Балет — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет — ой мен жан құбылы сын қозғалыс, дене кимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Балеттің дәстүрлі музыкалық-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды.
Балеттің негізгі элементтері халықтың музыка-би шығармаларымен тікелей байланыста туған. Еуропада (Италия, Франция, Англия, Испания, т.б.) балет Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. 17 ғасырдың 2-жартысында өмірге опера-балет және комедия-балет келді. 18 ғасырда Англия, Австралияда, кейінірек Францияда балет өнердің жеке бір саласы болып қалыптасады.
Содан соң ұлттық балет мектептері (француз, италиялық, т.б.) шыға бастады. Келе-келе балет техникасы жетіліп, айналма, секірме қимылдардың ой емеурінін берудегі мәні терендей түсті. 20 ғасырда балет Шығыс елдерінде (Египет, Түркия, Жапония, т.б.) дами бастады. Орыстың балет өнері 18 ғасырдың екінші жартысынан қалыптасып, ыңғайымен жүйеге түсті. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстын ұлы композиторы Петр Чайковский болды. Балетмейстерлер Мариус Петипа мен Лев Иванов орыстың халық билерін классикалык би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі» және «Щелкунчик» (1890-95) балеттерін қойды. Чайковскийдің балет музыкасында игі дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытуда Александр Глазунов, Игорь Стравинский, Сергей Прокофьев, т.б. көптеген композиторлар елеулі еңбек етті. Орыс бишілері Анна Павлова, Вацлав Нижинский, Тамара Карсавина, Екате-рина Гельцер, Михаил Мордкин, Василий Тихомировтар балет өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. 20 ғасырдағы орыстың балет өнері Англия, Францияда балеттің қайта өркендеуіне, ал АҚШ-та балеттің тууына игі әсер етті.
Галина Уланова, Марина Семенова, Наталья Дудинская, Ольга Лепешинская, Майя Плисецкая, Вахтанг Чабукиани, Гамэр Алмасзаде, Бибісара Бейшеналиева, Зайтүнә Насретдинова, Мүкәррәм Тұрғынбаева, Лариса Сахьянова, Шара Жиенқұлова секілді бишілер есімі өнер әлеміне мәшһүр болды. Балет өнерінің кадрларын бұрынғы Мәскеудегі Театр өнері институты мен Мәдениет институты, Санкт-Петербург консерваториясы, Қазақстанда Алматы жоғары би өнер мектебі даярлады. Қазақ балеті әуелде драмалық, опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. Тұңғыш қазақ режиссері Жұмат Шанин ұлттық балетті халық топырағында бар элементтер негізінде, туыстас елдер пластикасына негіздеп жасау керек деген ойын «Қоян-бүркіт», «Киіз басу», «Өрмек би», «Шашу» секілді билерді сахнаға шығаруда іске асырған. Қобыз, домбыра ырғақтары, күй әуезі балет музыкасына арқау болып, оның ұлттық, даралық ерекшелігін айқындады. 1938 жылы қазақ музыка театрында казақтың түңғыш балеті «Қалқаман-Мамыр» қойылды. Жер-жерде балет спектакльдерін қоятын халық театрлары («Алматының жас балеті», Қарағандының мәдениет сарайы, т.б.) құрылды. 1986 жылы құрылған «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қазақ би өнерінің жана белесі болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мен
Ұнады рахмет сізге алғысымыз шексіз болды
Мен
Ппрлипттлзлммомомосжшчср мен Намаз Балн сабақта бармын ғой деймін мен