Қазіргі таңда діннің атын жамылып, өздерінің қитұрқы әрекеттерін, сенімдерін тарататын көптеген діни жат ағымдар бар. Жалпы осы діни жат ағымдардың мақсаттары:өздерінің сенімдерін тарату, өздерінің сенімдеріне көптеген адамдарды өз қатарына қосу болып табылады десекте болады. Бұндай діни жат ағымдар бір елге бармас бұрын, сол елдің мәдениетін, тілін, тарихын жетік меңгеріп барады. Біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген жат ағымдар орнығып, өздерінің әрекеттерін жүзеге асыруда. Қазіргі таңда көптеген жат ағымдардың алдын алып, шектеу қойды. Бірақта жасырын түрде өздерінің миссиясын орындап жүрген біршама жат ағымдар бар. Бұл ағымдардың адам өміріне қауіп төндіретіндей жағдайғада жетуі мүмкін. Олар тек өздерінің сенімдерін ғана дұрыс санап, басқаларын мүлдем мойындамайды. Жалпы көптеген ағымдар Ислам дінінің атын жамылып әлі күнге дейін өздерінің сенімдерін көптеген жастарға таратып жүр.
Бүгінгі таңда өздерін мұсылманбыз деп, басқаларды кәпір деп есептейтін Әт-тәкфир уәл хиджра атты ағым сенімдерін таратып жүр. Жалпы жат ағымдардың ең қауіптісі экстремизм, терроризмге әкеліп соғады. Бұндай ұйымдар тек бір ғана адамның емес көптеген адамдардың өміріне қауіп төндіретін ағымдар болып табылады. Көптеген мемлекеттер осындай адам өміріне қауіп төндіретін ағымдардың алдын-алу шараларын жүргізеді. Осындай ағымдар тек Ислам дінін ұстанатын мұсылмандардың мемлекеттерінде ғана емес, әлемнің түкпір түкпірінде орын алып жатыр десекте болады.
Жалпы ағымдардың өздерінің қойылған мақсат міндеттері болады, оларда өздерін қаржыландыру тағы да басқа көптеген шаралары бар. Олар сенімдерін таратпас бұрын көп дайындалады. Кейін сенімдерін жасырын түрде таратып, уағызшылар уағыздарын айтып, көптеген адамдарды, әсіресе жастардың ойын, көзқарасын өзгерту арқылы өздерінің қатарларына қосады.
Діни жат ағымдардың миссионерлік әрекеттеріне нақтылай көшсек. Әр діни ағымдардың өздерінің сенімдерін дәріптеп, сол сенімдеріне адамдарды кіргізетін өздерінің жеке дайындалған адамдары болады. Олар мысалға:уағыз айтушы адам болуы мүмкін, аратор болу арқылы, қарапайым адам болуы мүмкін. Олар адамдардың осал тұстарын табу арқылы көңілдерін өздеріне қаратып, ақырындап сенімдеріне кіргізеді. Олар көптеген кітаптарға, хабарландыру секілді сенімдерін жазып қояды, мысалға:”өмірден күйзеліп жүрсең біздің қатарымызға қосыл, біздің қатарымызға қосылсаң жан рахаттығын сезінесің” дегендей жазып қояды десекте болады. Сол ағымдардың ішінде сөзге шешен араторлары болады. Олар сол өздерінің сөлей мәнерімен ағымдарын уағыздап, адамдардың назарын өзіне бұру арқыл өздерінің сенімдерін таратуы мүмкін. Бұндай жат ағымдарға әсіресе діни білімі жоқ адамдар, әбден күйзелген адамдар, өзін жалғыз сезінетін адамдар, жастар кіріп кетіп жатады. Мысалға:жастардың арасында дос болып жүріп ақырындап өз сенімін жақсы жағынан айтып кіргізетіндерде бар. Қазіргі жастарды діни білім, діни сауат өте аз болып табылады, соның барысында оларды көптеп кіргізіп жатыр. Ақ-қараны ажырата алмайтындар, өте сезімтал адамдардыда алдап кіргізіп жатқан жайлары бар. Келесі бір ағымдар, осындай технология дамыған заманда, өздерінің әрекеттерін осы интернет желісі арқылыда таратып жатыр. Қазіргі таңда адамдардың барлығы дерлік әрқайсысында ұялы телефондары бар. Көптеген жастарымыз жаңадан дін жолына түскелі тұрған жастар, осы интернет желісі арқылы басқа жат ағымдардың парақшаларына кіріп сол сенім бойынша құлшылық жасап, уағыздарын тыңдап кетуі әбден мүмкін. Міне осындай көптеген себептер арқылы да басқа көптеген ағымдардың арбауына түсіп жатады.
Бірақта қазіргі таңда елімізде осындай діни жат ағымдарға қарсы көптеген ұйымдар ашылған. Ол ұйымдар осы ағымдардың құйтырқы әрекеттері іске аспас үшін жұмыс істеуде. Тәуелсідік жылдары елімізде көптеген жат ағымдар келді, олар өздерінің миссионерлік әрекеттерін жасау арқылы олардың қатарлары көбейді. Қазіргі таңда олардың алдын алу шаралары жақсы жүзеге асуы барысында қазір көптеген ағымдарды елімізден шектеткен.
Қорыта келсек әр елде, мемлекетте жастарға діни сауат берсе, өздерінің діндерін жетік білсе, бұндай діни жат ұйымдарға алданбайтын болады. Осындай діни жат ағымдардан сақтануымыз қажет.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия және Саясаттану»кафедрасының Дінтану мамандығының 4-курс студенті Жақанбай Дархан Жетекші: PhD аға оқытушы: Мұқан.Н
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі