Өлең, жыр, ақындар

Мен журналист болсам

Журналистика халық пен билікті байланыстыратын басты көпір болып саналады.  Журналист ақиқат пен шындықты жеткізетін жан, яғни қоғамның айнасы деуге болады.

Мен журналист болам деген ой есейе келе пайда болды. Бұл мамандықтың қиындығы мен ауыртпашылығына қарамай мен осы саланы таңдадым. Егерде мен атақты журналисттердің бірі болатын болсам, бетін жылы жауып қойған мәселелерді көтерер едім. Мысалы қазіргі қоғамдағы басты мәселелердің бірі тіл мәселесі. Қазіргі қоғамда барлығы атап айтатын болсақ, әсіресе жастар орыс тілін сәнге айналдырып алған сыңайлы. Бүгінгі күнде осы мәселеге айрықша мән беріп қарамасақ өз ана тілімізді жоғалтып алуымыз әбден мүмкін дегім келеді. Бұдан да маңызды шешілмей жатқан мәселелер елімізде жетерлік. Мен сол мәселерді шешуге халыққа пайдамды тигізуге дайынмын. Армандарымның орындалатынына мен сенемін.

Қорытындылай келе ең бастысы ол сенің журналистикаға деген шынайы махаббатың, өз ісіңді сүйуің, ол нарсе болмаса сен нағыз шынайы журналист бола алмайсың.

Нұрділла Асылжан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз