Өлең, жыр, ақындар

Тұсау кесер тойына құттықтау, тілектер

Қадірлі меймандар! Асыл ағайындар!
Тәй-тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!

*** *** *** ***

Бүгін алтын баламыздың тұсауы кесілді, күрмеуі шешілді. Болашағына қадам басты, сол қадамды кішкентай бір адам басты.
Өмір жолы жарқын болсын, қуанышқа бар күн толсын! Көзінен жас ақпасын, удың дәмін татпасын! Батпақтарға батпасын, елін-жұртын мақтасын! Сүрінбесін – әрдайым осылай мен зарлайын! Басына бақ орнасын, Қыдыр оны қолдасын!

*** *** *** ***

Құрметті қонақтар! Ағайын-туыс, бауырлар!
Бүгін тұсауы кесілген азаматымыздың дені сау болып, ата-анасына қуаныш пен бақыт сыйласын. Өмірде сүрінбесін. Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін!

*** *** *** ***

Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі нұрға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын, білегі қуатты болсын! Сүрінбей алға ұмтылсын, жолын кесіп кім тұрсын! Бақ әкелсін бәріңе – жасы менен кәріңе!

*** *** *** ***

Ананың тілегі

Оқуда зерек бол, ұйқыда сергек бол!
Істе шебер бол, тұйықта көсем бол!
Ойда мәнді бол, тойда сәнді бол!
Үлкенге тең бол, кішіге кең бол!
Ел үшін жауыр бол, жақсыға бауыр бол!
Достарың сүйінсін, дұшпаның күйінсін!
Құлқынға елікпе, мақтанға желікпе!

*** *** *** ***

Әкенің тілегі

Ескен желдей жүйрік бол,
Қарағайдай сүйрік бол!
Өз ісіңе берік бол,
Ата-анаңа серік бол!
Үкідей үлпілдеп тұр,
Жорғадай бүлкілдеп жүр!
Шаршамай шарықтағын,
Ешқашан тарықпағын!
Жолың ашық болсын,
Алдың нәсіп болсын!
Достарың көбейсін:
Доссыз – кедейсің!
Кедергінің кесірі тимесін,
Жақсылық ісің күймесін!
Адымың алға ғана сүйресін.

*** *** *** ***

Ата айтар бір тілек

Еліңе ырыс-құт орнасын,
Жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек аянның құрбаны болма,
Озбырлардың шұлғауы болма!
Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын –
Жігіттің сұлтаны атанып,
Өнерің сегіз қырлы болсын!

*** *** *** ***

Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік-сахнадан.

Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.

Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.

*** *** *** ***

Тәй-тәй басқан кішкентайымыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын! Өмір жолы ақ, түзу болсын! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін! Өмірі нұрға, көңілі жырға бөленіп жүрсін!

Кішкентай адамның басқан қадамы құтты болсын! арайлап атқан әр таңы қуанышқа толы болсын! Көзінен жас ақпасын, жамандықтың дәмін татпасын! Қадамын сүрінбей басып, тек қана алға ұмтылсын, басына бақ орнасын, Қыдыр қолдасын!

*** *** *** ***

Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәніки өзіңді сына да
Секірсең құздардан сүрінбе
Шыңдарға   шыққанда бүгілме.
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасың түгіңде.
Ұзақ боп Иншалла өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің.

*** *** *** ***

Кесілді балам тұсауың,
Жалтақтамай аяқ бас!
Биік болып ұшарсың,
Асқарлармен қанаттас.

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Шілдехана баталары

Балаларға баталар

Қыз балаға бата

Тұсау кесер баталары

Туған күнге арналған тілектер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (12)

Дидар

Тұсау кесер тойларың құтты болсын!

Гүлжан

Қара сөзбен жазылған тілектер көп болса екен.

Манат

Жаксы т!лектер

Інжу

Өте күшті

Айсауле

Жақсы

Керемет

Жаксы

Арман

«Тұсау кесер тойына құттықтау, тілектер» — баланың алғашқы маңызды қадамы мен болашағына бағытталған ең жылы сөздерді біріктірген тамаша материал. Мұнда сәбидің өсуіне, ашылған жолына, денсаулығы мен бақытты өміріне тілек айтылатын мәнді әрі ықыласты сөздер бар.

Бауыржан

Тұсау кесер тойына құттықтау тілектер – тамаша жинақ! Отбасылық қуаныштарға осындай жылы сөздер көмектессін! Үлкен рахмет ұжымға! Өте ұсынамын!

Риза

Тұсау кесер тойына арнаған құттықтаулар —
балаға сүрінбестен, нық қадам басып, өмір жолында әрқашан қуанышты болуын тілеу;
баланың бойына күш‑жігер, денсаулық пен бақыт тілеп, оның болашағын нұрлы ету тілек‑құттықтауы;
ата‑анаға, ағайын‑туысқа қуаныш пен бата тілеу сөздері сияқты жүрекжарды ойларға толы.

Талғат

Рахмет!!!

Алимбек

Тұсау кесер тойына арналған бұл құттықтаулар — баланың алғашқы қадамына арналған ең ізгі тілектердің бірі.

Осман

«Тұсау кесер тойына құттықтау тілектер» — қазақтың ұлттық салт‑дәстүрінің мәнді, тағылымды және жүректен шыққан құттықтау сөздеріне арналған таптырмас жинақ. Тұсау кесу — бала өміріндегі тұңғыш маңызды тойлардың бірі, оның алғашқы қадамдарын, денсаулығын, болашағын тілеу мен бата беру рәсімі ретінде ұлт мәдениетімізде ерекше орын алады. Осы себепті, оған арналған құттықтау сөздер мен тілектердің мағынасы да ерекше, тәрбиелік және рухани терең.

Ұсынылған тілектер — салт‑дәстүрдің тәрбиелік мәнін ұмытпайды. Олар арқылы ата‑аналар, әжелер мен апалар баланың денсаулығына, бақытты өмірге, батылдық пен қайсарлыққа байланысты көкейкесті армандарын білдіре алады. Қазақ халқы ежелден балаға тілек айтқанда жүрек қалауымен, тілектің мағынасына мән беріп сөйлеген — бұл ұлттық әдептің белгісі.

Құттықтау сөздер тойдың атмосферасын одан әрі жылытып, отбасылық бірлік пен балаға деген сүйіспеншілікті аша түседі. Тұсау кесер тойы — балаға арналған алғашқы үлкен рәсім болғандықтан, оған айтылған құттықтау сөздер әрдайым әсерлі, мағыналы және жүрекке жақын болуы тиіс. Осы мақаладағы тілектер дәл сол мақсатқа қызмет етеді: олар отбасына, туған‑туысқа, балаға тілек айтып, әрбір қадамға бата беру арқылы қуаныш сыйлайды.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау — бүгінгі қоғам үшін де маңызды. Бұл сияқты мақалалар қазақтың салт‑дәстүрін, ұлттық ой‑сананы, рухани әрі тәрбиелік жағынан бай мазмұнды сөздер мен тілектер жинағын таныстырып, елдік пен рухани тамырдың нығаюына үлес қосады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз