Әлеуметтік линвистика ұғымы әлеуметтану, философия, тіл білімі, заң ғылымы, экономика, статистика, тарих ғылымындарының тоғысқан ортасы. Социолингвистика тілдің құрылысын, оның қоғамдағы орны мен тілдің қоғамға, қоғамның тілге әсерін зерттеп қарастырады. Қазақстандағы әлеуметтік лингвистика алғашында КСРО әлеуметтік лингвистикасының қосымша бір бөлігі ретінде қалыптасты. Тұғырлы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін еліміздегі тіл жағдайы мен құрылысы, оның негізгі бағыттары қажетті деңгейде зерттеліп, өзінің ғылыми негіздегі шешімдерін тапты. Осы тұста Б. Хасанұлы, М. М. Копыленко, А. Е. Карлинский, М. К. Исаев, Э. Д. Сүлейменова, З. К. Ахметжанова, С. Т. Сайн, Н. Ж. Шаймерденова сынды ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Г. Д. Алдабергенова, Г. М. Алимжанова қатарлы ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қазақ тілінің тіл құрылысы мен жағдайын зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың танымал мәселелері кең ауқымда талқыланды. Аталған тақырыпта ғалымдардың жасаған еңбектері өте көп. Әлеуметтік лингвистика жайында жазылған ғылыми еңбектерге көз жүгіртіп өтсек.
Ең алдымен социолингвистика саласын қамтитын еңбек Б. Хасанұлының 1976 жылы тұсауы кесілген «Қазақстан халқының тілі және оның өзара әрекеттестігі» атты шығарылымында қазақ тілінің барлық саласы толық зерттеуден өткен. Мақала Қазақстандағы саны аса басым этникалық топтардың тілдері туралы статистикалық деректерді қамтиды. Сонымен қатар ол тілдердің пайдаланылу аясы мен қоғамға әсер ететін функциясына дейін толық талқыланды. 1982-1984 жылдар аралығында М. М. Копыленко мен С. Т. Саиннің «Қазақ тілінің түрлі қабаттарындағы орыс тілінің қызметі» және «Қазақтардың орыс тіліндегі фонетикалық интерференциясы» атты жұмыстары жарық көрді. 1987 жылы осы аталған жұмыстардың «Қазақтардың орыс тіліндегі лексикалық және морфологиялық интерференциясы» атты екінші бөлімі басылып шықты. Шығармаларда қазақтардың орыс тілін пайдаланудағы жіберетін лексикалық, фонетикалық және морфологиялық қателіктері сынға алына отырып зерттелді. Сонымен қатар, 1987-1989 жылдар аралығында Б. Хасанұлының «Қазақ-орыс қостілділігі» және «Ұлттық тілдер:ізденістер мен перспективалар» деп аталатын екі ғылыми еңбектері жарыққа шығады. Автор осы ғылыми еңбектерінде қостілділіктің қоғамға қалай әсер ететінін, оның қалай пайда болғанын талдап, ерекшеліктерін ашып көрсетті. Бұл жұмыста тек зерттеу жұмыстары мен автордың жеке ойы ғана айтылмайды, сонымен қатар, зерттеу жұмысында нақты статистикалық деректер келтірілді. Қазақстанда тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің аталмыш тілді меңгеру деңгейі мен қажеттілігі негізге алынды. Осы Б. Хасанұлының ғылыми еңбегінде «көптілділік», «екі тілділік» ұғымдарының анықтамалары берілді және социолингвистикалық терминдердің анықтамалары жазылды. Берілген мысалдарда Қазақстандық тәжірибеде кездесетін екі, үш, төрттілділік үлгілері сипатталған.
1990 жылдың төңірегінен бастап Қазақ социолингвистикасында екі тілділік пен диглоссия жөніндегі мәселелер ашық талқыға түсті және кеңінен талқылана бастады. Осыған орай елімізде бірқатар еңбектер пайда болды. А. Е. Карлинскийдің «Тілдердің өзара әрекеттесу теориясының негіздері»(1990ж. ) еңбегінде тілдердің ішінара әрекеттестігі, билингвизмнің қалай пайда болатыны мен оның қоғам өміріне қалай әсер ететіні, жасанды және табиғи билингвизм түрлері, тілдік ұжым сияқты қоғам өмірінде елеулі орын алатын тақырыптар зерттелді. 1990 жылы «Қазақстанның тіл саясаты және оны жүзеге асыру әдістері» жинағы жарық көрді, бұл жинақта Қазақстанның тіл саясатына басты назар аударылды. Б. Хасанұлы екі тілділіктің табиғатын талдай отырып, автор оған мынадай анықтама береді:
«Екі тілділік дегеніміз- белгілі бір этникалық топтың өкілдері арасында әртүрлі жағдайларда бүкіл қоғамның белгілі бір аумағында этносаралық қатынастар орнатуды және екі тілді айнымалы немесе қатар қолдануды білдіреді. »
Адам екі тілді пайдалана алады. Ұзақ уақыт бойы қостілділік табиғи құбылыс дәрежесіне ие болды. «Көптілділік» - көбірек тілдерді меңгеру ретінде сипатталады. Соңғы кезде «қос тілді білім беру», бұл білім беруді ұйымдастыруды екі тілде берілетін процессі ретінде айқындалады. Қазіргі таңда тек бір тілде сөйлейтін, тек бір тілді қолданатын қоғамды кездестіру өте кездейсоқ жағдай. Махмұт Қашқаридың заманының өзінде қала жұрттарының тек бір тілді ғана қолданбайтынын, өзара қарым-қатынас жасау барысында бірнеше тілді қолдатантындарын айтқан. Лингвистика саласында бұндай құбылысты «қостілділік» деп атайды. Қостілділік немесе көптілділік кез-келген қоғамда кездесетін жағдай. Себебі, қазіргі жаһандану заманындағы әр мемлекет үшін әлемдік даму толқынына ілесу үшін сонымен қатар мемлекеттермен еркін қарым-қатынас орната алу үшін республика шеңберінде бірнеше тілді пайдалану ұтымды шешім екені рас. Қазақстан – көп ұлтты, көпмәдениетті ел, онда әртүрлі 120 тілден астам тілде сөйлейтін халықтар тұрады. Бұл тілдердің барлығы лингвисттердің назарын қатты өздеріне аударды. 20 ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанда тіл теориясы мен әлеуметтік лингвистикалық бағыт белсенді дамып келеді. Оның негізгі объектілері болып: тіл және қоғам, тіл және ойлау, тіл және этнос, тіл және дін, т. б. жатады. Тіл білімінің бұл мәселелерін дамытпай, көпұлтты мемлекетте тіл саясатын табысты жүргізуі екіталай.
1996-1999 жылдар аралығында Е. Д. Сүлейменованың «Қазақ және орыс тілдері:салыстырмалы тіл білімінің негіздері» және А. Е. Карлинскийдің «Халықаралық қатынастар:теория-практика-ізденіс» кітаптары жарық көрді. Ал 2001 жылы «Қостілді және этносарлық алмасулар» атты кітап дүние есігін ашты. Е. Д. Сүлейменова мен Н. Ж. Шаймерденованың социолингвистикалық терминдер сөздігінде социолингвистикалық теориялық мәселелер, бағыттары мен әдістері саласында 400-ден астам терминдердің түсіндірмелері мен анықтамалары жазылған. Осы себептен осы аталған жұмыс қазақ социолингвистикасының дамуына үлкен үлесін қосты деп күмәнсіз айтуға болады. Қазақ социолингвистикалық мектебінің басшысы Э. Д. Сүлейменова және оның шәкірттері мен артынан ерушілердің(Ж. С. Смагулова, Н. Ж. Шаймерденова, Д. Х. Аханова және т. б. ) басшылығымен көп жылдардың жүзі бойы Қазақстандағы тілдің саясаты мен тілдің құрылысына егжей-тегжейлі талқылау жасалып отыр. Зерттеудің нәтижелері Э. Д. Сүлейменованың жалпы бақылауындағы монографиялық жұмыстарда жарияланған(мысалы,2007 жыл).
Қазақ социолингвистикасы жайлы мәліметтерді жоғарыда айтылған елеулі ғылыми еңбектерден ғана емес, сонымен қоса ғылыми мақалалардан кездестіре аламыз. Солардың бірі- М. Аренов пен С. Калмковтың «Қазақстан Республикасындағы қазіргі тілдердің жағдайы» мақаласы. Мақалада Қазақстандағы тілдердің нақты жағдайын анықтау жолында ғылыми әдіс-тәсілдер көптеп қолданылған.
Кеңестік кезеңде құрылған қазақ лингвистикасын құруда қазақ ғалымдарының еңбегі орасан зор. Олар сол уақыттың өзінде жеке тәсілдерді ойлап табу арқылы қазақ тілінің лингвистикасын, қазақ тілінің сол замандағы жағдайын толыққанды зерттеуге бар күштерін жұмсады. Бұны А. Байтұрсынов, Х. К. Жұбанов, С. А. Аманжолов, Н. Т. Сауранбаев, С. К. Кенесбаев, Х. Х. Махмудов, Г. Г. Мусабаевтың еңбектерінде кездестіруге болады. Қазақтың әдеби тіліне негіз болған, қазақ лингвистикасының тұсауын кескен қазақ қоғамының ірі тұлғасының бірі ол-Ахмет Байтұрсынов. Ешкімнің нұсқауынсыз қазақ халқының әліпбиін ретке келтірген, ғұмырының 20 жыл уақытын осы қазақ лингвистикасын зерттеуге арнаған. Ахмет Байтұрсыновтың атқарған жұмыстарына дейін қазақ қоғамында буын, бунақ, ұйқас, ырғақ, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, одағай, шылау, етістік, жұрнақ сияқты ұғымдардың біреуі де болмаған. Қазақстың тілін ғылым ретінде қабылдап, оны зерттеуге ұмтылған адам да болмағаны ақиқат. Ахмет атамыз осының бәрін өз орындарына қойып, іргелі ғылым ретінде зерттеді. Осы күнде бізге жеткен Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері бір адамның ғұмыры үшін арнасынан асып жығылатын құнды шығармалар екені рас. Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік, орфографиялық құрылымын зерттеген лингвист-ғалымның еңбектері қазақ лингвистикасының дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосты деп асқан абыроймен айта аламыз.
Социолингвистикалық тәжірибелердің нәтижелері Қазақстан Республикасында барлық қоғамдық салаға, соның ішінде оқу бағдарламасына мемлекеттік тіл ретінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін енгізу туралы заңнан кейін тіпті танымал бола бастады. Республикамызда өзара қатынас тілі ретінде екі тіл қызмет атқаратыны бәрімізге белгілі жағдай. Ал кейінен оқу бағдарламасына үштілділікті енгізгеннен кейін социолингвистикалық тәжірибелердің нәтижелері үлкен айналымға енді. Жас буынның күнделікті сөйлеу тілінде үш тілді қолдануы тілдің сатылай өзгеруіне, бұрмалануына немесе ұмытылып кетуіне қауіп төндіргені рас құбылыс.
З. К. Ахметжанованың пайымдауынша, социолингвистика үшін бұрын қоғам мен тілдің өзара байланысы маңызды болса, қазіргі таңда этнос пен тіл, жеке адам мен тілдің арақатынасы маңызды орын алады.
Социолингвистикалық зерттеулер жайлы сөз қозғалғанда, үш негізгі бағыт көрсетіледі, олардың әрқайссысында өзіндік зерттеу әдістері мен объектісі бар. Нақтырақ тоқталатын болсақ олар сандық, тіл социологиясы және қатынас этнографиясы. Әлеуметтік лингвистика жаңа тілдерді үрену үшін де қолданылып келеді. Әлеуметтік лингвистика белгілі бір топ немесе адамдарың белгілі бір сөзді басқа бір сөздің орнына не үшін пайдаланатынын және оны қандай жағдайда қолданатынын зерттеуге негізделеді. Негізгі нұсқалардың төрт түрі бар: географиялық, контексттік, әлеуметтік-мәдени және тарихи.
Қазақстандағы тіл жағдайы, тіл саясаты және тілді жоспарлаудың теориялық мәселелері қазақстандық әлеуметтік лингвист ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттеліп жатыр. Қазақстандық ғалымдар қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және басқа да тілдердің өзекті мәселелерін қарастырумен айналысады. Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың алдында тұрған өзекті міндеттердің қатарында тілдік тұлғаны оның этникалық өзіндік сәйкестендіруіне байланысты сипаттау да жатады.
Қазақстанның КСРО құрамында бұрын соңды болғаны алаш қоғамын елеулі өзгерістерге алып келді. Соған қарамастан бүгінгі күнде көп адамдардың таңдауы орыс тіліне қарағанда қазақ тіліне түсіп жатқанын байқай аламыз. Әрине, салыстырмалы түрде алып қарасақ, ағылшын тілін таңдайтындардың саны өте жоғары екені белгілі. Ағылшын тілі әлемдік тіл ретінде көш бастап тұрғанымен үлкен рөлді атқарады. Қоғамда қазақ тілінің дәрежесі артып, уақыт ырғағымен сатылай жаңа деңгейлерге көтеріліп келе жатқаны әрбір елін сүйген азаматтың жүрегін елжіретері хақ. Әлемдік аренада қазақ елін егемен ел, тәуелсіз халық ретінде танып, еліміздің тілінің қолданылу аясын кеңейтіп жатқаны, ата-баба мұратының орындалғаны, алаш елінің жаңа дәуірінің ауылы алыс емес екендігінің дәлелі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Қазақстан өңірлік және жаһандық факторлардың ықпалына сәйкес дамып келе жатқан жас мемлекет. Егемендікті қолымызға қондырған уақыттан бастап халықтың мүддесі, еліміздің тілі үшін елеулі еңбектер атқарылды. Соның ішінде, көненің көзі, халықтың һәм жүрегі,жаны саналған қазақ тіліне үлкен көңіл аударылды. Мен осы жазған жұмысымда “дәстүрлі” линвистика мен әлеуметтік лингвистиканы ұштастыра отырып, әлеуметтік лингвистиканың да өз алдына жеке сала екенін таныстыруға тырыстым. Зерттеудің басты көзі – адамның тіліне, күнделікті сөйлеу дағдысына әлеуметтік ортаның тигізетін әсерлерін талдап көрсету еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі