балдық шкала бойынша мейірбикелердің кәсібилігіне сенім деңгейін 4 пен 5-ке бағалайтын пациенттер үлесі 2005 жылғы 82,5% - дан 96,6% - ға дейін өсті. 2009 ж.
Медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және бағалау проблемалары Денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа технологиялары мен модельдерін енгізу сапаны арттыруға бағытталуы тиіс
Зерттеу мақсаты: Күндізгі емдеу бөліміндегі мейіргердің білім деңгейін анықтау арқылы көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау
Зерттеу түрі: Сапалық зерттеу
Зерттеу дизайны: феноменальды; мақсатты таңдама
Зерттеу объектісі: Өзім жұмыс жасайтын №6 Қалалық емхананың күндізгі емдеу бөлімінің мейірбикелері және ем алып жатқан науқастар арнайы таңдалды.
Зерттеу әдісі: Непал елінің Трибхуван университетінің (TU) бақылау кеңесі (IOM) және Pokhar кампусының зерттеу жүргізу комитеті елдегі ауруханалардың палаталық мейіргерлерінің білім деңгейін анықтау мақсатында «палаталық мейірбикелердің жұмыс сапасын тексеру» сауалнамасын құрастырған.
Сауалнама 2017 жылы Катманду ауруханасында мейіргерлер арасында жүргізілген.
Осы сауаланамалар сұрақтарын алып өз жұмысыма пайдаландым. Сауалнаманың мақсаты, күндізгі емдеу бөліміндегі мейіргердің білім деңгейін анықтау. Сауалнама жауаптары күндізгі емдеу бөліміндегі мейіргердің білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Күндізгі емдеу бөлімінің мейіргерлеріне арналған сауалнама 15 және науқастарға арналған сауалнама 15 сұрақтан тұрды. Респонденттерге ыңғайлы болу және сауалнама нәтижелерін жақсарту үшін қазақ тілінде дайындалды. Сауалнама анонимді түрде өткізілді, зерттеуге қатысушылар кездейсоқ таңдалған. Зерттеуге қатысушылардан зерттеуге рұқсат беруге жазбаша түрде келісім алынды.
Қорытынды: Зерттеу бойынша сауалнама жауаптарын қорытындылай келе мейіргерлік көмектің сапасын анықтауда күндізгі емдеу бөліміндегі респонденттерден алдымен зерттеу барысында жасына, біліміне негізделген сұрақтар қойылды.
Респонденттердің арасындағы жиі кездесетін жас мөлшері 55 жастан жоғары, яғни 60% құрады. Жынысы бойынша респонденттер арасында әйелдер саны-70% болса,ер адам – 30% құрады.
Респонденттер 70,7%-ы сапалы мейіргерлік көмек көрсетіледі себебі өте мұқият, мейірімді, жанашыр және әдепті. Олар барлық науқастарға назар аударуға тырысады. Медициналық манипуляцияларды кәсіби түрде орындадыдесе қалған 29,3%-ы сапалы мейіргерлік көмекке қанағаттанбады себебі: мейіргерлерде өте үлкен жүктеме, сондықтан олар әр науқасқа жеткілікті уақыт бөле алмайды. Олар баяу жұмыс істейді, науқасты мұқият тыңдауға уақыт жоқ деді. Бұл өз кезегінде мейіргердің кәсіби білімі мен біліктілігінің деңгейін арттыру, мейіргердің дәрігерлік тағайындауларды уақтылы және толық орындауы, мейіргердің емшаралар жүргізу кезінде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық жұмыс ережелерін сақтауы, мейіргердің пациенттерге мейірімді және мұқият қарым-қатынасы орнатылуы керек екендігін көрсетті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мухина С.А., Тарновская И.И Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела». - М.: - ГЭОТАР – Медиа, 2009 г. - 512 с.
2. Мухина С.А., Тарновская И.И - Теоретические основы сестринского дела. М.: - ГЭОТАР - Медиа, 2010 г. - 368 с.
3. Обуховец Т.П., Скляров Т.А., Чернова О.В.- Основы сестринского дела. Ростов н/Д, Феникс, 2009 г.– 552с.
4. Окороков А. Н. Диагностика болезней внутренних органов. Том 6. Диагностика болезней сердца и сосудов: Атеросклероз. ИБС. - М.: Медицинская литература, 2015 г. - 464 c.
5. Смолева Э. В. Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи. – Ростов н/Д: Феникс, 2012 г. - 473с.
6. Лычев В.Г., Карманов В.К. Сестринское дело в терапии. С курсом первичной медицинской помощи: Учеб.пособие. - М.: ФОРУМ: ИНФРА-М. - 2007. - 544 с.
7. Артюнина Г.П. Основы медицинских знаний: учеб.пособе для студентов педагогических вузов./ Г.П. Артюнина. - М.: Академический проект, 2009. - 766 с.
8. Булич Э.Г., Муравов И.В. Здоровье человека.- Олимпийская литература, 2003.- 12 - 14 с.
9. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела: учебник. – М., 2011. – 368 с.
10. Организационные подходы по совершенствованию деятельности медицинских сестер лечебно-профилактических учреждений на уровне региона (методические рекомендации) / З.А.Коренчук, М.А. Поддужная, B.C. Шелудько, Ш.А. Биктаев. – Пермь, 2006. - 72с.
11. Основы сестринского дела / под ред. С.И. Двойникова. – М., 2007. – 336 с.
12. Островская И.В. Основы психологии и практика профессионального общения медсестры и пациента. – М., 2004. – 296 с.
13. Павлов В.В. Сестринское дело в терапии. – М., 2000. – 209 с.
14. Павлов Ю.И., Лапик С.В. Современное состояние сестринского дела и роль медсестры-менеджера в оптимизации системы управления сестринской деятельностью // Главная медицинская сестра. – 2009. – №10. – с. 21-23
15. Плисов В.А., Храмова Е.Ю. Справочник медсестры: Практическое руководство. – М., 212 с.
16. Рачинский А.И., Колосова Л.И. Психологические проблемы кардиологических больных, перенесших инфаркт миокарда // Психологический вестник Уральского государственного университета. – 2002. – Вып. 3.— С. 246-256.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі