Қазіргі 21 ғасыр уақытында әлемдегі ең өзекті тақырыбтардың бірі дін болып отыр. Дін тек осы заманда ғана емес, адамзат санасы дамығаннан бастап өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әлемдегі түрлі конфессиялардың бейбітшілікпен достастықта өмір сүріп, бірге дамуы әр мемлекетке оң әсер беретіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасы өз кезегінде бір аспан астында қаншама дін өкілдерімен, 18 конфессияны бірлікте ұстап отырған мемлекеттер қатарында деп толық сеніммен айта аламыз. Қазіргі уақыттағы қалыптасқан жүйе мемлекетімізде әрқашанда болған жоқ. Тәуелсіздігін алған жас мемлекет болған соң, бастапқы уақытта дін мәселесі шиеленіскен шешімін табу керек мәселелер қатарында болды. Дінтанулық пен діни білімнің жоқтығы, маман кадрларының жетіспеушілігі мен тәжірбиесіздігі ел ішіндегі дін мәселелеріне кері әсерін тигізіп, осы саланы дамытуға септігін тигізді. Алғашында ел ішінде толып кеткен деструктивті ағымдар, осы саладағы әлсіздікті пайдаланып қаншама азаматтарды теріс жолға түсіріп, халық арасына арандатушылықтар жасап отырды. Бірақ мемлекет қауіпсіздігің қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар, бұл проблемаларды дер кезінде қолға алып шешімін тапты. Ал қазіргі кезде елдегі дін мәселесі бақылауда ұстап тұра алатындай деңгейге жетті деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 22-бабында «Әр азаматтың ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бұл азаматтардың кез келген дінді ұстану, конфессиясын өзгерту және діни білім алу құқығын білдіреді.Ар-ождан бостандығының негізі қоғамда толеранттылық мәдениетін қалыптастырады, бұл жайтсыз мемлекет ішіндегі дін өкілдерінің қоғамда бірлік пен сыйластықта өмір сүруі өте қиын.
Қазақстан Республикасының аумағында еліміздің тәуелсіздігінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм сияқты негізгі діни ағымдардың барлығы бейбіт өмір сүріп жатыр. Бірақ дәстүрлі емес діни ұйымдар да бар.Қазақстандағы 70% ұстанатын дін бұл ислам болып отыр. Елдегі мұсылмандар қауымы арту үстінде, сонымен бірге солақай түсініктегі ағымдарда жайлап кетті. Халықтың біршама өкілі әлі діни сауатсыз болып келеді соңдықтанда теріс жолға ілесіп кетіп жатыр. Бұл жайттардың барлығы әр азаматтын, мемлекеттін мойынында тұрған проблемалардын бірі. Ислам дінінен кейінгі ұстанушылар саны бойынша орныққан діндердін бірі христиан дініндегі проваславтық бағыт. Осы екі дін арасындағы қалыптасқан достастық мемлекеттегі діндер арасындағы сыйластықты қ көрінісі. Еліміздегі 18 конфессияның ішіне кіретін барлық діни ұйымдар мемлекет бақылауында болып, саясат пен мемлекет жұмысына араласпай заң жүзінде өмір сүруі Қазақтандағы зайырлықты сақтап қалатын ұстаным болып келеді. Әрқашанда түрлі этникалық және конфессиялық тектес азаматтар тату-тәтті, өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет болды және болып қала бермек. Өйткені, бірлік – қазақ халқының ең жоғары құндылығы.
Бүгінгі таңда Қазақстан барлық діни ағымдарға сыйлы ұстаным ұстануға тырысады және олар өз кезегінде құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын айта отырып, қоғамның дамуына үлес қосуда. Біздің мемлекетіміз әр түрлі конфессияларға өз даму жолын таңдауға мүмкіндік беретін зайырлы мемлекет болып қала бермек.
Мамиева Арна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Дінтану мамандығының студенті. Жетекшісі ҚазҰУ, Phd аға оқытушы Мұқан Н.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі