Студент: Асылбек Т.А.
Ғылыми жетекші: Зейнебай Г. Е .
«Реанимациялық мейіргерлердің кәсіби эмоциональдық жай күйінің таралу деңгейі»
Көп бейінді облыстық ауруханасы
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Кілт сөздер: Кәсіби күйзеліс, эмоциялық күйіп кету синдромы, реанимация бөлімшесінің медбикесі,эмоциялық сарқылу, деперсонализация, Maslach Burnout Inventory (MBI) сауалнамасы, анестезиология және реанимация, кәсіби күю, шаршау.
Тақырыптың өзектілігі: Анестезиология және реанимация кәсіптік күйіп кету синдромының даму қаупінің жоғары дәрежесіне ие медициналық мамандықтар болып саналады. Бұл жерде реанимация бөлімшелерінің медициналық қызметкерлері еңбек қызметі барысында жоғары психоэмоциялық қысымды бастан кешіреді. Медбикелер арасында эмоциялық күйіп кету синдромының пайда болу қаупі дәрігерлермен салыстырғанда орта есеппен 5-9 жылға жоғары. Күйіп кету синдромының қауіптілігі оның қарқындылығының күннен күнге артуымен байланысты. Бұл процесті тоқтату өте күрделі болады. Сол себепті АРҚТБ және кардиологиялық реанимация медбикелерінің кәсіби күйіп кету синдромының қалыптасу ерекшеліктерін білу олардың жұмысын оңтайландыру үшін қажет. Алайда, мәселенің өзектілігіне және оны шешу қажеттігіне қарамастан, қазіргі уақытта денсаулық сақтау мекемелерінде диагностика жүргізу, персоналдың кәсіби күйзелісі мен күюін азайту және алдын алу іс жүзінде дамымаған.
Әлемде: Еуропа мен Латын Америкасындағы терапевт-дәрігерлердің эмоциялық күю деңгейі, әр түрлі зерттеушілердің бағалауы бойынша, 20%-дан 45%-ға дейін түрлендірілген. АҚШ-тағы интерндердің сауалнамасы бойынша, бұл көрсеткіш 75%-дан асады
Қазақстанда: Иновациялық ғылыми мекемелердің геронтология және гериатрия бөлімінің бір топ мейіргерлері және Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интерн дәрігерлерінің арасында және Алматы қаласының кейбір медицна мекемелерінің қызметкерлерінің арасында кәсіби күйзеліске түсуі туралы зерттеу жүргізілді,зерттеу сауалнама түрінде жүрген.Зерттеуге 668 адам қатысқан.
Нәтижелерді талдағанда,МСАК қызметкерлері ардагерлер үйінің қызметкерлеріне қарағанда эмоционалды шаршаудың басым екендігі анықталған.
Өздерін ешкімге қажетсіз санау яғни деперсанализациялану жоғары деңгейі емхана қызметкерлерінде және екінші ,бесінші курс студенттерінде байқалды.
Өзін-өзі бағалау жеке жетістіктер редукциясының төмендеуі екінші курс студенттерінің арасында жоғары деңгей көрсетті.Мұны студенттердің оқу деп барысында кездесетін қиындықтардан деп есептеген.
Шетелдік зерттеулерді талдау кезінде эмоциялық күйіп кетуді қалыптастыратын факторларға мыналарды жатқызуға болады: еңбек ұжымындағы психологиялық ахуал, нәтиже үшін жауапкершілік, ұзық жұмыс ауысымы, жасы (әсіресе 20-дан 40 жасқа дейін), кәсіби міндеттерді қарқынды қабылдауы.
Зерттеу мақсаты: Реанимация және анестезиология бөлімшесінде мейіргерлердің пациенттермен кәсіби эмоциональдық жай күйінің таралу деңгейін зерттеу
Тәсілдер мен материалдар: Зерттеу жұмысында 38 респондент қамтылды.
АРҚТБ және кардиологиялық реанимация бөлімшелерінде медбикелердің эмоционалдық күйіп кету деңгейін зерттеу үшін келесі әдістеме қолданылды: Н.Водопьяновамен бейімделген К.Маслач пен С.Джексонның сауалнамасы. MaslachInventon (MBI) сауалнамасы Л.Маслач пен С.Джексонның үш факторлы моделі негізінде әзірленді. Бұл әдістеме эмоционалды қуатсыздануды, деперсонализацияны және кәсіби жетістіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу дизайны: : Сапалық зерттеу, феноменальды, рандомизирленген мақсатты, популяцияға негізделген
Зерттеу объектісі: 2020 жылы желтоқсан айында Қызылорда қаласының көп бейінді облыстық ауруханасының жан сақтау бөлімшесі және кардио-реанимацияның 38 мейіргерлері арасында сауалнама жүргізілді.
Зерттеу құралы: Көп бейінді облыстық ауруханасының жан сақтау бөлімшесі және кардио-реанимацияның бөлімшелерінде мейіргерлердің пациенттермен кәсіби эмоциональдық жай күйінің таралу деңгейін анықтауда сауалнама жүргізілді.
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде ғылыми – психологиялық әдебиеттерді, монографиялар мен мерзімді басылымдарды зерттеу және талдау жүргізілді, онда эмоциялық күйіп кету синдромының дамуына ықпал ететін негізгі ұғымдар, сиптомдар мен факторлар сипатталған. Зерттеудің екінші кезеңі үшін ЭКС анықтау үшін қолданылатын негізгі әдістеме алынды:.Маслач пен .Джексонның «күйіп кету» бойынша (MBI) сауалнамасы (Н.Е. Водопьяновамен бейімделген).Эмоционалдық сарқылу, деперсонализация және жеке жетістіктердің редукциясы бойынша шкалаларды қамтиды . «Адам-адам» типті кәсіптерде күйіп кету дәрежесін өлшеу үшін қолданылады. Үшінші кезеңде алынған нәтижелерге талдау жасалып, зерттеу нәтижелеріне статистикалық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу жүргізу арқылы көп бейінді облыстық ауруханасының жан сақтау бөлімшесі және кардио-реанимацияның бөлімшелерінде мейіргерлердің пациенттермен кәсіби эмоциональдық жай күйінің таралу деңгейін анықтауда , 22 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Сауалнама анонимді түрде өткізілді. Зерттеуге қатысушылардан жазбаша түрде зерттеуге рұқсат беретіндігі туралы келісім алынды.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Эмоциялық күйіп кету» синдромының даму тақырыбы бойынша ғылыми еңбектерді талдау кезінде осы тақырыптың өзектілігі және біздің елімізде зерттелуінің аз екені анықталды.
Эмоциялық күйіп кету деп физикалық, эмоциялық және ақыл-ойдың сарқылу жағдайы түсініледі. Бұл синдром үш құрамдас бөліктен тұрады: эмоциялық сарқылу, деперсонализация және кәсіби жетістіктердің редукциясы.
Зерттеу нәтижесінде келесі міндеттер қойылып, шешілді:
Көпбейінді облыстық аурухана базасында жүргізілген зерттеулер, медбикелердің эмоциялық күйіп кетуінің дамуының кәсіби қауіп-қатерлі тобы болып табылатынын көрсетті. Бұл зерттеуде қалыптастырылған ЭКС 61% медбикелердің бойынан табылды. Зерттелген еңбектер мен эмпирикалық зерттеудің алынған нәтижелеріне сүйене отырып, күйзеліс пен жұмыс қысымын азайтуға, кәсіби уәждемені арттыруға, жұмсалған күш пен алынатын сыйақы арасындағы тепе-теңдікті теңестіруге бағытталуы тиіс алдын алу шараларын дамыту қажет.
Практикалық ұсыныс: Зерттелген еңбектер мен эмпирикалық зерттеудің алынған нәтижелеріне сүйене отырып, күйзеліс пен жұмыс қысымын азайтуға, кәсіби уәждемені арттыруға, жұмсалған күш пен алынатын сыйақы арасындағы тепе-теңдікті теңестіруге бағытталуы тиіс. Алдын алу шараларын дамыту қажет.
Кәсіби стресстің алдын-алу және жою үшін-ұжым ішінде қолайлы климат, әріптестер мен әкімшіліктен эмоционалды қолдау керек.
Мейірбикелердің еңбек жагдайын жақсарту керек. Барлық жансақтау бөлімшелерінде автоматтандырылған керуеттер болуы керек. Жумыска жас мейіргерлер жане ер медбраттар тартылуы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі