Өлең, жыр, ақындар

8 наурыз мерекесіне құттықтау сөздер, тілектер

Құрметті ханымдар!

Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер-азаматтарыңыз сіздердің қандай еркеліктеріңізді болсын көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерімізге айтарым: жүректерінің түбіне біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

*** *** *** ***

Сізді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні Сізге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!

*** *** *** ***

Жыл бойы осы бір көктемгі мерекелік көңіл-күйден арылмағайсыз! Сіздің жүрегіңіз тек қана жылылық пен нәзіктікке толсын, сондай-ақ сізге мол бақыт, мықты денсаулық, сәттілік пен махаббат тілейміз!

*** *** *** ***

Барша әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейрім шапағын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен денсаулық тілеймін!

*** *** *** ***

Барша Қазақстандық әйелдерді, көктемнің төл мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүрегімен құттықтаймын. Аналарымызға, апа-қарындастарымызға Алла Тағала тек денсаулық, бақыт және әрине махаббат берсін. Көктем гүліндей құлпыра беріндер...

*** *** *** ***

Барша аналарды, апаларды, әжелерді, әпкелерді, қарындастарды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттыктаймын! Сіздерге ең басты бақыт тілеймін!!! Алла тағалам Сіздерге соны нәсіп етсін!

*** *** *** ***

Сіздердің көктемдеріңіз ешқашан таусылмасын, ал жүректеріңіз жағымды еске алулардан әлсіресін! Сіздің араңызда, іскер әйел санайтын біреу болса, ол өзіне нағыз Көктемді – махаббатты сыйласын және оны алатын болсын. Өз сұлулығының сиқырына сенетін жас бойжеткен арулар өзге де бағалы байлықты - өз ісінің жемісін көрсін! Бақыт, Денсаулық, Бейбітшілік, Үйлесімділік және Қайырымдылық тілейміз!

*** *** *** ***

Сендерді көктемнің алғашқы мерекесі Әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын! Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңдер! Бүгін ақ жаулықты әжелердің, асыл аналардың, сұлу әйелдердің, ару қыздардың салтанатты мерекесі! Мерекелерің құтты болсын!

*** *** *** ***

Әйел – ана, әйел – асыл жар.

Құрметті арулар! Мерекелеріңізбен кұттықтай отырып, қазақтың тамаша ақын қызы Нәзира Бердалының сөзіне жазылған, Бағлан Бәбіжанның әні «Ару-ғұмырды» сіздердің құрметтеріңізге орындап берейін. Қабыл алыңыздар!

Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ару-кезең – әдемі, әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.
Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.

Назар аудар:

8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер

8 наурызға әзіл тілек

8 наурызға арналған ресми құттықтаулар

8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер, өлең жолдары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Болат Н

Керемет

Дамир

Мықты

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз