Роман-эссе кейіпкерлерінің бірі – ұстаз, екіншісі – шәкірт. Яғни, ұстаз – Мұхтар Әуезов, шәкірт – Зейнолла Қабдолов. Жазушы М. Әуезовтың университет аудиториясында оқу шеберлігін, шешендігін көрсетіп, лекцияның танымдық табиғатын, тәлімдік мәнін сипаттай отырып, ұстаз образын жасайды. Автор М. Әуезовтың ұстаздық еңбегін бірнеше қырынан көрсетеді:
1. Университет аудиториясында лекция оқуы;
2. Кафедрада оқыту мен ғылыми зерттеу жүргізудің бағыт-бағдарын барлау;
3. Шәкірттермен аудиториядан тыс жағдайда әңгіме-дүкен құрып, оларға ақыл-кеңес беру.
Бұл туындыны басқалардан оқшаулап тұрған ерекшелігі – дара тұлғаның ұстаздығы мен жазушылық қасиетін тоғыстыра отырып, қатар суреттей білуінде. Оған шығармадағы: “Әуезов кәдімгі қазақтың “сегіз қырлы, бір сырлы” дейтін кісілікті Кіші, Ұлы тұлғасы. Ол ұстаз ғана емес, жазушы әрі ғалым” – деген сөздері дәлел бола алады. Зейнолла Қабдолов осы аталған үш қырының ішінен ұстаздық және жазушылық қасиетін өзгешелеп, даралап көрсетеді.
З. Қабдоловтың “Менің Әуезовым” роман-эссесінің өн бойында М. Әуезовтың санасы мен ғұмыры мен қызметінің өзара сабақтас ұстаздың және жазушының ұғымдары ерекше даралап көрінеді. Ал жалпы алғанда, бұл шығарма елдің өсер өркеніне халықтың ұлттық асыл құндылықтарын, қоғамдық сананың тазалығын сақтау, қорғау, өскелең ұрпаққа кінәратсыз тапсыруды ұсынған интелектуалды роман үлгісі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі