Кейде ата-аналардан «Өзіңіздің қандай ата-ана екеніңізді білгіңіз келе ме?», «Балаңызға қандай тәрбие беріп жатқаныңызды көргіңіз келе ме?» деген сұрақтарды жиі қоямын. Ата-аналар бір ауыздан «иә» деп жауап беріп, маған тесіле қарайды. «Жақсы онда, кәзір мен сіздерге бір сиқырлы айна таратамын» деймін оларға. Менің сізге ұсынып отырған сиқырлы айнамды сырттан күтпеңіз. Сіздің қандай ата-ана екніңізді көрсететін «сиқырлы айна», ол сіздің үйіңізде. Ол — сіздің балаңыз. Бала айна секілді. Сізге сізді көрсетеді. Өзіңіздің қандай ата-ана екеніңізді, балаңызға қандай тәрбие беріп жүргеніңізді көргіңіз келсе онда балаңыздың ойын сәтін тамашалаңыз. Мысалы, сіз көп ұрысатын, айғайлай беретін ана/әке болсаңыз, балаңыз да ойыншықтарына ұрысып ойнайды. Ал қазіргі балалар көбіне телефонмен сөйлесіп ойнайды немесе телефон арқылы суретке түсіп, селфилетіп жүреді. Намазхан отбасыда өсіп жатқан балаларға қарасаңыз, намаз оқыған болып, әке-шешесінің әрекеттерін қайталап жүргеніне куә боласыз.
Бала үшін ойын үрдісі өте маңызды болып есептеледі. Негізінде, балалар үлкендерден көрген әрекеттері мен естіген сөздерін қайталайды. Сондықтан педагогтар мен психологтар балаға байланысты қандай да бір зерттеу жасаған кезде оларды ойын сәтінде зерттейді.
Сиқырлы айнаға қараған кезде кейде балаңыздың бойына сіңірген жақсы қасиеттеріне куә болып риза болсаңыз, кейде сізден жұққан жағымсыз әрекеттердібайқап көңіліңіз түседі. Ең бастысы, өзіңіздің тәрбие жүйеңізге талдау жасап, оны жақсарта түсуіңіз үшін таптырмас мүмкіндік болады. Сиқырлы айнадан көрген нәрселеріңіз сізге ұнамаса да оған қараудан бас тартпаңыз. Кемінде аптсына бер рет қарауды ұсынамын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі