Өлең, жыр, ақындар

“Жалын” журналы

Тамырында 50 жылдан астам уақыттың тарихы бар “Жалын журналы” ел-жұрттың рухани болмысын оятқандықтан, бүгінгі таңда оның баспа беттерінің төрінен ойып алар орны айрықша деп қарастыруға болады. Жас таланттылардың журналы “Жалынның” жарыққа шыға бастағанына бүгінгі күні 54 жыл толмақ. “Елу жылда ел жаңа” - деп мақалмен ұштастыратын болсақ, бұл журналға да міне, жарты ғасыр уақыт болыпты. Осы жылдар ішінде әдеби журнал “Жалын” қазақтың рухани әлеміне көптеген үлес қосты. Ал, енді қысқаша ой-толғамды осы төңірекке бұратын боламыз. Журналдың ізгі мұраттарының бірі - құм астында көмулі жатқан жас таланттардың шығуына жағдай жасау, қол ұшын созу болды. Осыған байланысты бір мысал келтірер болсақ, журналдың тұңғыш басылымында Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университеті (қазіргі ҚАЗҰУ) филология факультетінің 3 курс студенті Смағұл Елубаевтың мақалалары мен әңгімелері жарық көрген. Ол кезде небәрі 22 жасар бозжігіттің қаламынан тамған дүниелері еш уақытта шалажансар болған емес. Керісінше, көптен қалмай көшке ілескен, еш кінәратсыз көркем әңгімелер болған көрінеді. Қазіргі таңда сол Смағұл Елубаев деген қаламгерді білмейтін жан баласы жоқ шығар, сірә?

Айта кететін тағы бір жайт, “Жалынның” тұңғыш бас редакторы Өтебай Қанахин деген кісі болған. Оны қалың оқырман қауым “Құдірет”, “Дәмелі”, “Жүрек қалауы”, сынды романдары мен “Тұңғыш махаббат”, “Бақыт бәйшешегі”, “Қарлығаш” атты прозалық жинақтары арқылы есте сақтары сөзсіз.

Сонымен қатар, “Жалын” журналына Оралхан Бөкей де аз үлесін тигізген емес. Оған дәлел, 1969 жылы “Жалынның” шымылдығы алғаш жазушы Оралхан Бөкейдің “Іңкәр” атты повесімен ашылған болатын. Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіне осылайша “Жалын” журналы арқылы алғаш енген еді. Оқырмандарын елең еткізген қаламгердің ешкімге ұқсамайтын дара өнері жұртты өзіне тәнті етіп, содан соң, қазақ әдебиетінің төрінен аққан жұлдыздай жоғаларын біреу сезсе, біреу сезбеген де екен. Оның “Жалынға” қосқан асыл мұралары өшпестей мәңгі тұрары анық.

Келесі кезекті, Мемлекеттік сыйлықтың және Физули атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, “Жалын” журналының 1973-1984 жылдар аралығындағы бас редакторы - Тұманбай Молдағалиевтің “Жалын”журналына арнаған ыстық ықылас сөзімен өрбітсек деймін.

«Мен “Жалын” журналында жұмыс істеген жылдарымды өмірімнің, ақындық тіршілігімнің ең жұлдызды, ең биік жылдары болды деп есептеймін. Сол жылдары “Жалында” қазақ  әдебиетінің алтын қорына қосылған қандай жақсы шығармалары жарық көріп еді  дегенде, есіме көп нәрсе түседі. Мысалға, бүгінгі атақты жазушы Мұхтар Мағауиннің “Бір атаның балалары” атты повесі “Жалынның” жабық бәйгесінде бірінші орын алды. “Жалын” журналы үлкен әдеби журнал болды. Енді, “Жұлдызбен” жарыссын. Әдебиетке үлес боп қосылатын үлкендердің де шығармаларын жарияласын ». - деп сөзін аяқтайды.

Ал, Мұхтар Шахановтың кезеңінде “Жалын” журналы өрісін едәуір кеңейтті. Себебі, онда тек айтылған жайлармен ғана шектеліп қалмай басылымның тақырып аясын үнемі кеңейтіп, өнер, тіл, эстетика, тарих мәселелеріне көп көңіл бөлінді. “Озық үлгі” айдарымен әлем әдебиетінің таңдаулы дүниелерімен аудармалар берілді. Сол кездегі Одаққа әйгілі орыс, украин, беларусь, қырғыз әдебиетінің біраз ақын-жазушылары “Жалынның” бетінде қазақша сөйлеген де екен.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда біз “Жалын” журналына тұңғыш материалдарын жариялаған әрбір ақын-жазушыны қазақ әдебиетінің классигі деп мойындаймыз. Себебі, ол заманның дарынды тұлғалары қазақ әдебиетіне мүлдем басқаша көзқараспен қарап, елден ерек ой ойлайтын, өмірді мүлдем өзгеше жанармен көретін көрнекті тұлғалар болған. Болашақта да не түрлі дарынды тұлғалар пайда болып, осы “Жалын” журналының жалынын сөндірмейді деген үміттемін!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. “ Жалын –25”/ 5. 6. 94 “Қазақстанкаспийшельф” мемлекеттік компаниясы
  2. “ Жалын ” журналы /Алматы 1986
  3. Жалын / 1994

Сабыр Шұғыла
Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультетінің 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар