Ислам тарихында пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның Меккеден Мәдинаға көшуі «хижрет» деп аталды (м. 622 ж). Мекке мүшріктерінің пайғамбарға және мұсылмандарға қысымы толастамағандықтан, Мекке қаласынан Мәдина қаласына көшуге мәжбүр болды. Мұсылмандар топ-топ болып, кіндік қаны тамған жерлерін, дүние-мүліктерін тастап дін үшін туып-өскен жерін қалдырып Мәдинаға көше бастады.
Пайғамбарымыз да Аллаһу Та’аланың әмірімен Меккеден Мәдинаға қоныс аударды. Мәдина қаласында барша мұсылманның басын қосып, бауырластықта тіршілік кешуін қалаған пайғамбарымыз алғашқы жұмысын «мешіт салудан» бастаған болатын.
Бүгінгі Мәдина қаласындағы «Пайғамбар мешіті» тарихтан мәлім болғандай, Пайғамбарымыздың алейһиссалам түйесі шөккен орынға тұрғызылған. Мәдинаға барғанда Расулуллаһты қонақ ету үшін сахабалар бір-бірімен жарысқан екен. Сонда Пайғамбарымыз: «Түйемнің басын бос қоя беріңдер, Жаратқанның әмірімен өзі бір жерге тоқтайды» деді. Түйе біршама жер жүріп барып, екі жетімге тиесілі бір бос орынға шөкті. Екі жетім бала ардақты сахаба Асад бин Зурараның (радиаллаһу анһ) қамқорлығындағы балалар еді. Пайғамбарымыз да мешітті сол жерге салуды жөн көрді. Аллаһ Елшісі жетім балаларды жанына шақыртып, олардан жерлерін сатып алмақ ниетін білдіреді. Балалар да: «Йа, Расулаллаһ! Біз бұл жерді сізге сыйға тарту етеміз», — деді. Пайғамбарымыз бұған келіспей, жердің ақысы ретінде жетім балаларға он динар берген екен.
Осылайша, Аллаһ Елшісі өзінің әрекетімен мұсылман қоғамын құруда мешіттің рөлі ерекше екенін айқындаған. Бүгінге дейін жеткен мешіттің салынуына Аллаһ Елшісі үлкен күш-жігерін жұмсаған еді. Ислам ғалымдарының айтуынша, «Пайғамбар мешіті» ең мүбәрак үш мешіттің қатарына кіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі