Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі

Бүгінгі уақытта, журнал саны көп екені жасырын емес, алайда, оның саны болғанымен, сапасы асып бармайды. Осы мәртте, ел ішінде танымал «Жұлдыз» журналының мазмұндық құрылымы, тақырыптық ерекшеліктері  өзгеше екенін бірден айтқан жөн деп ойлаймын. Осы тұрғыда, 23.06.2020 жылғы шығарылымының  «Қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасуы мен дамуы»  деген мақаласы бірден көзге түскен  болатын.

Мақала маған ұнады. Себебі ең біріншіден, бұл мақала елдің қазынасы – тілге қатысты. Бүгінгі таңда Қазақ тілі сақтау өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын бәріміз жақсы білеміз. Осындай өзекті тақырыптарды жазу менің ойымша, қазіргі уақытта бәрімізге қажет дүние. Мақала бойынша ойымды айтатын болсам, мақалада тарихи-дерек және таным бар, бұл өте жақсы деп ойлаймын, анық мысалдармен, тіл өзектілігі жайында айтылғаны, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан сияқты алаш арыстарының еңбегін көрсетіп қана қоймай, нақты мысал ретінде бейнелегені ұнады.

Мақала құрылымы бойынша жеңіл оқылады, есте сақталады, ұзақ болғанымен, бір тыныста оқылып, мақаланың соңына келгенін ұмытып та кеткен болатынмын. Көбінесе ұзақ мақалалар қызықсыз, бос әңгіме толы болып көрінеді. Бірақ бұл мақала менің ойымды толықтай өзгертті десем, өтірік айтпаспын.

Қосымша, мақалада қазақ тілінің қолдануы, қазіргі уақытта дамып келе жатқаны, алға қарай қадам басып жатқан азаматтардың еңбегі туралы айтылғаны орынды. Мақала авторы көп ақпарат ізденгені бірден-ақ көзге көрінді. Автор Қазақ тілші-ғалымдары тіл білімінің барлық салалары бойынша зерттеу жазып, теориялық терең ғылыми еңбектер туғызған А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Х. Досмұханбетұлы, Қ. Кемеңгерұлы, С. Аманжолов, Н.Т. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев еңбектерін кеңінен пайдаланып, осындай  керемет  мақала  жазғаны  ұнады.
Менің ойымша, осындай қазақ тілінде жеңіл, оңай оқылатын, әдеби-көркем стильмен жазылып, нақты мысал келтірілген мақалалар көп болса, тіліміз ары қарай  дамуға  ұшырайды  деп  ойлаймын.

Жұлдыз журналының «Жас Толқын» бөлімінде көзім тұсті. Нешетүрлі кереметтей еңбектер жарық көрген. Солардың бірін алсам, Дана Асылжанова жазған «Үш тұғырлы тіл аясында ағылшын тілін оқытудың жүйесі» атты мақаласы бірден көзге түскен еді.

Мақала еліміздің президенті Қ.Тоқаев үндеуінен басталғаны, мақаланың өзектілігін көрсетеді, мақалада ғылыми-сөйлеу стиль басымырақ болып табылады. Одан бөлек, нақты ақпарат берілген, құрылымы тақырыбына сай болып табылады. Оған дәлел, автордың атап өткен нақты қадамдары болып келеді. Мақала көлемі бойынша көп емес, нақты ақпаратпен қамтылғаннан кейін, бұл жерде бірде-бір тақырыпқа сай емес сөйлем көрген жоқпын. Маған бұл мақаланың жинақталғаны қатты ұнаған болатын.

Содан кейін, осы 18.04.2021 жылы жарық көрген Тұрсынхан Зәкеннің «Ел Қаған» Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылына арналған мақаласын таңдадым.

Мақала өлең ретінде берілген, бірақ ол тек бір көзбен қараған кезде ғана солай көрінеді. Оның мән-жайын оқу барысында түсіне бастайсын, бұл жай ғана өлең емес, тарих тербелісі мен автордың ойы жатқан терең сөздер жинағы болып табылады. Өлеңде автордың сөзге шешен, бай екені бірден көрінген болатын. Автор тарих беттеріне үңіліп, ақпарат жинағаны әб-сәтте байқалады.

Келесі мен белгілеген мақала, Нұрлан Сәрсенбаев жазған  «Мұқағали күнделігіне зер салғанда» атты шығарылымы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ баласы жайында, Мұқағали Мақатев тұлғасын қамтыған болатын. Автор әйгілі жазушының, «өз уақытының сұлтаны» жайында біршама қызықты ақпарат берген болатын. Мұқағаи Мақатаев әлем қазақтарында ең көп насихатталған ұлы ақын, бүкіл қазақ поэзиясының алтын тізгінін ұстаған заңғар тұлға екеніне, тағы да көзім жетті, осы мақала арқасында, Мұқағали атамыздың қаншама еңбекқор, жұмысына адал, ісін беске білетін тұлға екенін көруге болады. Нұрлан Сәрсенбаев деген кісіге мың рахмет алғыс білдіремін. Себебі қазіргі уақытта, Мұқағали Мақатаев туралы мақала шыға бермейді, ал бұл өкінішті, себебі бұл кісі сияқты адам бір ғасыр бір  туар   десем,  артық  айтпаспын.

Енді жалпы журнал жайында айтатын болсам, осы алған мақалалардың ортақ мазмұндық ерекшелігі, оқырман адамның көңілінен орын табу деп ойлаймын. Мен таңдаған мақалалар сәйкестік пе, білмеймін, бірақ осы 4 мақала бір тыныста оқылатыны,маған қатты оң әсерін тигізді. Бұл мақалаларды бір адам жазған секілді болып көрінген еді алғашында, мақалаларға тән мыналар: тақырып толық ашылуы, артық әңгіменің болмауы, аты затына сай екендігі, автордың ізденісі болғаны. Осы белгілер мен оқыған әрбір мақала болған еді.
Мақалаларды оқығаннан кейін, ойланатын әсерде болдым.Мысалы «Қазақ тілін дамуы» ең бірінші айтып өткен мақала, кәдімгідей адамға ойландырып жібереді. Ойланғанда, Ахмет Байтұрсынұлы секілді ұлы тұлғалар қаншама еңбек қалдырып кетті, олардың болашаққа үмітін, сеніммен қарағаны көңілдің төріне тигендей болды. Тарихи ақпарат берілген соң, үңіліп оқу барысында, бойымда  толқу  әсері  оянған болатын.

Қорытындылай келе, бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі ол оқырман орнымен мақалаға қарау, әрбір автор өзін біріншіден жазушы емес, оқырман сияқты елестетеді деп ойлаймын, себебі кейбір мақалаларда автор тек біржақты ғана жазып, сөйлеу мәнін мақала ортасында жоғалтып алатынын жиі көреміз, ал бұл тұста, сөз байлығы мен көркемділігі мол екендігін бірдей тануға болады.
Маған бұл журналдың барлық қырлары ұнады, және әрі қарай, осы журналдың жиі оқырманы боламын деген үміттемін.

Тоқанова Аяужан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз