Әр жүз жылда дүниенің халқы ауысады, яғни бұрынғы өмір сүргендер кетіп, жаңа адамдар келеді. Бір замандары басқалардың мүлкі болған нәрселерді қазір біз қолданудамыз, бізден кейін де басқалар қолданады. Бір қонақ үйде тұрсаңыз, ол жерден шығарда «мына төсекті, пердені алып кетемін» дей аласыз ба?! Сізге «ақылыңнан алжасқанбысың, бұл сенің мүлкің емес, осы жердікі» деп жауап береді. Адамның өмірі жаялықпен кебіннің ортасында өтеді. Екеуі де мата, екеуі де қалтасыз болады. Бос келіп, бос кетесің. Олай болса, алып кете алатын нәрсең өмірде жасаған амалдарың болмақ...
Қолдан, аяқтан арылғаныңда, яғни ажал құшып табытқа қойылғаныңда намаз, ораза, ілім үйрену тоқтайды. Кебінмен бірге амал дәптерің де жабылады. Бірақ садақа-и жария деп аталатын сенің себебіңмен жүзеге асқан игі істерің болса, неткен бақыт! Біреуге ілім үйреткенің, жақсы ұл-қыз өсіріп, жақсы шәкірт жетілдіріп, артыңнан қалдырған жақсы қызметің, жақсы амалың бар болса, өлгеннен кейін де сауап жазылуы тоқтамайды. Мен қартайғанда, қол-аяқтан арылғанда, бір шетке жинап қойған дүнием болсын, жалға беретін үйлерім болсын деп фәни дүниенің қамын ойлайтын мұсылман қалайша өлгеннен кейінгі өмірдің қамын ойламайды, осыны түсінбеймін...
Сәттілікке жетудің ең үлкен себептерінің бірі рухани сенімділік, күш-қуат. Бір қоғамда өзара құрмет, махаббат пайда болса, қызметтер алдыңғы қатарға шығады, өсек әңгімелер азаяды немесе мүлдем жойылады. Оның орнына дұға келеді. Әрине қызметтер көбеюімен Аллаһтың мейірімі, рахметі көбейеді, рахмет көбеюімен мейірімділік артады, мейірімділік артуымен береке артады. Береке көбеюімен адамдардың тыныштығы, бақыты артады. Аллаһ үшін болмаған істе қайыр және махаббат болмайды, бар деп ойланған нәрселердің бәрі алдамшы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі