Эволюция теориясы шыққаннан бері бір-біріне қарсы кеңінен өріс алған, алғашқы күннен бастап дарвинизмді неоламаркизм немесе оны социал-дарвинизммен алмастырғысы келетін көзқарастардың тартыстары басталды. Неоламаркизмді психоламаркизм және механоламаркизм деп бөледі. Психоламаркизм эволюцияның басты факторы мінез-құлық (психика) деп есептейді. Олардың пікірінше, эволюцияға жаңа әрекеттерді, жаңа дағдыларды бейімдеуді қалыптастыру қажет, яғни біліп істеген дағдылар соңынан автоматизмге айналады деп есептейді. Психоламаркистер табиғи сұрыптауды мойындамайды, олардың пікірі бойынша тұқымқуалаушылық дегеніміз бар болғаны қоршаған ортаның әсерін есте сақтау және келесі ұрпақтары соны қайталайды деп ойлайды. Механоламаркистер, эволюцияның негізі материяның жіктелмеген күйден жіктелген күйге ауысуы деп есептейді. Организм мен орта өзара қатынаста болып, осы қатынасты бейтарап күйде ұстауға ұмтылады және ортаның әсерінен тепе-теңдік жиі бұзылады дейді. Тепе-теңдіктің қалпына келуі, ортаға бейімдеушілікпен және табиғи сұрыпталудың жанама әсерлерінің нәтижесінде жүзеге асады дейді. Неоламаркистердің барлығы да организмдердің органикалық біртұтастылық қасиеттері тән және осы қасиеттер оларға жаратылған күннен бастап берілген деп есептейді.
Социал-дарвинизм XIX ғасырда пайда болып, XX ғасырда оның негізін Э. Геккель салды. Ол дарвинизмді қорғауда және оны көп насихаттауда көп еңбек сіңірді. Бірақ, Э. Геккель және басқа социал-дарвинистер Ламарктың көзқарасынан ауытқып, олар сұрыпталу мен тікелей бейімдеушілікті бір-бірікен тең қойып, пайдалы белгілер тұқымқуалаушылыққа негізделген деп есептейді. Сонымен қатар олар қоғамның даму заңдылықтарын тікелей биологияның заңдылықтарымен түсіндіруге тырысты. Қоғамның негізгі қозғаушы күші тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп есептеді. Табиғи сұрыпталудың негізінде қоғамдағы класстың және қоғамның пайда болуын, бағынышты елдердегі (қазіргі дамушы елдер) халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігін биологиялық себептермен түсіндірді. Қазіргі жаңа кезеңде социал-дарвинистер евгендермен бірігіп, адамның геномдарын қайта қарау керек деген көз қарасты ұсынады. Бірақ, көптеген биологтар социал-дарвинистердің, евгендердің адам геномын қайта жоспарлауын мойындамайды.
Дарвинизм ілімі алғашқы пайда болған күннен бастап, оған католиктер шіркеуі қарсы болды, осы шіркеудегілер қанша уақыт өтсе де эволюцияны мойындамайды. Бұлардан басқа, осы уақыт ішінде креационистердегі эволюцияға қарсы, қазіргі кездегі «ғылыми» креоционистер де қолдамайды. Бірақ, көптеген нақты дәлелдердің арқасында, соңғы жылдары эворлюция туралы тұжырымға деген көзқарастар өзгерді. 1996 жылдың қазан айында Папа академия ғылымына жолдауында Рим папасы Ионн Павелл II эволюция тұжырымын қуаттаған көптеген мэліметтер келтіре отырып, оны мойындауға болмайды деді. Рим папасы, экспериментті түрде ғалымдар тіршіліктің пайда болуының қозғаушы күштерін өлшеп, жазып, оны эволюциялық өлшем бірлігінде түсіндіреді, сондықтан эволюция «тұжырымы теориядан да жоғары…» деп мойындады. Осы мойындау арқылы, эволюциялық көзқараспен католиктер шіркеулері арасындағы ұзаққа созылған келіспеушілік жойылды. «Шіркеуден қолдау табатын ғылыми» креационистер, енді басшыларының жаңағы Жолдауынан кейін, олардың көзқарастарын қолдайтындар азая бастады. Адамдардың ғылыми танымдық дүние көзқарастарының қалыптасуында және дүниеге ғылыми көзқараспен қарауын қалыптыстыруда эволюцияны мойындаудың маңызы өте зор.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі