Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс күні

Қазақстанда мамырдың 9 Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн Қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың төртеуі бұл атаққа екі мәрте ие болды. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155 ,3 мың тонна мақта тапсырды. Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді. Қазақстан майданға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай-ақ, республикамыз 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.

Фашистік Германияның жеңіліске ұшырап, капитуляция актісіне қол қойылған күн 1945 жылдың 8-мамыр күні. Бірақ Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күні 9-мамыр күні тойланады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Bain

Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз