Әмір Темір 34 жасында Бәлх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік Хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты, бұл тарихшылардың айтуынша Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында Орыстар бұл жерлерге жайылып үлкен мемлекет құра алды.
Әмір Темір кейін Анадолыға барды. Алдынан қаша жөнелген екі басқарушы Йылдырым Сұлтан Баязидті паналап, падишахты Әмір Темірге қарсы айдап салды. Ескі Анадолының атақты адамдары да Әмір Темірге барып, оны падишахқа қарсы қойды. Падишах Византия, Трабзон, Алтын Орда, Мысыр және Үндістан мемлекеттерін билеп отырған Әмір Темірді жете бағаламады. Оның елшілерін суық қарсы алды. Алайда Темір тек Анадолының бағыныштылығына ғана қол жеткізіп бара жатқан еді. Абыздар мен уәзірлер падишахқа бейбітшілік құруды кеңес берді. Бірақ Еуропаны тік тұрғызған Сұлтан Баязид артынан соққылайтын адам емес еді. Әмір Темірдің 6000 км жол жүрген 300 мыңдық әскерінде әртүрлі адам бар еді. Анкара маңайында тарихтағы ең үлкен соғыс майдандарының бірі орын алды. Осман әскерлері соншаӘмір Темір әскерлері мен піл жасақтарына қарсы тұра алмады, түп тармырымен жойылып та кетпеді. Никополда жеңген әскердің бұл жеңілісі Еуропадағы басқарушыларға үрей әкеледі. Елшілер жіберіп сыйлықтар береді де, Әмір Темірге достық қарым-қатынастар ұсынады. Мәмлүк Сұлтаны атақты тарихшы қазы Ибн Халдунды Темірге жіберіп Мысырға кірмеуі үшін сұранды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі