Өлең, жыр, ақындар

Жасөспірімдік ортадағы буллингті диагностикалау және алдын алу

Сыпабек Жанеля
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Буллинг проблемасы әрқашан және адам өмірінің барлық кезеңдерінде, білім беру мекемесінде балалық шағында да, жұмыстағы ересек өмірде де болды. Жасөспірімдік кезең – тұлға дамуының ең қиын, қайшылықты кезеңі. Бұл кезеңде физикалық және психологиялық өзгерістер орын алады, Жасөспірімдік кезеңде жыныстық жетілу, өзінің «Менін» іздеу процесстері жүреді. Білім екінші жоспарға түсіп, жасөспірім үшін оның құрдастары референттік топқа айналады, көшбасшылық үшін күрес, қақтығыстар пайда болады.

Жасөспірімнің қақтығыстарға қатысуы қалыпты жағдай болғанына қарамастан, буллинг проблемасы қорлаудың ұзақ уақыт бойы орын алуында. Көшбасшылық үшін күресте әркім өзін басқа құрдасының фонында көрсеткісі келеді және қудалау басталады. «Жәбірленушінің» мәртебесін өзгертуі өте қиын, ол «құқық бұзушы» және оның достары тарапынан үнемі шабуылдарға ұшырайды. Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық көрсету әрекеттерінің алдын алу және тоқтату бүгінгі күннің маңызды  тақырыбы болып табылады.

Буллинг туралы XXI ғасырдың басында зерттеле бастады, 1905 жылы К.Дюкс өзінің буллинг туралы еңбегін жариялады, бұл осы мәселені зерттеуге негіз болды. Адамдар бұл мәселенің бар екендігі туралы айта бастады, Еуропа елдерінің зерттеушілері, мысалы, Д.Ольвеус, Д.Лэйн, Таттуи және басқаларына буллинг түсінігі қызықтыра бастады.

Отандық ғылымда буллингті жан-жақты зерттеу енді ғана басталып жатыр, бұрын буллинг жағдайының жекелеген бөліктері – агрессия мен зорлық-зомбылық қарастырылатын. Ресейде буллингті И.С. Кон, О.Л. Глазман, И.Бердышев. А.А. Бочавер және К.Д. Хломов  зерттеудің үш негізгі тәсілін анықтады: диспозициялық, уақытша және контекстік.

Әртүрлі ғалымдар «буллингті» қорлау, террор, зорлық-зомбылық, мінез-құлық үлгісі, агрессия, өзара әрекеттесу стереотипі, жағдай және т.б. деп түсінеді. Бұл тұжырымдаманың әлі күнге дейін біртұтас нақты анықтамасы болмағанына қарамастан, барлық ғалымдар буллинг - бұл ұзақ уақыт бойы орын алатын қорлау деп келіседі. Зерттеушілер сонымен қатар буллингтің физикалық және психологиялық көріністері бар екенін атап өтті.

Ғылыми психологиялық әдебиеттегі «буллинг» түсінігін талдау, мектеп қабырғасындағы зорлық-зомбылық мәселесі XXI ғасырдың басында қарастырыла бастады. 1905 жылы К.Дюкс буллинг тақырыбында еңбегін  алғаш рет жарыққа шығарды. Буллинг мәселесінің алғашқы жүйелі зерттеулерін скандинавиялық зерттеушілер: Д.Ольвеус, П.П. Гейнеман, А.Пикас, Э.Роланд. Авторлардың тұжырымдамасы бойынша буллинг түсінігі – (ағылшын тілінен аударғанда bully) қудалау, кемсіту және дискриминация деп анықтады.

Уақыт өте келе бұл мәселемен, яғни, буллингті зерттеу британдық ғалымдарды қызықтырды. Олар: В.Т. Ортон, Д.А. Лейн, Д.П. Таттум, Э.Мунте.

Таттум буллингті тұлға өзін қоғамнан оқшауланған, қорққан, іс - әрекет бостандығынан айырылғандай және өзін әлсіз және дәрменсіз сезінеді, өзге адамдардан ұзақ уақыт бойы физикалық түрде шабуыл алған немесе қорқытумен қоса зорлық-зомбылықтың ерекше түрі деп түсіндірді.

Д.Лэйн өзінің зерттеулерінде Э.Роландтың еңбектеріне сүйеніп, буллингке түсіндірме жүргізді: қорлау, ол қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де болуы мүмкін зорлық-зомбылық, физикалық немесе психикалық сипатта болуы мүмкін және буллингке ұжыраған адамның сипаты: қазіргі жағдайда өзін-өзі қорғауға қабілетсіз жеке адамға немесе адамдар тобына қатынасы.

АҚШ-та буллингке ерекше көңіл бөлуді 1990 жылдары Каталано, Хокинс, Харарчит көрсете бастады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз