Алаш партиясы — қазақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды.
Алдымен Ә.Бөкейхановтың жетекшілік етуімен Партияның облыстық ұйымдары кұрылды. 1917 жылдың қазан айында Семейде (төрағасы — Халел Ғаббасов), Омбыда (төрағасы — Айдархан Тұрлыбаев), ал қараша айында Орынборда (төрағасы — Әлихан Бөкейханов) облыстық партия комитеттері ұйымдастырылды. Сөйтіп, жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды.
Партия бағдарламасының жобасы 1917 жылғы «Қазақ» газетінің 251 санында жарияланды. Бағдарлама бойынша Алаш партиясы қазақ облыстарының, қазакқ халқының бір мемлекетке бірігіп, Ресей Федерациясының құрамына автономиялық негізде енуін қолдады.
Алаш партиясы қазақ ұлттық мемлекетін кұру, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау, т.б. істерге белсене ат салысты.
Алаш партиясының көсемдері бірнеше ғасыр Ресей империясының отары (белгілі бір мемлекетке бағынышты, тәуелді елді айтады) болып келген Қазақстанды езгіден құтқару және оның мемлекеттілігіне қол жеткізу мақсатын көздеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі