Өлең, жыр, ақындар

IT журналистикада оқудың ерекшеліктері

Цифрлық технология күн сайын даму үстінде. Бұл өзгеріс журналистика саласына да әсер етпей қоймады. Бұрынғыдай тек теледидардан көріну білікті маман үшін аздық етеді. Осы талапқа сай оқу орындары да өз тізіміне жаңа мамандықтарды қосты. Бір-бірінен ерекшелену үшін білім жүйесіне түрлі өзгеріс енгізіп жатыр. Ал ХАТУ-да журналистикада оқудың қандай ерекшеліктері бар?

Білім жүйесі жаңа форматта. 2-3 сағаттап лекцияны тыңдап, оқытушының сөзіне ілесіп конспект жазу деген түсінік мүлде жоқ. Айтылған ақпараттан керегін түртіп алу студентке жақсы. Бірақ ешкім қолжазбаларды міндеттеп сұрамайды.

Сонымен қатар, теориядан гөрі практика көп. Студенттерге тек теорияны жатқа айтып тұруды емес, дұрыс бағыт беру арқылы тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Мысалы, бірінші курстың екінші жартысынан бастап қолға микрофон ұстатады. Осылайша сюжет түсіруді, репортаж жасауды үйреніп шығамыз.

Әр студенттің пікірімен санасу. Оқытушылар кез-келген білім алушының ойын тыңдап, өзін тұлға ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Әсіресе, болашақ төртінші билік өкілдерінің әлем және елдегі жаңалықтарға деген көзқарасын үнемі сұрап отырады.

Оған қоса жұмысқа тұру мүмкіндігі де көп. Бакалаврды бітірген журналист заман талабына сай, жан-жақты маман болып шығады.Түрлі ақпараттық порталдар және республикалық басылымдармен іскерлік келіссөз жасалған. Осының нәтижесінде, аға-әпкелеріміз беделді жұмыс орындарында өз қызметін жоғары деңгейде атқарып жатыр.

Бұл менің екі ай ішінде байқаған жаңашылдықтарым. Төрт жылдың ішінде әлі талай нәрсеге көз жеткізуім әбден мүмкін. Оқырманның сұранысын қанағаттандыра алатын БАҚ өкілі болу біздің міндет. Күнделікті айналамызда болып жатқан өзгерістерге ілесіп отыру әр саланың маманы үшін үйреншікті нәрсеге айналғаны жөн.

Бану Әбдіғалиева
ХАТУ студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз