Беда Леонид Игнатьевич

Басты бет / Рефераттар / Беда Леонид Игнатьевич

Беда Леонид Игнатьевич — Рефераттар бөліміндегі материал.

Материал — Беда Леонид Игнатьевич, Кеңес Одағының Батыры — осы тақырыптарға байланысты.

Леонид Игнатьевич Беда 1920 жылы Қостанай облысының Ленин ауданындағы (бұрынғы Ұзынкөл) Ново-Покровка селосында қоныс аударған шаруа жанұясында туады. Ұлты украин, КПСС мүшесі. Леонид Игнатьевич Оралдың мұғалімдер институтын, сонымен бірге аэроклуб оқуын бітірді. 1940 жылы тамызда оны Орынбор авиация училищесіне оқуға жібереді. Жауға қарсы ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумның 1944 жылғы 26 қазанындағы Жарлығы бойынша Леонид Игнатьевич Бедаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1945 жылы 29 маусымында тағы басқа көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін бұл атақ оған екінші рет берілді. Сталинград шайқасының қаһарлы күндері ұшқыш-штурмовик сержант Беда Волга бойындағы қаланы қорғаушылар қатарында болды.

Жауға қарсы тұңғыш рет ұшып шыққанда-ақ ол жаралы болды. Оның штурмовигі қатты зақымданды. Сержант барлық күш-жігерін жинап әзер дегенде өз аэродромына оралады. Самолеттің 350 жеріне оқ тиіп, жауынгерлік машинадан гөрі торға көбірек ұқсады. Ол үшін жауынгерлік шайқай тамаша сабақ болды. Енді ол алдын ала болжап, фашист құзғындарының ниетін дәл аңғарып отырды. Миус түбінде ол біздің 6 самолетімізді бастап 24 неміс истребителіне қарсы ұрыста жеңіп шықты. Донбасты, Таганрогты азат етуге қатысты. Дұшпанға ойдағыдай шабуыл жасап, соққы бергені, оның соғыс техникасы мен әскерін жойғаны үшін Л.И. Бедаға Қызыл Жұлдыз ордені, екі Қызыл Ту ордені тапсырылды. Қырым бойында жау тобын талқандауда көрсеткен ерлігі, батырлығ мен қаһарлығы үшін КСРО Жоғарғы Қеңесі президиумның 1944 жылғы 26 қазанындағы Жарлығы бойынша Л.И. Бедаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Даңқты кеңес сұңқары фашистердің коммуникацияына, өзен өткелдеріне, темір жол станцияларына, ұзақ уақытқа арналып салынған атыс бекінсітеріне, бекініс қамалдарына, көшедегі баррикадаларына, аэродромдарына ажал оғын үсті-үстіне төгіп отырды. Батыр ұшқышқтың жауынгерлік істерін фашитер жақсы білуші еді. Аспанда Л.И. Беданың машинасы көрінгенде фашист құзғындарының зәресі ұшып, радиомен бір-біріне: «Әуеде Беда» деп хабарлайтын-ды. оларға шынында да қырғи тигендей болушы еді. Леонид қызмет атқарған 75-гвардияшы Сталинград штурмовик авиация полкі Кеңестік Белоруссияны азат етуге, Пруссия милитаризмінің тажал қамалы – Кенинсбергтің құлауына келелі үлесін қосты. Кенинсберг құлаған күні Беда жауға қарсы 211-рет ұшқан еді. Фашист қамалына шабуыл жасауға қатысқаны, штурмовиктердің эскадрильясын шеберлікпен басқарғаны үшін, Отан үшін ұрыстарда батырлық пен ерлік көрсеткені үшін, гврдия майор Леонид Игнатьевич Беданы командование Кеңес Одағының Батыры атағын беруге екінші рет ұсынды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның 1945 жылғы 29 мауысымындағы Жарлығы бойынша ол Алтын Жұлдыз медалімен екінші рет марапатталды.

Леонид Игнатьевич соғыстан кейін Қызыл Тулы Әскери-әуе академиясын бітірді, қазір гвардия генерал-майор Л.И. Беда Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарып жүр.

Қостанай қаласының Жеңіс алаңында Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Леонид Игнатьевич Беданың қоладан жасалған мүсіні қойылған.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Беда Леонид Игнатьевич деген не?

Бұл бетте Беда Леонид Игнатьевич тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Рефераттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Беда Леонид Игнатьевич материалы Рефераттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Рефераттар бөліміндегі басқа материалдар Беда Леонид Игнатьевич тақырыбындағы материалдар Кеңес Одағының Батыры тақырыбындағы материалдар