Менің де отбасым ең қымбат,ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болған әкем бар. Мен әкеммен мақтанамын. Өйткені, әкем өте жақсы адам. Әлемдегі ең мейірімді анам бар. Жақсы қарындастарым бар. Есімдері:
Әкемнің есімі - Мұрат, анамның есімі - Алтынай, қарындасымның есімі - Айкөркем, ал ең кішкентай қарындасымның есімі - Айнара. Мен алдында үшінші орын алған кезде әкем мен анам қатты қуанды. Әкем мені дүкенге апарып, қалаған заттарымды алып берді. А, анамды ұмытып барамыз ғой. Анам маған тәтті тағамдар дайындап берді. Бүгін міне, қарындасым биден бірінші орын алды. Оған бүкіліміз қуандық. Анамның қуанғаннан жүрегі жарылып кете жаздады. Әкем де қуанды, мен де қуандым. Ал,ең кішкентай қарындасым да осындай жетістікке жетсің деп тілеймін. Ол да біз сияқты біз сияқты ақылды болсын.
Мүтәліп Мерей Мұратханұлы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі