Повесть
Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кезі болады ғой. Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге қатты құлаған ықыласы да жіңішкеріп барып, үзіліп кетеді. Бүгінгі Ниязбен кездесу Ләззат көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын да үзді. Әжептәуір адамның соншалық сорлы болғанын Ләззәт өз өмірінде көрген емес. Дүниеде түңілу жамап ғой. Тереңінде сақтап жүрген соңғы буйымын суырып алғандай Ләззәт көңілі үдірейіп қалды. Өмірі де мағына сыз бос қуыс секілді. Күні бойы жаны құлазып, дел-сал меңіреу күйде жүрді. Кейінірек барып бойын өкініш, реніш биледі.
Уақыт кеш болса да, ұйқы келер емес. Қызының қабағын бағып, екі рет есіктен бас сұққан анасын да байқамады. Шешесі бөлмеге кіріп төсегін жайлады. Шыға берерде есік алдында іркіліп:
— Ұйықтасайшы, күнім, — деді.
Ләззәт жауап бермей бір түрлі сазара қарады. Анасы қызының мінезін білуші еді. Ақын қыз өлең жазар да үйдің ішін әрлі-берлі кезіп, я болмаса диван үстінде үнсіз, ұзақ ойланып қалатын. Үстіне кіргенді, дыбырлап жүргенді ұнатпайтын. Бірақ бу жолғы ажары бөлек. Ана жүрегі баласынын күйзелгенін сезіп тұр.
— Не қып отырсың, қалдым?
Ләззәт селт етті. Кеудесін басқан зіл салмақ қозғалып кеткендей, алқынып, екі иінінен дем ала бастады.
— Жәй, апа... Әншейін.
Анасы қасына отырып, қызының маңдайынан сипады. Сол баяғы жып-жылы жұмсақ қолымен қызының тоңазыған көңілін жібітіп, жанына тыныштық әкеле жатыр. Ләззәттің кірпігіне жас тірелді. Жібектей жұмсақ қимылымен құшағына тартқан шешесінің бауырына кіре берді. Бұл шақта ж асы ұлғайып, мақтаулы ақын қыз атанса да ана мейіріміне жас баладай елжіреп барады.
Кішкентай күнінен бір нәрсеге ренжісе де, я мәз болып қуанса да осылай анасының бауырына тығылатын. Тек соңғы он жылда еркелеуін қойып кетіп еді. Ер жетті, жоғарғы оқуға түсті. Ақын болды. Енді өзіне ғана таныс жылы дененің иісіне елтіп, тұрмыстың ыстық-суығын, реніші мен өкінішін — бәрін ұмытып, сонау алаңсыз балалық шағына қайтып оралғандай. Көңілге майда тиетіп өз өмірінің ең бір жарқын, тәтті шағы көз алдына кеп тура қалды.
I
Бір кезде Ләззәт жұрт аузында көп айтылатын «қуаныш» деген сөздің сырын ашып еді.
Он бес жасар қыз бала тамылжыған май айының бір күнінде ауыл сыртына жалғыз шығып кетті. Әшейінде шуылдаған балаларсыз көңіл хошы болмайтын. Бұл жолы әлденеге елегізіп қызық думанмен ісі болмай, тұңғыш рет жалғыздықты қалады.
Ауыл сыртында құлпырып қызғалдақ ескен. Беріректе нарт қызыл гүлдер шашырай сирек біткенмен, сонау қыратқа таман қоюлап, шымқай қызыл боп кетеді. Ләззәт сол қалыңға жеткенше асығып, ілгері ұмтыла берді. Бірақ бұл жақындаған сайын әлгі шоғыр сейіле түседі, гүлдер шашырай дамып, қалың жусанның арасына ыдырап кетеді. Жусанмен жарыса біткен қызғалдақ пен жауқазынның алыстан ғана тұтасып көрініп тұрғанына сенбей, Ләззәт қырқаға қарай жүгіре басып келеді. Төбеге жақындай бере ауыл жаққа бұрылғанда қалың қызғалдақ мұны өткізіп жіберіп, қайта тұтасып ылғи жақ шиедей кілкілдеп тұр. Бейне жасырынбақ ойнаған баладай жалтарып мазақ қылған екен. Ләззәт өзінің алданғанына мәз болды. Қашаған қызғалдақтарды қайтадан қуғысы келіп, желігіп, "көңілі алып ұшып тұр.
Ләззәт жүгіріп төбенің басына шықты да, кілт тоқтады. Жусан бозы аралас ақшыл көк кең жазық алып қыратқа иек артып көтеріліп барады. Әр жерде үйір-үйір қызғалдақтар ерттей жалқын. Аспан ашық. Тұңғиық кекке ақ жалатып өткендей ала шабыр бұлт қана қалқиды. Көктемгі ауа діріл қағатын тәрізді. Ләззәт аспан мен жер астасқан шетсіз кеңістікке көз тігіп құмарта қарап қапты. Шықылықтап күліп отырған балаға тосын ойыншықты ұстата салғандай, тыпыршыған көңілі тез тыйылып, әлденеге таңырқап тұр. Таныс дала осы күнге дейін өзі көрмеген тосын дүниедей. Көзге көрінбейтін күшті қол жер бетіндегі пердені сыпырып алын, бүркеулі жатқан қызығын, бар сырын ашып бергендей.
Дала кеудесі жай теңселіп рақаттана тыныс алып жатыр. Қызғалдақтар күн нұрына шағылысады. Өз көркіне өздері мәз болып жарқ-жұрқ етеді. Беткейдегі боздар да бірін-бірі қуып жас қозыдай бұлтыңдап қыратқа өрлеп барады. Кермек иісі аңқыған көк жусандар құдық басындағы қатындардай бастары түйісіп, сыбдыр-сыбдыр сыр шертеді. Қуанышты хабары ішіне сыймай, алыстан ызыңдап жар салып, саратан-зауза келіп жусанның басына қонды. Ләззәт жер бетіндегі тіршілік атаулының бір түрлі тосын мейрамының үстінен шығып, қызығып құныға қарап қалған. Ең аяғы шіркей де бір түйір кеудесіне қуанышы сыймай тынымсыз дірілдейді. Осылардың бәрін қуантқан балғын леп он бес жасар қыздың кеудесіне саумалдай құйылып жатыр. Шырқау биікте бозторғай шырылдайды. Оның тәтті әуені алысқа шақырады. Табиғат бар сырын ашып, өз тілімен сөйлеп қоя берді. Ләззәт үнсіз ұйып баршасын ұғып тұр. Кенет сонау қырқаның ар жағында талай қызың барып, өзі көрмеген тамаша дүние жатқанын сезе қойды — енді солай қарай жүрді.
Қыз бала ұзақ жүріп, көктем күні маужыратып, денесі ауырлап қайтты. Бірақ бұрын көрмеген көп қызығын көкірегіне сықап әкеліп еді. Үйге кірген беті сандық ақтарып жатқан анасын құшақтай алды. Нафталин иісі аңқыған киім-кешек, шүберек үйіліп жатыр. Іші бықырсып тар қапас боп тұрған сандық таза ауаға, жарыққа кеудесін кере ашып рақаттанын тұрған тәрізді.
Анасы да сергек, еді жарқын. Ләззәт шешесін құшақтап, кеудесіне бетін басып:
— Сен жақсысың, апа, — деді.
— Саған не болған, балам-ау, — деді шешесі қызының мойнына оралған қолын босатып. — Апаңды бүгіп көрдің бе?
Өзімен бірге апасын да қуандырғысы келіп кетті.
— Бүгінгі күн неткен тамаша, апа мейрамнан артық.
Апасы бәрін түсінетін. Қызын ырза қылғысы келгендей адырын күліп алды. Содан кейін бұйым арасынан Ләззәттің көне қуыршағын алып:
— Мынаны Айғаншаны кішкене қызына апарып бере ғой. Жоқ-жітік адамдар, ұсақ-түйекке де тапшы, — деді.
Ләззәт шығып кетті. Көптеп қолға ұсталмаған көне қуыршақ алғаш көргенде ескі досында көзіне жарқ етті. Ләззәт кішкентайынан осы қуыршақпен көп сырласты. Күнде кешкісін төсек салып жатқызып, ертеңгісін «оятып» алатын. Кейде апасына ұсап бұл да қуыршаққа ұрсып «жылатып алып», іле-шала жұбатып, орамалмен көзін сүртетін. Ол «жұбанбаса» қызық-қызық әңгімелер айтып, ән салып тербететін. Сонысы есіне түсті те, бүгінгі қуанышын айтқысы келіп қуыршаққа қарап еді, жансыз бедірейіп тұрған бетін көргенде көңілі солып қалды. Қысып ұстаған саусағына да шүберек астындағы сабан батып барады.
— Ләззәт әпке, маған бердің бе? Қайтып алмайсың ба? — деді Айғаншаның бес жасар қызы — Рәуіш долина тиген қуыршақ пен Ләззәт кезек қарап.
— Қайтып алмаймын. Бұл қуыршақ енді сенікі.
— Алақай, алақай Ләззәт әпкем берді, — деп Рәуіш қуыршақты бауырына қысып жүгіре жөнелді.
Осы сәтте Ләззәт қуыршақтың соңынан ұмтыла түскендей болды да, тез бұрылып кетті. «Бос алданыш екен ғой. Қуыршақ тук те түсінбейді. Бүгінгі мен көргеннің бірін де сезбейді» деп ойлады. Өзінің тіпті өзгеріп кеткенін, ендігі қуанышының басқа екендігін ұғып, мейірлене күліп тұр. Қасына Қуантай деген бала келді. Ләззәт екеуі қашаннан дос. Тек соңғы жылы Қуантай кәдімгідей жігіт болғансып, шікірейіп шекесінен қарайды. Өзінің даусы да жуан.
— Кешке алтыбақан құрамыз. Барасың ба, Ләззәт?
Қуантай да өзгеріп, жаңарып шыққан сияқты. Ләззәт бүгінгі ашқан тамашасын айтып оны қуандырғысы келді.
— Сен қыр басына шықтың ба, Қуантай? Тіпті бар ғой... ғажап.
— Несі ғажап?
— Қызғалдақтар... Жусан... — Ләззәт кеудесіне кептелген сезімді айта алмай булығып тұрды да: — Дала бусанып тұр, — деді ақырып.
— Өзің не айтып тұрсың, Ләззәт? Мен қызғалдақ пен жусан көрмеппін бе? — Қуантай кекете жауап берді.
Ләззәт оның кекесінін сезген жоқ. Құр сәт шегені болмаса Қуантай да түк түсінбейтін жаңағы қуыршақ сияқты. Түңілгендей тез бұрылып жүре берді. Бала жігіттің соңынан дауыстағанын да естімей, «неге түк көрмейді? Көзін біреу таңып қойған ба?» деп таңырқап, бір жағынан осынша қызықтан мағлұм қалғаны үшін оны өзінше аяп келеді.
Ләззәт кешке дейін осы әсерден арыла алмады. Тосыннан ашқан сырын өзге біреуге айтайын десе, келістіріп жеткізе алмайды. Үндемей қалуға ішіне сыймай барады. Тек өзінен өзі жымиып, езу тартады. Қарап отырып ыңылдап ән салып кетеді. Жатқанда да ұзақ уақыт ұйықтамады. Терезені ашты, кішкене терезеден түнгі самал лап берді. Дала тірлігі де күндізгі сауық, тамашасынан шаршап, рақат ұйқыға бөленген. Салқын ауамен тыныстап, манаурап жатыр. Ләззәттің да көңілі тынышталып, өзі мен өзі оңаша қалды. Ендігі өмірінің мағыналы қызықты боларын сезіп қуанады. Бір кезде жүрегін мұң шалғандай болды. Кеудесінен ақырын ырғалып баяу шығып келе жатқан көңіл әуеніне беріліп, күбірлеп отырғанын байқамады.
Ертеңгісін оянғанда кеше керемет бір жақсы нәрсе тауып алғанын, бірақ соның не екенін ұмытып қалғанын сезді. Табылған нәрсенің ешқайда кетпесін, ол есіне түскенде тағы да қуанарын біліп рақаттанып жатыр. Жуынып жүріп, күбірлеп, бір шумақ өлеңді айта берді. Қашап жаттағаны есінде жоқ. Көптеп таныс өлең... Кенет бетін шала сүрткен күйі сүлгіні ұстап таңырқап тұр. Кірпігінен кезіне тамған мұздай суды да байқар емес. Бұл түнде өзі шығарған өлең екен. Ләззәт сенер-сенбесін білмей әлгі шумақты ішінен қайталап біраз тұрды.
Табиғат сырын ашқан алғашқы қуанышы кеудесін қысып, толқытып барып жыр болып шықты. Осыдан кейін Ләззәт елең жазуға әуестенді. Қыз сыры оқушы дәптеріне өлең жолымен тізбектеліп түсе берді. Бұл құпиясын басқа жанға ашқан жоқ.
Қыз көңілі белгісіз бір нәрсені аңсап армап билеп, алысқа шақырады. Алдында жарқын мейрамы барын сезіп, сол сағатты асыға күтетін болды. Оның қандай боларын да білмейді, бірақ әйтеуір өмір жолында өзін тосып тұрған үлкен бір қуаныш бар. Осы сезімін сыртқа шығарудың жолын таппай, анасын құшақтан күлімсіреп ұзақ отыратын. Ана құшағы көңілін тербеткендей, аптығын басып, бойын жеңілдетіп тастаушы еді.
...Өткен күннің елестері бірін-бірі жетектеп тізбектеліп шығып келеді. Қозғалып кеткен ойды тоқтатуға Ләззәттің әлі келмеді. Тек анасының бауырына тығыла түсті.
2
Қарлы басы кекті тіреп, қатпар-қатпар шық құздары алысқа кетіп жатқан Алатау алғаш көрген кісіге датты әсер етеді. Ауылдан келген қызға тау ғана емес, қаланың өзі ғажап. Сыры жұмбақ дүние. Қаланың әр көрінісінен көз алмай, қызыға таңырқайды. Университет үйіне қасиетті босағаны аттағандай жүрегі дірілдеп кірді. Әр мұғалімді түпсіз білім иесінде көреді. Жоғарғы оқу дегеннің өзі Ләззәт бойына шақ келмейтін ірі нәрсе тәрізді. Содан қорқып бас алмай көп оқитын болды. Әр сабақтың ар жағында өзгелер біліп, өзі білмеген бір қатпары қалып қойғандай көп үңіледі. Сөйтіп жүріп өзінің озық студент болғанын байқамай қалды.
Ауызға алынып мақталып жүрсе де, Ләззәттің бойына қала қыздарының еркіндігі қонбады. Жұртпен сөйлесе білмейтін бұйрығы, сол баяғы ұяң қалпы. Бір нәрсеге қуанса да асып төгілмей, жүзі жайлап, алшақтау біткен дөңгелек көзінде нұр жылтырап турады. Сонысына ұялғандай кісіге тура қарамай, көзін тайдырып әкетеді. Қыздар неше түрлі қызық әңгіме айтқанда да қарқылдап күлмей, астыңғы ернін тістеп, мырс ете қалады. Көп құрбылары оның осы мінезін қызық көретін.
Бөлмеде үш қыз турады. Бір-біріне ұқсамайтын үшеуі үш мінезді, түрлері де әр басқа. Іштеріндегі тілдісі де, пысығы да ат жақты, қайқы ерін қара қыз — Бағила. Оның беті иегіне барған сайын сүйірлене түскен, шық-шытынап бастап бүкіл жақ сүйегі алға таман біткен. Өз басының сыры шамалы болса да, өзге жұрт жайында білмейтін пәлесі жоқ. Қурап тұрған шырпыдай оттықты жақындатсақ-ақ лап ете қалады.
Екінші құрбысы Салиқа. Кішкене қаңқаға дара теріні қаптай салғандай рабайсыз арық. Ажарсыз жүзінде дақ жоқ. Оның үстіне көзәйнегі де түсіп суыта түседі. Ләззәт тәрізді сөзге сараң болғанымен тілі удай. Жағып алады. Жасында аурулы болып орта мектепті кешеуілдеп бітірген. Бұлардан бірер жас үлкендігі бар.
Бағила мен Салиқа ит пен мысықтай. Бағила ызаланып, өршелене тап берсе, Салиқа оны жанды жерінен бір-ақ тістеп қан қақсатады. Кейде Бағила сүйінші сұрайтындай даладан жүгіріп келіп: «Ойбай-ау» деп көрген-білгенін айта бастаса, Салиқа оны тоқтатып:
— Алдымен көлемін айтшы, неше қаштың өсек әкелдің? — деп сұрайды.
— Саған айтып жатқаным жоқ. Сенің Құдайға да, жігітке де керегің жоқ. Жайыңа отыр, — деп Бағила шап ете қалады.
Салиқа кейде Бағила сөйлей бастағанда құлағын баса қояды, оған да анау күйіп-пісіп қалады.
Ақыры Бағила Салиқа «құрбақа» деген ат қойып алды. Шынында да шықшыты шығыңқылау келген, иегін көтеріп ұстайтын Салиқаның құрбақаға ұқсайтын бір нәрсесі бар сияқты. Өзі де қан-селсіз қатып қалған.
Ләззәт екі құрбысының екеуіне де ұнады. Мінезінің ұяңдығын ұнатып, Салиқа оған ащы сөз айтпады. Бағила Ләззатқа «Мұңлық» деген ат қойды. Бірақ ішіне сыймай бара жатқан өсегін ақтара салуға Ләззәттің сырғалы кішкене құлағынан артық ыдыс табылмайтынын біліп, оған онша сүйкене бермейді.
Ләззәт үшінші курста жүргенде әдебиет үйірмесіне қатысты. Мұндағылардың айқай-шуы көп болады екен. Студенттер өлеңдерін оқып, талқылап, дабырласып жатады. Ләззәт іштей өз жазғандарын өзгелердікі салыстырады. Кейде өз өлеңдері артық көрінсе, кейде тіпті нашар, бос ермек сияқты көрініп, дәптерін жұрт талқысына беруге жүрегі дауамайды. Кейбір тілі ащы, мысқылшыл студенттерден қорқады. Мүмкін олардың бір-екі ауыз ащы сөзін көрер еді. Бірақ...
Әдебиет үйірмесін Нияз деген жас ақын басқаратын. Бағила ол жайында толық мағлұмат берген.
— Өзі университетті үш-төрт жыл ғана бұрын бітірген. Оқып жүргенде де өлең жазып атақты болған екен. Қазір кәдімгідей тасқа басылған өлең кітабы бар. Ол ол ма? Оның өлеңдеріне композиторлар шығаратын көрінеді. Керемет деймін. Өзі түбі мықты болатын шығар...
3
Ләззәт бұл жағдайлардың біразын бұрыннан білетін. Нияздың өлеңдерін талай оқыған. Әсте қосылған ғашықтық туралы бір өлеңін оңашада ыңылдап айтып жүретін. Бұрын сыртынан ғана білетін алыс ақынды енді жүзбе-жүз көріп жүр. Ләззәт алғашқыда оған тікелеп те қарай алмады, кейінірек барып аз-кем зер салатын болды. Нияз орта бойлыдан жоғары, жіңішке қара жігіт. Әдейілеп қолдап ойып істелгендей кішкене қалақ бетіне үшкір қыр мұрыны жарасып тұр. Бет пішіні нәзік, тек қабағы қалыңдау. Қарақаттай мөлдір қара көзі күлімсіреп тұрады. Болмаса басқа кезде көзқарасы суық болатын түрі бар. Сыпайы тұлғасына сай, қимылынан самарқау биязылық еседі. Көбіне студенттерді сөйлетіп қойып өзі күлімсіреп тыққан отыратын. Бірақ балалар сайып келгенде Нияздың аузына қарайды. Ол осы күлімсіреген қалпынан аумай отырып-ақ:
— Бауырым, мынау өлеңі нашар екен, — деп ауыр үкімді айта салатын.
Ләззәттің қалтырап қорқатыны да осы сөз. Ашуланып, кейін айтса төзер еді. Бірақ мына күлімсіреп отырып айтылған үкімнен кейін қолына енді қайтып қалам ұстамай кетерін біледі.
Үйірмеге Бағила да қатысатын. Өлең жазбайды, талқыға араласпайды. Сонда да бір мәжілісті қаза жіберген емес. Тіміскі мінезімен есебін тауып Ләззәттің өлең дәптерін оқып та қойған. Ол жұрттың айтып жатқан пікірлерінен гөрі, жігіттердің қас-қабағын көбірек бағады.
— Әне, ол саған ұзақ дарады. Не қып байқамайсың? Әй, Мұңлық деймін, көз қиығыңды салсайшы, — деп сыбырлайды Бағила, Ләззәтті шымшып.
— Қойшы, Бағила.
— Одан артық ол дейсің бе. Қадалып-ақ отыр ғой, байғұс. Жоқ, сен оған өлеңдеріңді берші. Мақтамаса бетіме түкір.
Ерні сүйреңдеп, құлақ түбінде масадай ызыңдаған құрбысынан Ләззәт теріс айналып кетті. Әйтсе де бір-екі рет Нияздың өзіне ұзағырақ қарағанын аңғарды. «Өлең жазбайды, талқыға араласпайды. Құр босқа несіне жарбиып отыр» деген сияқты көрінді бұл көзқарас. Ләззәт қызарып кетіп, төмен қарай бұға түсті. Нияз студенттерді сол шетін қойып, бөлмені әрлі-берлі кезіп жүрді де, қалт еткен бір саябырда қасына келіп тоқтады.
— Сіз неге жазған өлеңдеріңізді талқыға салмайсыз?
Ақын жігіттің даусы жылы шыққаны сонша, Ләззәт тіпті басын көтеріп алды.
— Несіне ұяласыз, білгенімізше ақыл айталық. Сіз қысылмаңыз.
Қыз бар қорқынышын ұмытып, столдың астына тығып, умаждап отырған дәптерін Нияздың қолына ұстата салды. Тек ақын жігіт дәптерді алып өз столына қарай кетіп бара жатқанда көңілі лоблып қоя берді. «Не де болса тәуекел» деп, ернін жымқыра тістеп, үнсіз отыр. Нияз ойланғандай сәл ғана қабағын шытып дәптердің бетіне үңілді. «Не болар екен?» деп, студенттер де тына қалған. Бір кезде ол езу тартып күлімсірегендей болды. Ұстараның жүзінде отырған Ләззәт мұның қандай күлкі екенін түсіне алмай жүрегі алып-ұшып барады.
— Ал, бауырларым, жақсы өлең мұнда жатыр екен.
Ләззәт сенер-сенбесін білмей демін ішіне тартты.
Бағила қуанды. Жағы сембей сампылдап сөйлеп жүр.
— Айтпап па едім. Көне, өтірік деші. Ойбай-ау, оның сенде көңілі бар. Сосын ғой өлеңіңді жер-көкке сыйғызбай мақтағаны. Басқа біреу болса сөйтер ме еді...
Ләззәт өлеңдері көпке жарыққа шыға бастады. Тыңнан ашылған талантты әркім-ақ мақтайтын болып жүр. Бірақ жұрт сүйсініп, қанша жылы сөз айтқанмен бәрінен Нияздың бір ауыз сөзі ыстық. Әз өмірінде осы жігіттің орны бөлек сияқты.
Ал Бағиланың алдыңғы айтқанының жаны бар екен. Ләззәт Нияздың ерекше ықыласын сезді. Ақын жігіт әр нәрсені сылтау етіп үйір бон барады. Шалпыға жұмсайтын «бауырым» деген сөзін қойып, Ләззәттің өз атын атағанда еді уылжып, мейірленіп кетеді.
Жігіттердің ұзақ жүріп шығарып салатынын, қоштасарда қия алмай күрсініп көп туратынын Ләззәт, бұрын өзі көрмесе де, жатақханадағы құрбыларынан есітетін. Қыздар шықылықтап күліп, жігіт атаулының бойынан мін тауып, мазақ қылатын. Нияз да қоштасарда Ләззәттің қолын қысып ұзақ тұрады. Соңғы кезде күрсінетін бон жүр. Бірақ бұл қыздар айтқандай ойыншық емес. Қараңғы да болса Нияздың телміре қараған көзінен өзіне деген шын ықыласын көргендей болады. Кейін төсекте жатқанда осы ұзақ тұрыстық әр сәтін көз алдынан қайтадан өткізіп, қоштасарда қысқан Нияз қолының саусағына батқан ізін сезініп, мейірленіп жатады. Көзін жұмып қыбыр етпей тына қалып: «Ләззәт, сенің қасыңда өмір бойы осылай тұрсам жалықпас едім» деген Нияз даусын қайта-қайта естігендей болады.
Бір күні Нияз Ләззәтті тауға алып кетті. Алматыға келгеніне екі жылдан асса да, Ләззәт қала сыртына ұзап шығып көрген жоқ-ты. Алатаудың көркіне алыстан сүйсінетін.
Тау қойнауы нағыз жұмаң екен. Кісі бойы көк шалғын, мәуелеп өскен қарағаш пен қара көк қарағай, сылдырап аққан бұлақ рақат самал лебін желпіп, көкіректі ашып жіберді. Ләззәт сонау май айында ауыл сыртындағы қыратқа шыққандағыдай қатты әсерлейді. Бірақ бұл жолы табиғат көркіне деп қойып, назар аудармады. Бір жақ бүйірін жылытып, қасында келе жатқан зор қуанышы бар.
Нияз телміріп ұзақ қарады. Ләззәт оның көз шарасынан бар сырып ұғып тұрғандай. Қанша қарасақ да ынтықтыра беретін сыр, сарқылмас сезім бар. Екеуі бір-бірінің көзіне қарап, өмір бойы ұйып тұра берсе... «Ғашық жардың көзқарасы» деген сөз түсті Ләззәттің есіне. «Иә, иә... Ол дәл осындай болады екен ғой». Кенет қыз аңсаған үлкен қуанышы өмірінің ең зор мейрамы осы екенін түсінді.
Екеуі тау жақтан кеш қайтты. Жатақханаға жуықтағанда, Ләззәт кідірмей тез қоштасып, жүгіре басып кетіп қалды. Нияз да оны тоқтатқан жоқ. Бөлмедегі құрбыларының көзіне түскісі келмей оқу залының бір бұрышында кітапқа үңіліп отыра берді. Содан жұрт жатқасын ғана қайтын, сыбдырын білдірмей көрпенің астына сүңгіп кетті. Тірі жанмен тілдесуге құлқы болмай, өз ойымен оңаша жатыр.
Қалтқысыз қатты құлаған ықыласы Нияздың тілегіне қарсы тұруға дәрменін келтірмеді. Жігітті жанына балап жақын тартқаны сонша, алды-артын ойлаған жоқ еді. Енді көрпе астында ойы әр саққа жүгіріп, дал. Үлкен таза махаббаттың қандай болатынын Ләззәт білмеуші еді, бірақ сонда да бұлай деп ойламайтын. Ең асылынан айырылғандай көңілі қыран барады.
Есікті тарс еткізін Бағила кірін келді. Ләззәт оның жоғын байқамапты.
— Құрбақа, ұйықтап қалдың ба? — деп дауыстап кірді.
Салиқа кереуетті сықырлатып аударылып түсті.
— Сеп ғой бүрісіп жатырсың. Нарқоспақ мені ресторанға апарды ғой.
Бар қимылы болбыр, үлектей сорайған сопақ жігіт Бағиланың соңынан ерінбей сүйретіліп жүретін. «Нар-қоспағы» сол. Өзі де ортасы дөңес мұрнының үш жағы үстіңгі ерніне шөгіп қалған, түйе тұмсық. Ләззәт әңгімеден қаңғып қимылсыз жатыр.
— Құттықтаймын, жақсы жолға түскен екенсің.
— Сен-ақ періште бол да отыра бер.
— Асықпа. Дегеніне жеткен соң, Нар қоспағың қарасын да көрсетпес. Қаларсың еңіреп, — деді Салиқа бір түрлі ызалы дауыспен.
Ләззәт түршігіп қалды. Сөзі қандай жамап еді құрғырдың. «Құрбақа» десе нағыз құрбақа. Бағила оның сөзіне айылын жияр емес.
— Несіне қорқам. Нарқоспақ түйе ғой, — дей салды.
— Түйенің де мінез көрсететіні болады.
Бағила рақаттанып, қарқылдап күліп алды.
— Бағила да біледі. Әлі сілесін қатырармын деді.
4
Аңсаған махаббаты осылай тынды. Тынды ма? Оны өзі де білмейді. Жар басына тіреліп, шыңырау құздан сескеніп тұра қалған адам тәрізді. Бар ынтық арманы арғы бетте. Сілеусін көзді, ақ сұр әйелді Нияздың қолтығында алғаш көргенде көн жылап көз жасын сар алыпты. Қазір көзінде тас та жоқ. Ішін өртеп бара жатқан өкініш, күйік те жоқ. Нияз ғашық болған бастапқы кездерде бір қуанып, бір жылап, ыстық пен суық бірдей қарап іші тоңазып қалған.
Баяғы тұйық мінезін қайта тапты. Бірақ бұл ауылдан келген қыздың ұялшақ ұяңдығы емес, қасірет шеккен әйелдің торыққан кескіні.
Суға кеткен тал қармайды. «Өзім тыйып тастадым. Ниязды тоқтатқан өзім. Бір-бірімізді ұмытпай жүректе сақтаймыз», — деп көңілін жұбатады. Ләззәт бірнеше түңілуден қорқып, Ниязбен екеуінің арасын өзінше ажарлап, сырлап бақса да, қатал өмір ажырайтып сырын ашып, жалаңаштап тастай берді.
Ләззәт сырын сыртқа шашпайтын. Бірақ тіміскі Бағила бәрін иіскеп біледі. Ал Салиқа болса, оның көзілдірігі рентген әйнегі сияқты, ішіндегі бәрін көріп отырады.
Бағила қайқы ерні сүйреңдеп:
— Сен әлгі ақыныңды қойдың ба? Анандай сұлу әйелі тұрғанда сені не қылсын. Дұрыс істегенсің, — деп бір қойды.
Бірақ оңай тыйылатын Бағила ма, Ләззәттің ішінде алтын жатқандай сұғанақ көз жылтыңдап, шұқылай береді.
— Уайымдай беруің жаман. Сол сені құртып кеткен жоқ па? Шыныңды айтсайшы?
— Тым емешең құлап кетіп еді. Құдай біледі, аман емессің ғой. Апыр-ай, тастай қатып қалатының-ай, сенің... Нең кетеді, айтсайшы, — деп айтады.
Салиқа анада Ләззәтті құшақтап жұбатқаннан кейін шүйіркелесіп, сырласып көрген жоқ-ты. Тек Бағила Ләззәттің мазасын алып бара жатқан соң:
— Білгің келіп шыдамай бара жатсаң Нарқоспағың бар емес пе Ләззәт нең бар, — деп тыйып тастады.
Сырт көзге «алданған қыз» деген жамағат бар. Олар «опасыз суайт» деп Ниязды жазғырады. Екеуінің шытырман тағдырын өзгелер қайдан білсін. Ләззәттің уайымы жұрттың өсегі емес. Жүрегі бір, тілегі бір екі жан тұтасып кеткен ыстық сезімді қақыратып ортасынан бөліп алды. Әрқайсысы өз қасіретін арқалап бөлек кетті. Жетім қозыдай көзі жаутаңдап жүдеп қалып еді Нияз...
Емтихан бітер-бітпестен Ләззәт кетуге асықты. Бірақ, жылдағыдай ауылды сағынып, жүрегі алып-ұшқан жоқ. Тек әйтеуір қайда болса да тезірек кеткісі келді.
Ләззәт колхозға түнделете жетіп, асқа да, сөзге де зауқы болмай жатып қалған. Кеш ояныпты. Терезеден күн сәулесі түсіп тұр. Үй-іші тып-тыныш, қоңыр салқын. Қаланың шуынан, әсіресе соңғы кездегі жап күйзелісінен қалжыраған. Ләззәт бойы маужырап, ауыр ойын ұмытып, алаңсыз дем алып ұзақ жатты.
Аздан кейін көрші әйелдер, қыздар келе бастады. Табалдырықтан аттағаннан-ақ, Ләззәттің келуіне қуаныш білдіріп, дабырлап сөйлей кіреді. Үй тыныштығында, әр дыбысын тазартып шығарғандай дауыстары саңқылдан, анық естіледі. Олар бөлмеге ертеңгі самалды ала кіргендей үйдің ішін сергітіп жіберді.
Жұрт арыла бергенде Қуантай келді. Бұл да аңызақ жел мен аптап күн исі аңқыған дала қазағы болыпты. Қазір дардай тракторист. Сәнді киініп, галстук тағып алған. Ләззәттің тұйық мінезін көріп, батып сөйлесе алмай, қаймыға берді. Ішінен «қалада оқып жүрген аңын қыз, ауылдағы трактористі менсінбейді» деп ренжіп отырған болар. Қанша жуған мен сыр алдырып қоятын құсты қолын қайда қоя білмей қысылады.
Ләззәт бір рет оның тізесінің үстінде жатқан күректей қолын тез жан қалтасына сала қойғанын көріп, күліп жіберді. Несіне ұялады екен.
— Қыздың қасында отырғанда кісі қолын қалтасына салмас болар, — деді Ләззәт.
Қуантай қолын қалтасынан суырып алды. Бірақ күректей пәлені қайда сыйғызарға білмей қипақтап, желкесін қасыды. Ләззәт дүрдей жігіттің жас балаша қысылған түрін көріп, кенет мейірі түсіп, оның қолынан сипады. Қуантай құлағына дейін қызарып, ыржиып езу тартты.
Неткен бақытты жігіт. Күн шалып, жел қаққан өңінде көлеңке жоқ. Сәл нәрсеге қалтқысыз ақтарыла қуанады. Күн кешке дәл осындай жарқылдап жүрген алаңсыз шағы есіне түсіп, Ләззәт мұңайып қалды. Сонау қызғалдақ қуған қуанышты шағы енді қайтып оралмайды.
Ләззәт жұрттан оқшауланып, үйден шықпай қойды. Қызының көңілі жүдеу екенін танып, апасы асты-үстіне түсін ебелек қақты. Кешке таман үйде шүңкиіп жалғыз отырғанын көріп:
— Жаным-ау, өз ауылыңды жатырқап қалғаннан саусың ба. Ағайын, туған бәрі сағынады сені... Жағалай кіріп шық, — деп ақыл айтты. — Кем-кетік көңілі жарым адам көкшіл болады. Алдымен сәлем беріп Айғаншаны қуант.
Айғаншаның даусы кешкі ауада шаңқылдап алыстан естіледі. Мыжырайған аласа үйдің алдында шелегін даңғырлатып, кішкене қызын қарғап жүр.
— О, көгермен Рәуіш. Ойының осылар қашық, жалғыз бұзауды қарамай... Аузымызды кептіріп кетті-ау, ойбай-ай. Жеген, сені ме, сені... — деп кіжінеді, Ләззәт сәтсіз мезгілде келіп қалғанына өкінді. Сонда да булап-талап боп жүрген Айғаншаның қасына кеп сәлем берді. Айғанша ұнатпай күңк етті де, бұрылып қарап:
— Ойбай-ау, Ләззәт жансың. Жүр, айналайын, үйге кір. Рәуіші түскір бұзауды емізіп алғаны, —-деді қонағының алдында ақталғысы келгендей. — Айтпақшы, апаңды да шақыртайын. Саған арнап қыстан сақтаған сыбағам бар.
Жаңағы кейістің ізі де жоқ. Айғанша жарқылдап қазанға ас салып жатыр.
— Оқу деген оңай дейсің бе, биыл өңің жабырқау ғой, — деп Ләззәтті мүсіркеп қояды.
Шешесінің ашуы тарқағанын аңдып, жылтылдап сығалап жүрген Рәуіш келіп Ләззәтті құшақтады. Жетім үйдің ажары кіріп, жадырап сала берді. «Көңілі таза адамдардың қайғы-қасіреті де зәрсіз болады екен-ау», — деп ойлады Ләззәт.
Мойнындағы парызын өтеп, ағайындары мен көршілерінің үйін жағалап, сәлемдесіп, дәм татып шықты. Қайда барса да аң жарқын, адал көңіл. Ішкі сарайы ашық пейілі таза жандар.
Ләззәт кейде ауыл сыртындағы қыратты кезіп кетеді. Жаз ортасы ауып барады. Құлпырып ойнаған қызғалдақтар жоқ. Сұрғылт тартып, қураған жусан, әріректе сол баяғы бозды бұйрат. Жусан түбіндегі топырақ қатқылданып, қуаң тартқан. Алғашқыда көктемгі жәрмеңкесі тарқап, дала құлазып жатқан тәрізді көрініп еді. Бірақ Жер-ананың қуатты, ыстық лебі қан тамырына жүгіріп, денесіне күш беріп келеді. Даланың аптап желі тула бойын кеулеп, ішкі сарайын тазартып, бірте-бірте сергіте бастады.
...Қазір де анасының жылы құшағында отырып, сол кездегідей әсер алды. Апасы маңдайынан сипайды. Жұп-жұмсақ майда қол кеудесін түйнеген өксігін басып, көңілін ұйытып,тыныштық әкелді. Ләззәт азынаған бойы жылығандай бұйығып, анасының бауырына тығыла түсті. Бірақ сеңдей қозғалып кеткен ой ағысы тоқтар емес...
Сол жолы, ауыр сырқаттан кейін асқа қарағандай Ләззәт төңірегіне көз салып, әр нәрсеге назар аударатын болып қайтты. «Туған жердің топырағы шиша» деген сөздің мағынасын да сонда түсініп еді.
5
Арада біраз жыл өтті. Ләззәт оқуын бітірді. Қызметке орналасты. Елден шешесін алдырып, үй болып, түтін түтетіп тұрып жатыр. Адам ой-өрісі кеңіп, ақылы толысқанмен, бойға біткен мінез көп өзгермейді екен. Жасынан бір нәрсеге ықыласы түссе қулай берілетін, айнымас мінез Ләззәт бойында сол күші сақталыпты. Тауы шағылып қалған, қам көңіл қайтын ғашықтық аңсамады. Ендігі бар ықыласы өлең, жырға ауды.
Ләззәт ден қойып ақындық жолға түскеннен кейіп, қызық жағдайға ұшырады. Бұрынғы өлеңдері іштегі бір толқынмен, іркілмей қағаз бетіне түсе қалатып. Көңілді лып еткізген бір әсер қысқа өлең боп шыға келетін. Енді аңғарып қараса солардың бәрі жел-көбік, тілдің ұшынан шыққан жеңіл сөз.
Ендігі еңбегі ауыр қара жұмысқа ұсап барады. Сөзден сөз талғап, қисынын келтіре алмай, діңкесі құриды.
Ой тереңіне үңіліп, түкпірінде жатқан ең асыл сырып ақтарғысы келеді. Бірақ адам сезімін айнытпай жеткізу дүниенің азабы екен. Кеудені кернеп, жүректі тебіренткен ыстық сезім қағаз бетіне түскенде мұзға тастаған гүлдей ажары сынып, солғын тартып сала береді. Жүректің тәтті дірілі мен ыстық лебін суыққа шалдырмай сол күйі жеткізейін десе, сөзі ауырлап, тілі оралым болып кетеді. Ал қолдап қалағандай әдемі сөз тапса, ыстық лебізін суытып алады.
Жазушылық жолы барған сайып қиындап барады. Ләззәт жалт еткен бір ғана ойдың көрінісі — қысқа өлеңді қанағат етпей, үлкен шығара жазуға құмартты. Көкірегінде жиналып қалған біраз дүниені тереңнен, сыртқа шығарғысы келді. Алғашқы қарқында едәуір өндіріп тастап еді. Кішкене ой тоқтатып оқып қараса, тайыз салған бороздадай қалқып үстірт кетіп барады екен. Онысын сызып тастап, қайта бастады. Енді тереңге салған түренді тарта алмай, кейде арнадан шығып кетіп, кедір-бұдыр қиқалап келеді. Бойындағы бар күшін сығып бергенде, әлі келмейтін ауыр жұмып қалжыратып тастайды. Әбден діңкесі құрып, сылқ етіп отыра кететін кезі болады. Ондайда екіншілей жазу столына жоламайтындай көреді. Бірақ бойына сәл ғана күш жиналса, өршеленіп қайта кіріседі.
Ләззәт қай шығарманы да қиналып жазады. Сонда да құмарпаз адамдай осы бейнетті кәсібінен безер емес Бір шығарманы аяқтағанда жаны, тәні бірдей қалжырап, шаршап қалады. Тізе бүкпей, той-думанды өз қолымен өткеріп, қонақтарын ырза қылып аттандырамын адамдай, оңаша бос отырып рақатқа батады. Саудырап босап қалған ыдыстай, алаңсыз тыныш күйге түседі.
Бірақ алдыңғы қонақтың ізі суымай тұрып, тағы бір топтың күрмектеп келіп қалатыны сияқты Ләззәт бір еңбегін бітіріп, тынығып сергімей жатып, басына жада ойлар орала бастайды. Сол көмескі ойлар қашан жалпы бейнесін тауып, тіріліп қағаз бетінен түскенше соңынан қалмайды. Ел аралап, жер кезін жүргенде де қаза болған борыштай маза бермейді.
Уақыт, әсіресе бар ықыласы құлаған, рақатынан азабы көп ауыр еңбегі көңіл жарасын жазған сияқты. Әйтеуір бұрынғыдай қатты күйзеліп қайғырмайды. Бірақ ешкімге ықыласы түспей келеді. Әлде адамы кездеспеді ме?.. Сонау тау қойнауында ажырасқаннан кейін, Ниязбен әлі бір сырласып, сөйлескен емес. Бұрынғы сезім қайта тұтанып кете ме деп қорқады. Жай, таныс адамша бас изесіп өте шығады. Тек көз жанарының түбінде екеуіне ортақ бір ұшқын жылт ете қалады. Оны өздері ғана аңғарады, түсінеді. Екеуі де көңілдерін тас қымтап алған, — іші бір, сырты бөлек...
Кейін әдебиетке кеңірек араласқан соң білді. Нияз да өзінің аз-ақ алдында жылтырап шыққан көп жас ақынның бірі екен. Әп-әдемі өлеңдер жазып ауызға іліккен. Бірақ екеуінің одан арғы тағдыры екі түрлі. Ләззәттің құнығып істеген көп еңбегі зал кеткен жоқ. Аз жылда абыройы асып, жұрт мейірін қандырар біраз шығарма беріп тастады. Ал Нияз болса ескі жұртында соқтап өріске шыға алмай жүр. Сол баяғы «жас ақын», ендіргені шамалы. Кісінің бір тоқырап қалатын көзі болады, кейде ұзақ тоқыраудың артынан қиналып барып жақсы шығарма жазып кететіндер бар. Кім білсін.
Нияздың мінезі де өзгеріп кеткен. Жас кезінде кербездеу еді. Енді елгезек боп барады. Үлкендермен де, кішімен де, жақсы мен де, жаманмен де дос. Бәрімен аралас. Асылы жазушының кісі жатырқамағаны жақсы. Қайда той-думан болса, Нияз сонда. Ләззәттің бір қағаны Ниязды жұрт қастерлеп, арнап шақырмайды, и л ол келіп қалса жатырқап шетке және қақпайды. Қайсысы болса да үйреншікті адамы сияқты. «О, Нияз, сен де жақсы келдің. Бүгін бір қонақ шақырып едік» деген Ләззәт талай есіткен. Кейде «ауызыңның салуы бар екен», «мақтан жүреді екенсің» деген сөздер де айналып жатады. Нияз шақырусыз келгеніне қысылмайды, стол басында сызылып тағы отырмайды. Лезде тізгінді қолына алып, қонақтарды ғана емес, үй иелерін іс билеп-төстеп, думанды қыздырып жібереді. Кейін үй несі қоштасарда «әй, сенің келгенің жақсы болды» деп ырза боп қалады.
Талмай үміт күтетін Ләззәт қапа. Өзге жұрт Нияздың сыртынан тон пішеді. Көп қыдырады. Ішеді. Өндіріп еңбек берген жоқ. Думан-қызық қуалаған. Өмірдің жеңіл жолына түскен уайымсыз жан. Олардың көретіні сол ғапа. Сырт көзге жайраңдап, жарқылдап жүргенмен, ішінде талай қасірет жатқанын, шытырман қиын тағдырдың тұзағына түсіп, содан бүлініп жүргенін өзгелер қайдан білсін. От басының рақаты болмаған соң тебіреніп жақсы шығарма тудырмақ түгіл, кісінің ішкен асы бойына сіңе ме? Ойланбай, толғанбай жүр деймін... Газет-журналдардан Нияздың ысқаяқ, ажарсыз өлеңдерін оқып Ләззәт қатты қиналады. Бірақ бұғап да жалғыз Нияз айыпты емес. Сілеусін көзді келіншек, безеріп, оқты көзімен атып отырғанда, жақсы жыр қайдан шықсын.
Ләззәт Ниязды сүйе ме? Бұрын өзі де жауап бере алмайды. Не де болса екеуінің үзілген арасы қайта жалғанбайды. Оған кәміл сенеді. Бірақ сол Ниязды үзілді-кесілді ұмытып та кете алмады. Бұрынғы қыз махаббаты енді жақындық қамқорлыққа ауысқан. Әйтеуір соның жақсы болғанын тілейді. Неше түрлі дәлел, себеп тауып көп алдында болмағанмен, өз көңілінде ақтап алуға тырысады. «Кей адамның таланты кеш ашылады. Басында бұрқ еткізіп шаңын бір көрсетіп, кейінірек барып ұзаққа шабады» деген жебеу тауып еді. Енді ол үміті до ортайып барады.
Ниязбен ажырасқан соңғы сағаты көз алдында Алғашқыда Ләззәттің сөзін шала түсінгендей алақтап қарай берді. «Бүйте берсек сыйласудан да қалармыз» деп Ләззәт қатты айтып далғанда, бір нәрсені бүлдіріп алған баладай шошып кетті. Сол бір үрпиген қорқынышты кескіні есіне түскенде Ләззәттің іші жылып кетеді.
Қартайса да тұрмысқа икемсіз, бала сияқты нәзік адамдар болады. Ондайлар өз бетімен жол бастаудан гөрі жетекке ыңғайлы. Бұл кемшілігі емес, жаратылысы. Олар әйел махаббатынан гөрі аналық махаббатқа зәру. Көңілін тауып, мәпелеп, шын ықыласыңмен жақсылыққа бейімдесең — жақсы болады. Ал қиыншылыққа кездессе өз бетімен жол тауып шыға алмай бүлініп кетеді. Нияз да бүлініп бара жатқан сияқты. Оның қамын ойлап, шын жаны ашып, жақсылыққа жетелейтін әйел қайда?.. Ләззәт сілеусін көзді, ақ сүр келіншекке ыза болады.
Кейде Нияздың өзіне де ренжиді. Қашанғы бала болмақ? Еркек емес пе? Қадірінің кетіп бара жатқанын неге білмейді? Осылай бос қыдырып, бұралқы өмір кешіп, ізсіз өтпек бе? Өзінің азамат екенін мойнында борышы барын неге ойламайды? Ниязды көрген сайын, Абайдың:
«Күнде ойын, күнде той Ойланар кезің болды ғой», — деген зар сөзі есіне түсетін боп жүр.
Ләззәт Ниязға шын жан ашыр сөзін айтпақ боп талай оқталды. Бірақ, екеуі жатырқасын қалған ба, шешіліп, сөйлесе алмады. Алғашқыда Нияз ішін бермей, қыңыр сөзді әзілге шаптыра берді. Бірде Ләззәт тікесінен келіп:
— Нияз, өз болашағың туралы ойланатын кезің жеткен жоқ па? — деді.
— Нені ойлауын керек, — деп Нияз таңырқай қарады.
Ләззәт оның түріне қайран болды. Шынымен-ақ өз жағдайын түсінбеген бе?
— Өмірдің мағынасы туралы ойлануың керек.
— Тым қиынға кетіп қалдың ғой, Ләззәт.
— Мұратыңа жетсең, оңай қызықты тауысқан жоқ па едің?
Нияз күрт өзгеріп, Ләззәтқа мүсіркей қарады.
— Кешір, Ләззәт, мен сенің алдыңда айыптымын. Әрине, ренжитін себебіңді түсінем...
Ләззәт ызаға булығып:
— Ендеше түк те түсінбепсің, — деп ернін тістеп бұрылып жүре берді.
«Өзінің аянышты халін білмей мені аяйды. Соншалық арзандап кеткеніне ар ма екен», — деп күйім пісті. Кейін ашуы басылған соң Ниязды жазылмас ауруға шалдыққанын білмей, қаннен-қаперсіз жүрген адамға ұқсатып, жаны ашып кетті. Бірақ оны қалай құтқарудың амалын таба алмай дал.
6
Таяуда Бағила кездесті Ләззәт оны сирек көретінмін. Сол баяғы қалпынан титтей өзгермеген. Ұстап алып айрылар емес.
— Сен өзің ақын болып, атағың шыққан соң, бірге оқыған құрбыларыңды ұмытып кеттің ғой. Араласам тұруға бізді менсінбейсің-ау, — деп кінә тағып, үйіне сүйреп әкелді.
Бағиланың үйі жалғыз бөлме. Кереует, стол, орындықтар, сандық. Онсыз да айналар жер жоқ, тар бөлме жиналмай бықырсып жатыр. Бағила келісімен асқан дауға кірісті. Табасын шыжылдатып майын көңірсітіп қойып, ас үймен екі ортада жағы сенбей сөйлеп жүр. Оның дабырлаған даусынан бұрыштағы бесікте жатқан кішкентай қызы шырылдап жылап оянды. Ләззәт бесікті тербетіп, баланы жұбатты. Танымайтын адамын көргенге ме, сәби тез басылды. Сәлден кейін үстіңгі иегіндегі қиттай екі тісін көрсетіп, аузын ашып күлді. Ләззәт баланы құшырлана иіскеп, сүйіп алды.
— Мына мықтының аты кім? — деп сұрады Бағиладан.
— Атын Иран қойдық. Әлгі атақты ғалым әйел бар еді ғой. Иран Жолио-Кюри. Соның құрметіне...
Бағиланың үйінен көңіл тыныштығы шайқалып шықты. Бұрын кеудеге уайым кіріп, жүрегі бір нәрсені ақсай бастаса, өзге дүниені жинап қойып, жазуға отыратын. Кеуде керген арман мұңын ақ қағазға ақтарып беріп, бойы жеңілдеп, көкірегі босап қалатын.
Салиқаны кеп ойлады. Бейне өмірден торыққан кексе әйел сияқты «маған сенің қасіретіңді де бермеді ғой» деп, күрсініп көзіне жас алғаны есінде. Жігіт қызығар түр-тұлғасы болмаса да, оның сүйегі ыржиған кішкене кеудесінде қанша мейірім жатыр еді... Көп зарығып, бақытын тапқан екен.
Анау Бағила... Оқу бітірмей, күйеуге ерте тиіп, от басында отырып қалып еді. Кішкентай Гаррибальди жылап келіп шешесінің етегіне оратылды. Маңдайынан сүзе қараған сотқар тұңғышы... Мұның да өмірі базар. Қолда тұрмай тырбаңдаған сәбидің жас иісі... Ләззәттің тула бойын жібітіп жіберді. Кішкене дененің жылуы көкірек тұсында әлі тұр.
Қазір өзінің тап-таза үйіне келеді. Стол үстінде ашулы қалған дәптері қозғалмай орнында жатқан болар. Анасы ас дайындап, күтіп отыр. Екі әйел төбесі шошайып отырып тамақ ішеді. Етегіне оралып мазасын алар...
Әрине, Ләззәт белгілі ақын болды. Кітап арқылы мыңдаған адаммен сырласады... Бірақ мұңын шағар, сырын айтар шын сүйген жақыны жоқ. Көңіл тебірентер, сыры терең өлең жазды. Талай жастың сезімін оятты. Олар Ләззәтқа іштерінен алғыс айтатын болар... Бірақ ғашықтық туралы алтын кітап жазсаң да, сүйген жігіттің телмірген бір көзқарасына тати ма?
Ләззәттің мінезі тұйық болғанға ма, ешкім көңіл білдіріп, сөз салып көрген емес. Қатар-құрбы ақын, жазушылар мұны тіпті әйел санатына қоспай, дос-жолдастарына өздерін еркін ұстайды. Еркекше қалжыңдасып, ал дау-таластарда еркекпен еркекше сайысып, айтысқа түседі. Олар үшін бұл көп жазушының бірі, қаламдас жолдас дана. Кездескенде тынысы тарылып, төмен қарап, мұңайып кібіртіктеп тұратын бірі жоқ. Ләззәт та іші тоңазып қалғандай, жүрегі бүлк етіп, біреуге назар аудармады.
Ол қазір баяғы дөңгелек толық жүзді, тостағандай көзі адырайып, дүниеге таңырқай қарайтын жас қыз емес. Үлкен көзінің қарашығы айқындалын, тәңірсіп көлеңкеленіп, өткірлене түскен. Дөңгелек жүзінің еті таралып, сүйек бедері анықталып, өңі қатқыл тартқан. Балғын шағы өтіп, буыны қатайып бара жатқан өсімдік тәрізді. Көз төңірегіне ұсақ әжім түсе бастады. Отыз деген жас та өкшелеп келіп қалған екен. Енді бір айналмай жатын...
Ләззәт шошып қалды. Енді бір айналмай жатып.. Одан арғы арылмас жолдасы — жалғыздық болмақ. Үңірейген жым-жырт бөлме. Суық төсек. Шынымен-ақ жүрегінің оты сөніп қалғаны ма?
Мінез... Бір нәрсеге ықыласы түссе құлай берілетін, айнымас мінез... Бір кезде көңілін Нияз түгел жайлап алып еді. Алғашқы махаббатын, кіршіксіз таза сезімін бәрін соған берген. Енді біреуге ниет қылса — сөнгем оттың қоламтасын үрлегендей тамызықтап тұтанбаймын деп қорқады. Басқа адамды құшақтағанда ойында тұрса... Ұры көңілде таза махаббат бола ма?
Ал Нияздан үміт етер пе қалды? Аулақ болса да, абыройлы болса екен. Тым құрыса ырза бон, сыртынан сүйсініп жүрер еді. Күннен-күнге түңілдіріп келеді. Беті бері қараудан кеткен ұзақ ауру болады ғой. Оның бұл дүниелік емес екенін біліп тұрса да, жаңын адамы да шан көз жұмғанша қимайды. Нияз да Ләззәт үшін до.і сондай. Әйтеуір көңіл түбінде үміт талшығы үзілмей жүр.
Баспаға Нияздың өлеңдері түскен екен. Кітап болым басылмас бұрын, оңып шығып, пікір айтуға оны Ләззәтқа берді. Әуелі алар-алмасын білмей Ләззәт көп қинады. Нияздың әр жерде жарияланып жүрген өлеңдері нашар болатын.
Егер соларын жинап берген болса... Онда «басуы болмайды» деп үкім шығарып бермеске шарасы жоқ. Бірақ... Ойланбады деймісің. Мүмкін жұртқа көрсетіп жүрген жақсы дүниелері бар шығар. Бекерге қарап жүрмеген болар... Осы соңғы үміт жеңді де, Ләззәт жинақты алып кетті.
Нияздың өлеңдерін үміттей үрей аралас қалтырап оқыды. Салғаннан-ақ жылуы жоқ, қасаң өлеңдер... Көбі сол әнге деп жазған «әлеуләйлімі». Ләззәт әр бетті ашқан сайын тәтті үміті талмай, елең етумен отыр. Бірақ өлеңнің басқы жолдарынан-ақ көңілі суын сала береді. Кей жерде әп-әдемі өлең шумағы жылт етеді. Ұйқасы, үндестігі, сөзі жап-жақсы. Ондай жерін Ләззәт қайталам оқиды. Бір ғажабы оқыған сайын әлгі шумақтың машинасы азайып, жылтыраған сыртқы қақпасы ғана қалады.
Ләззәт еріксіз стол басына келді. Ойланып үнсіз отыр. Қолына қалам алған жоқ. Бірақ осының бәрін қағаз бетіне түсіріп, өз бойынан бөліп тастайды. Нияз енді бұрынғыдай көңіл түкпірінде емес, көп кейіпкерінің бірі боп, кітап бетіне көшеді. Содан кейіп өртеңнің орнында қайта тазарған жүрегі үлкен сезімге, шынайы достыққа ашық болмақ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі