Бақытжан Қаратаевты біз - алғашқы заңгер, қоғам қайраткері, ағартушы-демократ одан бөлек, жер-су мәселесі бойынша қазақтың мүддесін қорғаған халық жанашыры ретінде жақсы білеміз. Ал, оның өз елі үшін қандай ауыр кезеңдерді басынан өткергендігін бірі білсе, бірі біле бермейді. Ол 1907 жылы II Мемлекеттік Думаға Орал өңірінен депутат болып қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйлейді.
Өз сөзін «Депутат мырзалар!» деп бастаған заңгерден басқа, қырғыз-қайсақ атынан бірде-бір адам жұмған аузын ашпай, тек елдің территориясына шаруаларды қалай қоныс аудартсақ екен деген оймен отырғандардың отырысы Қаратаевты қатты қайран қалдырады. Ол мына көпшіліктің негізгі мақсаты - шаруаларды Орта Азияға қоныстандыру арқылы аграрлық қиындықты жою екендігін байқайды. Азиялық облыстар ішінде шаруаларды қоныстандыратындай бос жер бар ма, жердің топырағы, ауа-райы, тарихы зерттелді ме деп сұрайтын тірі жанның болмағандығын бетке баса айтады. Халықтың ойымен санаспай, шаруаларды қоныстандыру Б. Қаратаевты ашу-ызаға булықтырады және бұны әділетсіздік деп таниды. «Жергілікті халықтың көзқарасымен санаспай келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс, әрине. Ондай жағдай әрдайым күштінің әлсізді қанауы деп қарастырылады. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар - әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ. » Осындай өз ойының соңында шаруаларды қоныстандыруды тоқтату керек екендігін ашық айтып жеткізеді.
Ақтар түрмесінің жалғыз кісілік камерасында жатқан қарт Қаратаев өзіне өзі: “Большевизм өкімет басында қала ала ма? – деген сұрақ қояды. Содан соң, “Ол, меніңше, өздерін өздері өкімет еткендердің тіршілігі тоқтағанға дейін билікте тұра алады!” – деп өз сұрағына өзі бойын тік ұстап жауап береді. “Өздерін өздері өкімет еткендер” дегені – өзін темірторға жауып тастаған казак әскери үкіметі. . . Тар қапаста әбден шаршап, еркіндікті аңсап құлазығаннан бері жақын жолдасы етіп келе жатқан күнделігінің беттеріне ол одан әрі:
“Большевизм сахнадан ауыспалы кезеңнің міндетін өтеп барып кетеді, ол өз орнын бейбіт, жасампаз және социалистік тұрпаттағы өкіметтерге береді. Әзірге большевизм күллі ескі әрі іріп-шіріген дүниені күйретуші мәнінде әрекет етуде. Ал жасампаздар – басқа адамдар болады. . . ”, – деп жазады. Барлығымызға белгілі, большевиктер партиясы билікте 70 жылдан астам уақыт тұрғаннан кейін ғана биліктен құлаған. Төңкеріспен бастаған әміршіл-әкімшілік ғұмырын төңкеріспен, қадір-қасиетсіз аяқтаған. Сондықтан да, Бақытжан Қаратаевтың 1918 жылы жазып қалдырған жазбалары қазіргі заманның биігінен қарағанда, әртүрлі тұжырымдамаларға жетелейтін қызық дереккөздер екені сөзсіз шындық. Ол Оралдағы большевиктік жұмысшы, шаруа, солдат депутаттары облыстық кеңесінің мүшесі, әрі әділет комиссары ретінде тұтқындалған еді. Тұтқындалған күні өзінен жауап алған әскери үкімет тергеушісіне Бақытжан Бисәліұлы казактар төңкерісінің заңсыздығын әшкерелеп жауап берген еді. Оны “ә”дегенде ату жазасына кесу туралы шешім қабылданған. Алайда, билік оның өлкедегі беделін ескермей тұра алмады. . . Содан ол 1 жылға жақын жеке камерада қамаулы жатты. Сонда да, сағын сындырмай, күнделігіне: “. . . Мен әскери үкіметке Қазан революциясы мен Кеңес өкіметін казактар мүддесі үшін, өзара қырқыс пен қантөгісті болдырмау үшін мойындауды ұсынамын”, – деп жазды. Бірақ мынаны да ойлау керек, қазақтарды жерінен ғана емес, тұрған үйінен, жалғыз баспанасынан күштеп шығарып жіберіп жатыр”. Қазақтардың тек қана жер тістеп аман қалуына болатынын, сондықтан тездетіп отырықшы өмірге көшуін Қаратаев сол шақта қатты насихаттаған болатын. Мұндай әрекет белгілі бір ауылдар тобының егін егуге қолайлы алқапты игеруіне заң тұрғысынан ерік береді, ал телімдер арасындағы егістікке жарамайтын жерлерге мал жая беруге болар еді деп пайымдады ол. . . Өкіметтің қазақ жерінде жүргізіп отырған жер саясаты көшпелі қазақтарға қиындық туғызды. Иә, шынымен Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген бұл саясат көшпелі халықтардың жағдайын тым нашарлатты. Жаз жайлау, қыс қыстауға көшіп жүрген халықтың малы қырылып, қиын кезеңді бастан өткеруіне себеп болды. Б. Қаратаевтың айтуынша, “қырғыздар тек көшпелі халық” - деген қате пікір. Қырғыздардың арасында көшпелі де отырықшы да шаруалар бар. Олардың кірпіштен баспаналары да бар. ”Оларды жылы да, жайлы қоныстарынан қуып шығу халыққа аса ауыр тиеді. Егер артық жерлері болғанда, олар онсызда беруге разы еді”- деп халық атынан нақты сөйлейді. Сондай-ақ, қырғыздарды күштеп, үйлерін тартып алып жатқандығына қарсы қолында нақты дәлел бар екендігін ескертеді.
Қорытындылай келе, елдің ардақтысына айналған Қаратаев бар жоғы берілген он минутқа осыншама мәселені сыйғызып қана қоймай, сол замандағы қара халықтың мұң-зарын билікке ашына айтып жеткізе алды. Ащы шындықты ашық айту ол заманда өз басын өлімге итермелегенмен бірдей еді. «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» деген ұстанымды тіліне тиек етіп, қарабайыр халықтың төбесіне шұғылалы күн нұрын төге білген Қаратаевтың өжеттілігі мен халқы үшін төккен маңдай тері ел есінен ешқашан ұмытылмайды.
Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзін ашық хат ретінде баспасөз беттері - «Большевиктік Орал», «Орал өңірі», «Айқап» журналы газеттерінде жарияланады. Осы «Большевиктік Орал» газетінің жабылуына Бақытжан Қаратаевтің «Ашық хаты» түрткі болды деген де сыбыс бар. Соған қарамастан, қандай кезең болмасын, өз елінің қамы үшін, тынбай жүгіріп терін төккен, ешкімнен қорықпай, тек ащы шындықты ғана жанына бес қару етіп сайлаған Бақытжан Қаратаев нағыз ер азамат, нар тұлға екендігін өз халқына қажырлы еңбегімен көрсетіп кеткен еді.
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер тізімі:
Сабыр Шұғыла Арыпқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1 курс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі