Өлең, жыр, ақындар

Журналистиканың заманауи талаптары

Күнделікті өзгермелі технологиялық ортадағы журналистиканың тағдырын түсіну үшін біз ең алдымен «журналистика» мағынасын түсінуіміз қажет. Журналистиканың көптеген конвенцияларынан құралған Интернеттегі қызмет формасының бірі ретінде блогқа сілтеме жасай келе, журналистика өзіне жеткілікті тұрақты конвенциялардан тұрады, алайда блогтар тәжірибелі журналистиканың негізгі қағидалары ретінде саналуы да, саналмауы да мүмкін. Алайда, журналистика нақты бір технологияға байланысты емес, бірақ жаңа технологияларды әдетте осы тәжірибеге туған қауіп ретінде қарастыру қалыптасқан. Журналистика тек академиялық мүдде тұрғысынан маңызды емес, ол тәжірибе тұрғысынан да маңыздылығы басты мәселе. Мысалы, күннен-күнге «журналист» атағына ие болғысы келетін қарапайым адамдар көбеюде, осыған орай, журналист дегеніміз кім және оның қандай айырмашылығы бар деген өзекті мәселеге айналуда. Журналистика өте жалпылама сипатқа ие болғанда оның анықтамасын айыру күрделі.

Қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі қандай?-деген сұраққа жауап беретін болсақ- қазіргі қазақ журналистикасы еркіндіктің босағасында, оның өзінің деңгейі мен дәрежесі бар. Кез келген мәселеге қалам тарта алады. Ол баспасөздің, Бақ құралдарының еркіндігі десек те болады. Бірақ дей тұрғанмен қазақ журналистикасының жолын дамыту бар да, және жас журналистерді дайындау проблемалары бар. 

Заманауи Журналистиканың жай-күйіне қарасақ, бұл мамандықтың да жаңа заманға сай өзгеріп даму үстінде болып жатқаны еліміздің де ақпараттық құндылығы дамып жатыр деген сөз. Менің ойымша заманауи журналистиканың болашақта сұранысқа ие мамандықтардың бірі болады деп білемін.Себебі қазіргі таңда ақпарат құралдарында күнделікті отыратын адамдардың саны жүздеп емес миллиондап асып жатыр. Яғни бұл дегеніміз қазіргі таңда кез-келген адам баласы үшін цифрлық даму маңызды және міндетті қызметтің түрі. Осы орайда журналистика мамандығының жаңа заманға сай дамығаны және оның алғы қатарда болғаны да мемлекетімізге алып келер үлкен пайды. Сонымен қатар қоғамның даму барысында журналистиканың алар үлесі зор. Осы орайда, журналистика саласының заман талабына сай болуы және оның заманауи тұрғыдан өзгеріске енуі ең үлкен дамушылық деп есепке алуға болады. Журналистика саласының әлемге алып келер пайдасы көп. Бұл саланың елімізде дамып алдыңғы қатарға шығуы да нашар емес. Егер цифрлы және замануи журналистика халық арасына енетін болса телеарнлардың және осы мамандыққа деген сұраныс келешекте үлкен болмақ. Елдің болашағы мен қоғамның дамуы журналистика саласымен тікелей байланысты. Бұл саланың заман талабына сай болуы үлкен жетістік.

Жайырова Нұрила Тұран университеті 4 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз