Өлең, жыр, ақындар

Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ерекшелігі

Бүгінгі таңда Алтын Орда тарихында ислам дінінің алатын орны туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар қалыптасып отыр. Бір топ зерттеуші мамандар Алтын орданың әлсіреп, ыдырауының басты себебі мұсылманшылық дәстүрдің мемлекет ішінде кең өріс алуынан болды деп пайымдайды. Келесі бір топ мамандар бұл уақыт моңғол шапқыншылығы нәтижесінде құлдыраған Орта Азия мұсылманшылық дәстүрінің қайта жандану дәуірі деп бағамдайды. Ұсынылып отырған мақалада біздің мақсатымыз Алтын Орда мемлекетінде ислам дінінің орның анықтау, екі түрлі көзқарастағы мамандардың арасындағы пікір-таласқа араласып, өзіндік пікірлерді көрсету емес. Біздің мақсат – нақты археологиялық деректер негізінде Алтын Орда мемлекетінің исламдану үдерісінде керуен жолдарының рөлін көрсету.

Алтын Орда мемлекетінің исламдану үдерісінің басы Жошының ұлы Беркенің исламды қабылдануынан басталады. Тарихи деректерде хан тағына отырған Берке ағасының салдырған Сарайшық қаласына барғанда Бұқарадан келген көптеген керуендердің біріндегі екі жақсы кісіні бір аулақ жерге шақыртып мұсылмандықтың шарттары мен тарихын сұрағандығы, әлгі екі жанның мұсылманшылықты жақсы баян қылуының арқасында Берке хан шын жүрегімен исламды қабылдағандығы жазылады. Беркенің соңынан інісі Тоқай-темірде ислам дінін қабылдағанын Әбілғазының деректерінен кездестіреміз. Алтын орда дәуірі туралы деректерде Беркенің исламды Сейфуддин Бахарзидің уағыз-насихаты нәтижесінде қабылдағандығы келтірілген. Беркенің исламды қабылдауы оның өзге дін өкілдерімен ара-қатынасының нашарлауына себеп болғандығын Әбілғазы өзінің шежіресінде жазады. Бірақ, Берке мұсылман бола тұра өзінің әскерін 1258 жылы Құлағудың Бағдат қаласын басып алуына көмектесу үшін жібергендігі туралы мәліметтер кездеседі. Рашид ад-Дин Беркенің мұсылмандардың қалаларын қиратып, мұсылман басшыларының үйлерін өртегенін, досы мен жауын ажыратпай, туысқандарымен кеңеспей халифты тақтан тайдырғандығын сөз етеді. Беркенің мұсылман бола тұра бұндай қадамдарға баруы саяси мүдде тұрғысынан жасалған өзіндік шешімі екені айтылады. Алтын Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этник. құрылымы жағынан әртүрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Абу Хайан, Ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті. Алтын Орда дәуірінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқалардың бастылары мыналар: “Мұхаббатнама” дастаны, 1353 ж. жазылған “Мұхаббатнамада” мәснауи (әр екі жолы өзінше ұйқасатын өлең формасы), ғазел (алғашқы екі жолы ғана ұйқасып, әрі қарай ақсақ ұйқас болып кететін өлең) түрінде келіп отырады. Осы тәртіп аталмыш дастанда да сақталған. Кітаптың соңында мінажат (аллаға жалбарыну), қыта (филос.түйін), шағын әңгіме берілген. Негізгі бөлім — он бір арнауда (намеде) ғашық болған жігіттің сұлу қызға сүйіспеншілігі жырланады. Ақын арнауларында адамның кіршіксіз сезімін, асыл махаббатты ардақтауды жыр етеді. “Хұсрау мен Шырын” дастанының тақырыбы — Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы сүйіспеншілік, шынайы махаббат. Дастанда арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатындығы жырланды. Хұсрау мен Шырын туралы аңыз Таяу және  Орта Шығыс, Закавказье, Орта Азия, Үндістан халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. “Хұсрау мен Шырын” дастанын Низами салжұқ сұлтаны Тоғрулбектің өтініші бойынша жазған. Халық сүйіспеншілігіне бөленген осы эпик. жырды Алтын Орда ақыны Құтб парсы тілінен түркі тіліне аударды, бірақ бізге жетпеген. Қолжазбаның жалпы көлемі — 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар. Низамидің “Хұсрау мен Шырыны” 130 тараудан тұрса, Құтбтың аудармасы — 90 тарау. Осыған сәйкес Низамидегі 7000 бәйіт орнына Құтбта 4700 бәйіт болып шыққан. Құтб ақын Низамидің композициясы мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін аударма жасаған. “Гүлистан би-түрки” (“Гүлстан”) — Шығыстың көрнекті ақыны Сағдидің қаламынан туған дастан. Мұны, Мысыр ғұламаларының өтініші бойынша Алтын Орда ақыны Сайф Сараи 1391 ж. парсы тілінен түркі тіліне аударады. Осы аударманың біздің заманымызға келіп жеткен жалғыз көшірмесінің көлемі 371 бет. Әр бетте 13 жолдан жазу бар.

Кайратов Арайлым


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз